Мазмұнына сәйкес сурет салу
Тақырыбы: Мазмұнына сәйкес сурет салу
Мақсаты:1.Балаларға бауырсақ ертегісінің мазмұнына сурет салуды үйрету.
2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын,ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Балаларды имандылыққа,білімді болуға,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлердің суреті
Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.
IVМақсат қою
-Балалар бауырсақ ертегісін білеміз ғой?
-Ендеше ондағы түлкі мен бауырсақтың суретін саламыз.
V Жаңа сабақ
Бауырсақ ертегісінің мазмұнын екі-үш оқушыға айтқызу.
Түлкі мен бауырсақтың сөйлесіп тұрған кейпіндегі суретінің ретін түсіндіру.
-Бірінші бауырсақты дөңгелек етіп салып,оны қоңыр түске бояймыз.
-Екінші түлкінің басын,мұрнын,көзін,денесін,құйрығын саламыз.Оны қызыл-сары түске бояймыз.
Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы
Беті-қолды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Ақ көйлегіңді киші
Сабаққа қарай баршы
Орныңа отыршы
Сабағыңды оқышы
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Бауырсақты неден,қалай пісіреді?
-Нан туралы қандай тыйым сөздер,тақпақтар білесіңдер?
-Түлкі қандай болады.
VIIБекіту
Шығармашылық жұмыс: түлкі мен бауырсақтың суретін салып бояйды.
-Бауырсақ ертегісін рөлдерге бөліп ойнату
VIIIБағалау
Жақсы қатысқан баланы мадақтау