“Алтын дала” сайысы

“Алтын дала” сайысы

Мақсаты:

Балаларды қойған сұрақтарға жауап беріп үйрету. Білімдерін бекіту. Ойын үстінде олардың қазақша сөз қорларын көбейту. Қызықтыру, ынталарын арттыра түсу. Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар: тақтайша,суреттер,эмблемалар,үнтаспа.

Балалар Құрманғазының күйі “Сарыарқамен” сыныпта орналасады.

Мұғалім: — Балалар, сендер қандай ойындар білесіңдер?

(балалар атайды,мысалы: “Мысық пен тышқан”, “Тақия тастау”, т.б.)

Мұғалім: — Сендер көп ойындар біледі екенсіңдер. Ал менің ойыныма қатысқыларың келе ме?

Балалар: —  Иә, қатысқымыз келеді.

Мұғалім: — Жақсы, мен сендерге бүгін жаңа ойын ойнап үйретемін. Алдынан мен сендерді екі топқа бөлемін, Орынға отырамыз. (ойын ережесімен таныстыру) Ойыншыларды бағалайтың жюри сайлау керек.(жюри сайлау)

-Енді ойынды бастауға болады. Бір бала шығып текшені лақтырады (текшенің әр жағында сурет бар: ағаш, алма, қой, бала)

№ 1 тапсырма: АЛМА. Ол туралы не айта аласыңдар?

Балалар алма туралы тақпақ   айтады.

Сырым:   Әне,қызыл алмалар,

Әсем бақтың жұлдызы.

Алма терген балалар,

Албырайды нұр жүзі.

Мұғалім:- балалар, алма көкөніске жатама,әлде жеміске? Алмас бір көкөніс

туралы тақпақ айтып береді.

Алмас: Теңбіл-теңбіл қарбызды,

Тентек Серік жарғызды

Сонан соң оны жеді,

жеді де былай деді:

-Сүйек болмаса,еті, неткен тәтті .

Мұғалім:- Енді балалар, тапсырма: қандай көкөністерді-жемістерді білесіңдер екенің көрсетесіңдер.Алдарында аралас жеміс- көкөністер суреттері жатыр, 1-ші топ жемістерді бөлек қойындар,ал 2-ші топ –көкөністерді.Атандар.

(қызылша, картоп, сәбіз, қияр, бұрыш, шалқан, қырыққабат), (Алма,алмұрт, жүзім,банан,өрік, апельсин,лимон)

 

Көрермендермен ойын “Ұйқасын тап”

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты-      (ЖҮЗІМ)

Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті.

Шағып қара таңдап,

Оның аты-  (ЖАҢҒАҚ)

 

Жапырақты тасалап,

өсетін жері – бақша-бақ.

Күрен қызыл,шіркін-ай,

Оның аты- (ТАҢҚУРАЙ)

 

Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны ұзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты- (ШАБДАЛЫ)

(Балалар жауабын тексеру)

Мұғалім: Өте жақсы. Айтындаршы,осы жеміс-жидектер,көкөністер, астық бізге келу  үшін не істеу керек? (Еңбек жасау керек) дұрыс, барлығы еңбектің арқасында болады екен. Ал, еңбек туралы қандай мақалдар білеміз?

Әмір:         Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болады.

Нуржан:    Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Аяна:        Адам жерге нәр береді,

Жер адамға нан береді.

Мұғалім:  Ойынды әрі қарай жалғастырайық. (Бала шығып текшені лақтырады.)

№ 2 тапсырма: Үй-дала жануарлары. 1-ші топ үй жануарларын топтастырып атап береді, ал 2-ші топ дала жануарларын.

 

  • балалар тапсырманы орындап болғаншы біз көрермендермен ойын өткізіп жіберейік: “Жұмбақтарды шеш”

*Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (ТҮЙЕ)

*Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні. (ҚАСҚЫР)

*Жатып-жатып инелер,

жүгіріп жаныңа тез келер. (КІРПІ)

*Кішкентай бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (ҚОЙ)

(Балалар жауабын тексеру)

Мұғалім:  Тапсырманы өте жақсы жасадыңдар, еді балалар жануарлар туралы тақпақ     айтып береді.

Дамир:     Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді анам “қозым” деп

“Қошақаным — өзің” деп.

Айша:      Айналайын, торпақ,

Бола берме қорқақ.

Тар болып тұр аула,

Тысқа шық та заула.

Мерей:      Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Гүлім:        Піл әдісті біледі,

Тұмсығымен іледі

-піл- көтергіш кран!-деп,

бала біткен күледі.

Мұғалім:  Ал мал жайында қандай мақалдар білеміз?

Жания:    Ел көркі-мал,

Өзен көркі – тал.

Аяна:       Ат-адамның қанаты,

Ас-адамның қуаты.

Муслим: Өрісіне қарап мал өсер,

Өзеніне қарап тау өсер.

Балалармен “Бәйге” ойынды өткізу

Мұғалім:  ойынды жалғастырайық. (Бала шығып текшені лақтырады.)

№ 3 тапсырма: Жыл мезгілдері. Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

1-ші топ ҚЫС,ЖАЗ мезгілдері туралы айтып береді.2-ші топ КӨКТЕ,КҮЗ        туралы айтып береді.

 

(Балалар жауабын тексеру)

  • балалар бізге жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып береді:

Айя:     Берекесін сыйлауға,

өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Аяжан:   Ақ қыс келіп боранды

Аяз айтты зор енді:

Айналаның бәрі де

Ақ көрпемен оранды.

Мирас:   Көктемде,көктемде,

Күн нұрын төккенде

Қар еріп,ақты су,

Жоғары тартты бу.

Даут:      Жазда дала ысып тұр,

Көлеңкені паналап,

Жайнап егін пісіп тұр

Көбелектер ұшып жұр.

Наргиз: Шағала келмей-жаз болмас,

Шаңқай болмай-боз болмас  (шаңқай-яркий,боз-ковыль)

Балалар мен көрермендер арасында ойын өткізу: “ҰШТЫ-ҰШТЫ”

(Бала шығып текшені лақтырады.)

№ 4 тапсырма: Ребустар шешу. Балалар жауабын тексеру.

Мұғалім: Біздің еліміз Қазақстан Республикасы — өте бай,ең құдретті ел.Қоршаған ортаны,табиғатты ,туған өлкенің байлығын біз ұқыптап қарауға, күтуге,көбейтуге  білуіміз керек. Туған жер туралы дана аталарымыз айтқан көп нақыл сөздер бар.

Назира:  Туған жердей – жер болмас,

Туған елдей-ел болмас.

Туған жер-алтын бесік.

Дильбара:    О,алақай, туған жер!

Жақсы-ау, бақша –бауларың!

Көзге ыстық көрінер,

Сенің асқар тауларын.

“Отаным” өлеңімен жарысты аяқтау.