« Білім биржасы » зияткерлік ойыны

Білім  биржасы »  зияткерлік  ойыны

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттыру, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдету,  зияткерлік  қабілетін  дамыту.

Міндеттері: 1. Білімділік. Оқушылардың  үш  тілде  меңгерген   білімдерін қорытып, іс жүзінде  пайдалану дағдыларын жетілдіру, білімдерін  тиянақтау.

  1. Дамытушылық. Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілетін  арттырып, тіл  байлығын  молайтып, өз ойын  еркін, нақты және жүйелі  түрде  жеткізу  қабілетін  дамыту.
  2. Тәрбиелік. Оқушыларды  заман  талабына  сай  алған білімдері арқылы  зияткерлікке ,  жауапкершілікке,ұлтжандылыққа, ұқыптылыққа, өзгенің ойымен санасу  арқылы  ынтымақтыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: күміс қобдиша, «Ұлы тұлғалар  галереясына» ұсынылған  портрет, әр  түрлі  купюрадағы «эвролар» («эврика»  сөзінен  шыққан  зияткерлік  ақша  бірлігі).

Тех.құрал:компьютер, проектор, микрофон,жылжымалы  экран.

Бағдарламалық  жабдық: MS PowerPoint-та  жасалған слайдтар, MS Excel-де жасалған  бағалау  парағы.

Сабақтың  құрылымы:

Ойынға 6 адамнан  тұратын  3  топ  қатысады.Ойын  4  турдан  тұрады.

І тур. Білім  аукционы.  Экономикалық  ойынның  шартымен  оқушыларға  6  сұрақ  қойылады. Дұрыс  жауап  беру  арқылы  топ  өз  ақша  қорын  жинайды.

ІІ  тур . Эрудиттер  сайысы.  Топтар  оқу  бағдарламасынан  негізгі  ереже мен  түсініктерді  білу  бойынша  сайысады.

ІІІ тур.  Таңдау-табыс. Әрбір  топ  таңдаған  пәні  бойынша  берілген  тапсырманы  орындайды.

ІҮ тур. Сыйлықтар  аукционы. Топтар  жинаған  ақша  қорын  сыйлықтарға  айырбастайды.

Сабақтың барысы:

  1. Әділқазылар мүшелерін сайлау.
  2. Әр топ өз аты және  ұранымен  таныстырады.

«Болашақ» дарындылар тобы: « Болашақтың  ұрпағымыз білімді,

                                                        Сайыста көрсетпекпіз мектепте  алған  білімді »

«Эврика» тапқырлар тобы : « Тапқырлық  таныту мақсатымыз,

                                                       Білімнен  шықсын  тек  жақсы  атымыз ».

«Асыл тас» білгірлер тобы: « Асыл тастан  шығады  ұранымыз,

                                                     Мектептің  көкке  шырқар  қыранымыз».

  1. Көрермендермен ойын.Сауда айналымындағы купюралар туралы түсініктерін білу.

Зияткерлік- еңбектің  нәтижелеріне  айрықша  меншік.

Лот- ақша  тігілетін  ойын

Эврика-адам ойына  жаңа  идея келген  кезде  адамның  қуаныш  сезімін  білдіретін  грек  сөзі «таптым-таптым»

Биржа— сауда

1.Қазақстан  Ұлттық  энциклопедиясы

2.Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі.

— Біздің  елімізде  қандай  ақша  бірлігі  қолданылады ?

— Әлемдегі  айналымда  тағы  қандай  ақша  бірлігі  бар ?

—Эвро дегеніміз  эврика  деген  сөзден  шыққан. Европа  елдеріне  ортақ  ақша.

  1. Кіріспе. «Адам байлығының  ішіндегі  ең тамашасы- білім» деп  шығыс  ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бирони  айтқанындай  білім  байлығы  саудаға  түсер аукцион шартымен  танысып, сайысты бастаймыз.Аукционда  сауда  « эврика» сөзінен алынған « эвро» атты ақша бірлігімен  жүргізіледі. Әр топтың  қорында  50 эвродан  бар, бұл – бастапқы  капитал. Өз  капиталыңды  көбейту  — өз қолыңда.

