Үш ұл
Тақырыбы: Үш ұл
Мақсаты:1.Балаларға ертегіні оқып беріп,мазмұнын айтып беруге үйрету.
2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын,тіл байлығын дамыту.
3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Балалардың суреті
Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.
IVМақсат қою
Балалар біз үш ұл ертегісін өтеміз.
V Жаңа сабақ
Үш ұл: Нұрмаш,Құрмаш,Жалғас
Ертеде Елубай деген адамның Нұрмаш,Құрмаш,Жалғас дейтін үш баласы болыпты.Үшеуі де жалқау, бірінің тілін бірі алмайтын ынтымақсыз қиқарлар екен.Әкесі не шешесі біреуін бір баққа жұмсай қалса: «Менің басым ауырып тұр,Құрмаш барсын»-дейді екен.Ал Құрмаш Жалғасқа сілтеп «Менің ішім ауырып тұр,Жалғас барсын»-дейді екен.Сөйтіп біріне бірі сілтеп,күнді батырады екен.Қыстың аязды бір күнінде Елубай мен әйелі жолаушы жүрмек болады.
-Балаларым біз жол жүріп барамыз,Қарыңдарың ашса,ана қазандағы көжеден құйып ішіңдер.Ертеңгі кеш малды суарып,жем-шөбін беріп,малға қараңдар.
-Балаларына осылай дейді де,Елубай мен әйелі жолаушы жүріп кетеді.Түс кезі болады.Үш баланың қарны ашады.Нұрмаш Құрмашты жұмсайды:
-Құрмаш, қазандағы көжені тегенеге аударып әкелші,ішейік-дейді.
-Мен құя алмаймын,төгіп аламын.Мына Жалғас құйып әкелсін,-дейді Құрмаш.
-Мен тегенені көтере алмаймын,-деп Жалғас ыршып түседі,-өзің құйып әкел.
-Мен немене сен екеуіңе малаймын ба?-деп,Нұрмаш шіренеді.
Сөйтіп үшеуі күн батқанша ерегесіп,аш отырады.Күн батар кезде әбден қарны ашқан соң үшеуі: «Көжені қазанда тұрған күйінде іше берейік »-деп куеліседі.
Сөйтіп үш жалқау қолдарына бір-бір қасық ұстап,қазанға төне түседі.Сөйтсе есік ашық қалған екен.Одан уілдеп аяз соғып тұрады.
-Құрмаш, есікті жауып келші,-деп Нұрмаш Құрмашты жұмсайды.Құрмаш Жалғасқа сілтейді.
-Өздерің неге жаппайсыңдар?-деп Жалғас тіл алмайды.Үшеуі тағы да кергілеседі.
Олай болса,-дейді іштеріңдегі ең үлкені Нұрмаш,-кім бұрын ұрттап қойса,кімде кім бұрын сөйлесе,есікті сол жапсын,-дейді.
-Мақұл ,-деп, бұған үшеуі де келіседі.
Қазанды ортаға алып,үшеуі мелшиеді де отырады.Уақыт өте береді.Үйдің іші суып кетеді.Қазандағы көже мұздап қалады..Бірақ ешкім ләм деп сөйлемейді.Тіс жарса барып есікті жабу керек қой.Осылай безеріп отырған жерлерінде үшеуіде қалжырап құлайды.
Бірнеше күннен кейін олардың әке-шешесі де келеді.Қораға қараса,малға жем-шөп салынбаған ,аштан бүрсең қағып тұр.Үйге келсе, есік ашық,үй іші азынаған аяз.Терезе көзін қырау басып кеткен.Ал үш баласы болса,қолдарында бір-бір қасықтарын ұстаған қалпы қазанның қасында аштан құралып жатыр.
VII Бекіту-Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.
VIIIБағалауЖақсы қатысқан баланы мадақтау