Құстар әлеміне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Құстар әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты: Үй құстары, жабайы құстар туралы түсініктерін шын-
дай түсу.Жабайы құстардың қайда мекендейтінін,
немен қоректенетінін түсіндіру.Құстардың атын
қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету, әңгімелеу дағды-
сын жетілдіріп, тілін дамыту.Құстарды аялауға,
қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсетіп түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері (Қарға,Қарлығаш,Қараторғай)
Сабақтың барысы: — Балалар, бізге қонақтар келіп отыр,қане қонақтармен
амандасайықшы.Сә-ле-мет-сіз-дер-ме! Ал енді балалар қолымызды ұстап
«Қуаныш шеңбер» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.
Құстарға біз барамыз,
Бірге ән де саламыз,
Қуанамыз, күлеміз
Асыр салып ойнаймыз.
- Балалар, жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
- Көктемнің келгенің қалай білдіңдер?
- Күн жылынады,ағаштар бүршік жарады,қар ериді,жер көгереді.
- Иә,дұрыс айтасындар.
- Балалар көктемнің тағы бір ерекшелігі күн жылына бастағанда жылы
жақтан құстар ұшып келеді.Бүгін біз осы құстар әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар қалай ойлайсындар, жабайы құстар қайда өмір сүреді?
- Орманда,далада,тауда
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ендеше балалар, бұл құстар бізге қонаққа келіп тұр.Балалар көзімізді
жұмайық, бір сәт армандап, ойланайық.
- 1,2,3- көзімізді ашамыз
- Демалып, тыныстаймыз
- Қане, келген қонақтарымызбен танысайық.Тақтада ілулі тұрған құстар-
дың суреттеріне назар аударыңдар.
- Мынау қандай құс?
- Бұл қарға
- Оның түсі қандай, көлемі қандай?
- Қара, үлкен
- Ал мынау қандай құс?
- Бұл қарлығаш
- Қарлығаш қандай құс?
- Әдемі, адамға дос, түсі қара-ала
- Ал мынау ше?
- Бұл қараторғай
- Қараторғай қандай құс?
- Кішкентай құс,түсі қара
- Жарайсыңдар балалар.
- Ал енді осы құстар туралы қандай тақпақ, жаңылтпаш білесіңдер?
- Қане, Дамир сен қандай құсты білесің?
- Мен Тотықұс туралы тақпақ білемін
Дамир Тотықұс,тотықұс,
Сөйлейсің бір тоқтамай
Қайталайсың сөзімді,
Әдемісің сен қандай?
- Жарайсың Дамир!
- Ал Айдана сен қандай құс туралы тақпақ білесің
- Мен қарлығаш туралы айтып беремін
С.Айдана Адамның досы қарлығаш,
Қарның ашты білемін.
Тамағыңды берейін,
Ұяңа әкеп себейін.
- Жарайсың Айдана! тақпағын қандай тамаша.
Ал енді кезекті жаңылтпашқа берейік
М.Айдана Аппақ қарға
Қара қарға
Ала қарға
Қонып отыр.
- Жарайсың Айдана!
Тұмар Қара қарға
Ала қарға
Аппақ қарға
Тоңып отыр
— Өте жақсы.
Енді көктем туралы біздің балаларымыз тақпақ айтып береді.
Нұралы Көктем күні шуақты
Көктем күні қуатты
Мал жағалап суатты
Сай- саламен су ақты
Қайнар Көктем күні дүркіреп,
Жаңбыр жауды күркіреп.
Бәйшешектер жайқалып
Шыға келді қыр түлеп.
- Жарайсыңдар балалар!
Балалар біз шаршадық, бәріміз бірге біраз сергіп алайық.
Сергіту сәті: Бір, екі, үш,
Қанат қағып ұш,
Болады сонда сенде күш!
Тосын сый кезеңі: – Балалар, біздің қонақтарымыз жәй келмепті.Ол сендерге жұмбақ жасырып келіп тұр.
Жұмбақтар: Бұдан сұлу құс бар ма
Қанаты қандай ұшқанда
(Аққу)
Сүп- сүйкімді сап-сары,
Балапандайды жүре алмай.
(Балапан)
Түнде тышқан аулайды,
Қараңғыда тыңбайды,
Барлық жерді шарлайды,
Қалай көзі талмайды.
(Үкі)
— Балалар жарайсыңдар, біздің қонақтарымыз сендерге қуанып, рахметтерін
айтып жатыр.
Дидактикалық ойын: «Өз үйлеріне қой»
— Балалар, мынаны қарандаршы үй құстары мен жабайы құстарымыз араласып кетіпті.Ең алдымен мен сендерге «Жаңғалақ бала» туралы әңгіме
айтып берейін.
Жаңғалақ
Бірде жаңғалақ деген бала атасына еріп орманға барады. Атасы жолда құс-
тармен таныстырып әр құстың қалай сайрайтынын айтып береді. Ертеңінде
Жаңғалақ достарына бәрін шатастырып айтып беріпті. Қазір бізде көрейік, біздің арамызда жаңғалақ бар ма екенін. Ортаға екі баладан шығып үстелдің үстінде жатқан құстардын суреттерін алып, тиісті үйіне қойып шығады. Яғни жабайы құстар мен үй құстарын бөлу.
Қорытынды бөлім: –Балалар, біз сендермен қандай құстармен таныстық?
- Қарлығашпен, Қараторғай, Қарғамен таныстық.
- Қандай үй құстарын білесіңдер?
- Тауық, Әтеш, Үйрек, Қазды білеміз.
- Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
- Иә, ұнады.
- Балалар, сендерге біздің құстарымыз алғыстарын білдіріп суреттерін беріп жіберді.
- Ендеше «Жүректен жүрекке» шеңберін құрып құстарымызға алғысымызды білдірейік.
Қамқоршы боп жүреміз,
Табиғатқа, құстарға.
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз.
— Рахмет сендерге, сау болыңыздар!