Аукционға  оқу  пәндері  қойылады. Пән  бойынша  сұрақтың  бастапқы  бағасы-10 эвро. Топ  капитаны  бағаны  10 эвродан  жоғарлата алады. Ең  жоғары  баға ұсынылған соң  сұрақ  оқылыды. Егер  дұрыс  жауап  айтылса,  баға  құны  сол  топқа  беріледі, ал  қате  жауап  айтылса, онда топ  өз капиталынан сол ақшаны  қайтарады .Ескерту: егер топ  қорында  бар  барлық  сомаға  сұрақ  сатып  алып  қателессе, онда банкрот, ол  топ  аукционға  қатыса  алмайды.

І тур. Білім  аукционы.  Экономикалық  ойынның  шартымен  оқушыларға  6  сұрақ  қойылады. Дұрыс  жауап  беру  арқылы  топ  өз  ақша  қорын  жинайды.

Аукциоңға қойылған

№1 лот. Дүниетану  пәні  бойынша.

Сауданы  бастаймыз.Бастапқы  баға -10  эвро.Қай  топ  жоғары  баға  береді?

….. тобы  бір, ….. тобы  екі,…… тобы  үш. Сатылды!Дұрыс  жауап  берген  жағдайда  топ  өз  қорына….. эвро  қосады.

Сұрақ. Суреттегі  заттар  қандай  пайдалы  қазбалардан  жасалған ?101- бет  жаңа  кітапта(слайд)

 

 

№2 лот. Математика пәні  бойынша.(Сауда  жүргізіледі)

Сұрақ.Өзен  жағасындағы  5 литрлік бидон және  3 литрлік  банкымен 4 литр суды  қалай  құйып алуға  болады?

№3 лот. Ана  тілі  пәні  бойынша.(Сауда  жүргізіледі)

Ұлы  тұлғалар  галереясы

Сұрақ.  Сіздердің  назарларыңызға(проектр арқылы экраннан көрсетіледі)  ұсынылып отырған  « Ұлы  тұлға- бала би» деген  атақтан дана би  деген атаққа ие  болған,  жоңғар  шапқыншылық  кезінде  қазақ  халқының  атынан  елшілікке  жіберілген  . Ол  атақты  адамның  елшілікке  барғандағы  сөздері  бізге  жеткен  .Яғни,  « Біз қазақ деген  мал  баққан  елміз, бірақ  ешкімге  соқтықпай  жай  жатқан  елміз.Елімізден  құт-  береке  қашпасын деп, жеріміздің  шетін  жау  баспасын  деп  ,найзаға  үкі  таққан  елміз. Атадан  ұл  туса  ,құл болам  деп  тумайды,  анадан  қыз  туса, күң  болам  деп  тумайды. Ұл мен қызды  қаматып  отыра  алмайтын  елміз.» Бұл Ұлы  адам  кім? (Қазбек би)

№4 лот. Орыс тілі  пәні  бойынша.(Сауда  жүргізіледі)

Сұрақ.Прочитайте  пословицы. Объясните  их смысл.
Человек без родины- соловей без леса.
Сильный победит  одного — учёный тысячу.
 

№5 лот. Ағылшын тілі  пәні  бойынша.(Сауда  жүргізіледі)

Сұрақ.Сөздерді  көпше  түрде  жаз.

a  pen-  pens

a  dog- dogs

a  pensil-   pensils

a  monkey- monkeys

a  kitten- kittens

 

№6 лот. Қазақ тілі  пәні  бойынша.(Сауда  жүргізіледі)

Сұрақ.Бірінші  сөзі- көп  сөзіне  қарама-қарсы  сөз, екінші  сөзі- сөйлемнің  ең  кішкентай  бөлшегі, үшінші  сөзі- қымбат  металл  аты  болып  келетін  қай  мақал? Мағынасын  түсіндір.

Осы І тур  аяқталған соң  қорытындысы  экраннан  көрсетіледі.Жоғары  капитал  жинаған  топ…..

 

ІІ  тур . Эрудиттер  сайысы.  Әр  топқа  берілген  сұрақтар саны  20 . Әрбір  дұрыс  жауап  құны  -10 эвро.Сұрақтың  жауабын  білмеген  жағдайда «  келесі»  деп айту  сұралады.

