Қош бол даярлық!
Тақырыбы: Қош бол даярлық!
Мақсаты:
- Білімділік: Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау.
- Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.
- Тәрбиелік: Өзінен үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Тәрбиеші:Құрметті ата- аналар, қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобында алғашқы түлектері өмірге араласпақшы. Бұлар көкбайрағын желбіретіп, ән- әнұранын асқақтатын Еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі той иелерін, мектепалды даярлық тобында алғашқа түлектерін ортаға шақырайық.(Балалар ортаға кіреді.)
Ән: Әнұран
Тәрбиеші: Өсті ақыл- ойларын,
Өсті міне бойларын.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Нұрәлі : Тоқта біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ертең өсіп толамыз
Білімді адам боламыз
Даниель: Үйреттіңіз әріпті,
Мектепте қиналмасын деп.
Айтқаныңызды бәрі ұқты,
Көрсетер пайдасын деп
Анара: Көрсетіп әр кез әр қылық
Жай жүрмей аунап қарғыдық
Еркелігіміз көтерген
Кезгіңіз есте мәңгілік
Шыңғыс:Бұл екінші үйіміз,
Бір туғандай бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз
Тәрбиеші: Әндетейік, жырлайық
Биден шашу шашайық, келесі кезекте
Би: Бара бара, бере бере
Тәрбиеші:Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Индира: Қыс, көктем, жаз, күз деген
Мезгілде бір боп бізбенен,
Көрінбей қалсақ біреуміз.
Кезіңіз көп іздеген.
Самат: Әр ненің білдік мәнісін
Сыртын қойып және ішін
Айтамыз сізге мың алғыс,
Осылардың бәрі үшін.
Диана: Мейрімге әр кез бөлеген.
Есте үлгі өнеге
Сінді бойға тәрбиең
Көрінтер ылғи сөреден
Бахтияр: Айтасыз қызық ертегі,
Мейіріміңіздің жоқ шегі.
Таныстарыңыз біздерді
Кең байтақ туған өлкем
Ән: Достық
Адина: Қағазға сурет салдырып
Қарайсыз көзді талдырып
Жақсы ісімізді мақтайсыз
Ата -ананы таң қалдырып
Иса: Қош бол, ойыншықтарым
Жасырып кейде тыққаным
Кеткенде кешке қоштасып
Келгенде алдан шыққаным
Гүлден: Үйреттіңіз әр кезде
Тәртіпті таза жүруді
Үлкенді сыйлап, кішіге,
Көмектесіп тұруды.
Санжар: Менде кітап аламыз
Менде оқуға барамын
Жаман бала дегізбей,
Жаксы оқитын боламын.
Тәрбиеші: Әніміз қандай әдемі
Биіміз қандай әдемі
Біз бақытты балдырған
Көркейткен сонау әлемді,- деп кезекті әсем биге береміз.
Би: Вальс
Амина: Ажырамас жігіміз
Жазылмас деуші екі жұбымыз
Кешір мектебіміз
Болса тентегіміз
Айганым: Өзіңнен көп дос таптым,
Бауыр баса бастаппын
Тәрбиешім мейірбан
Келмей тұр енді қоштасқым
Аслан: Үйреттіңіз санды да
Келер деп әлі-ақ алдында
Келешегімізді ойлап біздерге
Үйретпегеніңіз қалдыма?
Ән: Қоштасу
Жасмина: Сурет кітапшаларым
Ермекке са жарадың
Бейнелерге боялған
Қолға алып сан қарадым
Назар:Мектеп тосты бізді алды,
Сендерде енді бос қалма
Тапсырдық жаңа келетін
Іні, қарындастарға
«Оркестор»
Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Олай болса, тентек болмауға, сабақта жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер.
Бәрі: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
Диплом тарату
Мектепалды даярлық тобының слайды
Ән: Әже жүрші мектепке
Келесі сөзді: Ата —аналарға беріледі.
Қорытынды:Білім ошағы мектеп. Білім теңіз, мектеп кеме. Бүгін тарыдай болғанмен, ертең ақ таудай болып мына мектепті бітірсеңдер. Білім мен өнер жиып, үлкен азамат боласыңдар. Жол ашқан бүлдіршіндеріміз даярлықпен қоштасып, 1 — сынып қадам басқалы отыр. Қадамдары құтты болсын деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.