 

1-топқа  арналған  сұрақтар:

1.ҚР Мемлекеттік  Туының  авторы  кім? (Ниязбеков)

2.Қазақстан  жер  көлемі  жағынан  әлемде  нешінші  орын  алады?  (9)

3.Қазақстанның  тәуелсіздік  күні? (16-желтоқсан)

4.1 километрде  неше метр  бар?(1000 метр)

  1. Күннің  шығып, одан  соң  батып, ертесі  қайтадан  шыққанға  дейінгі  аралық  қалай  аталады?( тәулік)

6.Көбелек, қоңыз, инелік,  шыбын-шіркейді  бір  сөзбен  не  дейді?(жәндіктер)

7.Ұя  салмайтын  құс?(көкек)

  1. «Д» қандай дыбыс? (дауыссыз , ұяң)
  2. Суыққа ең төзімді  құстар? (қаз бен  үйрек)
  3. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе,  Жер  үлкен бе?(Жер)

11.Дүниежүзіндегі  ең  үлкен  мұхит?(Тынық)

12.Жел бағытын анықтайтын  құрал не ? (желбағар)

  1. Сколько чисел в русском языке ?(единствен, множеств)
  2. «й» -это гласный или  согласный  звук ?(согласный)
  3. 7 2 – қанша?(49)

16 Ең  кіші  төрт  таңбалы  сан (1000)

17 .Басты  байлық не ? (денсаулық)

  1. Мемлекеттік тіл қай  тіл? (қазақ тілі)

19 Әке – сөзінің ағылшынша  аудармасы (a father

20 . дәптер-сөзінің ағылшынша  аудармасы (copy book)

 

№ 2-топқа  арналған  сұрақтар.

  1. Жандарбек Мәлібекұлы және  Шот-Аман  Уәлихан  ҚР- ның  қай  рәміздің  авторлары? (Елтаңба)
  2. Әріптердің рет-ретімен тізілген  жиыны (алфавит,әліпби)
  3. Сөзді жазған кездегі  оның  жолға  сыймай  қалған бөлігін  келесі  жолға  көшіру  қалай  аталады?(тасымал)
  4. Басқа тілден енген  сөздер(кірме  сөздер)
  5. 1 сағатта неше  минут  бар ?(60 минут)
  6. Ағылшын әліпбиінде неше дыбыс  бар ?(44 дыбыс)
  7. Қазақстанның Тәуелсіздік күні ? (16 желтоқсан)
  8. Киіктің төлін қалай атайды ? (құралай)
  9. Тұмсығы ұзын жануар (піл)
  10. Дүниежүзіндегі ең ұзын  өзен (Ніл)
  11. Натурал сандар нешеден  басталады? (1-ден)
  12. 33— қанша?(27)

13.Ең  үлкен  үш  таңбалы  сан (999)

14 .Тұрлаулы  мүшелерді  ата(  бастауыш, баяндауыш)

  1. Абайдың әжесі кім? (Зере)
  2. Еңбек етпеген ……..(ішіп — жемейді)
  3. Сколько в русском языке  гласных ?(10)
  4. Какие буквы не обазначают  звуков ?(ъ,ь)

19.мұғалім- сөзінің ағылшынша  аудармасы( a teacher)

  1. кітап- сөзінің ағылшынша аудармасы ( a book)

 

 

 

 

№3 тонқа  арналған  сұрақтар.

1.ҚР -ның жаңа Әнұранының  авторы  кім? (Назарбаев.Нәжмеденов)

  1. Қазақ тіліне тән  әріптер  саны  нешеу? (9)
  2. Алфавитте неше әріп  бар?(42)
  3. 1 тәулікте неше сағат  бар? (24)
  4. Әліппенің атасы кім?( А.Байтұрсынов)

6.Ағылшын әліпбиіндегі  әріптер  саны? (26)

7.Аққудың  төлін  қалай  атайды?(көгілдір)

  1. Шөлге төзімді жануар(түйе)
  2. Құлағы аяғында болатын  жәндік (шегіртке)
  3. Қай айда 28  күн  бар?(барлық)

11.Тұрлаусыз  мүшелерді  ата(анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)

  1. Сколько в русском языке согласных ?(21)
  2. Сколько в русском языке букв ?(33)
  3. Сөздің өзгермейтін мағыналы  бөлігі -….  (түбір)
  4. «Абай жолы» романының авторы  кім ? (М.О.Әуезов)
  5. Текше көлемінің өлшем  бірлігі-…..  (см3)
  6. Өнерлінің қолы— …… (алтын)
  7. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы  лауазымды  тұлға кім ? (президент)
  8. Ақ алтын не ? (мақта)
  9. қалам- сөзінің ағылшынша аудармасы( pen)

21 . оқушы  — сөзінің ағылшынша  аудармасы(a pupil)

ІІ тур  қорытындысын  экраннан  көре  аласыздар

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тур. » Таңдау-табыс».  Әрбір  топ  таңдаған  пәні  бойынша  берілген  тапсырманы  орындайды.  Сұрақ  құны — 50 эвро.

Таңдауды  капиталы  аз  топ  бастайды.

 

Сұрақ.Қазақ тілі

Оңға  қарай  оқысаң,-мал  аты , солға  қарай  оқысаң ,- адам  денесіндегі  таңба.  Ол  қандай  сөз ?

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      Сұрақ.   Орыс  тілі

Отгадайте  загадку.

Через поле и лесок

Подаётся  голосок .

Он бежит по проводам —

Скажешь здесь ,

А слышно  там .

 

Сұрақ .Математика

Бөрененің ұзындығы  120  см  .Оның үштен бір  бөлігін  кесіп  тастады.

Қалған  бөлігінің ұзындығы  қанша?

Жауабы: 120*1/3=40

120см-40см=80см

 

Сұрақ Дүниетану.

Алдарыңыздағы  тарихи-мәдени  ескерткіштің  салынғанына  600  жылдан  астам  уақыт  болды. Ұзындығы  60  метр, ені 45  метрден  астам,  биіктігі  40  метрге  жуық.  Онда  түрлі  мақсатқа пайдаланылатын  35  бөлме  бар.Оның  айналасына  қазақтың  хандары  мен  басқа да  белгілі  адамдары  жерленген.Бұл  қай  ескерткіш  және  Қазақстанның  қай  жерінде  орналасқан ?

Жауабы:  Қожа Ахмет Йассауи  кесенесі. Түркістан  қаласы.

 

 

Сұрақ. Ағылшын  тілі

Есепті  ағылшын  тілінде  сөйлеп   шығар

2+1=                   4+6=                 7-2=                10-9=

Two  plus  one  is   three             seven  minus   two  is      f ive

 

 

Сұрақ  Ана тілі

Сипаттау  мәтінін  құрастыр.

 

Эксперттер  тур  қорытындысын  бағалайды

 

 

ІҮ тур. Сыйлықтар  аукционы. Топтар  жинаған  ақша  қорын  сыйлықтарға  айырбастайды. Әр  лотта  жұмбақ  жасырылған, жұмбақтың  жауабы  дұрыс  болса — сыйлық сіздікі. Бастапқы  баға- 30  эвро. Кім  жоғары  баға  ұсынады? (60-ға дейін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 лот.

Тілі бар, үні  жоқ,

Өзін  адам  түсінген.

Жүрегі  бар  да, қаны  жоқ,

Сөйлеп  тұрған ішінен.                     (кітап)

№5 лот.

Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр  бойында

(сызғыш)

№2 лот.

Он екі ақ парақ,

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған  тақталап.                      (дәптер)

№6 лот.

Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен  тұмсығынан  өледі.

(қарындаш)

№3 лот.

Ол оқушы  құралы,

Қатеңді  түзетіп  тұрады .             (өшіргіш)

№7 лот.

Күн-күн сайын  жыртылдақ,

Өміріміз бір жылдық.                 (күнтізбе)

№4 лот.

Тебеннің  ұшы  түйір,

Аяғы біреу қолы  жоқ,

Шиыр-шиыр  жолы  көп.

Өзі  сөйлей  білмейді,

Салған  ізі  сөйлейді.                       (қалам)

№8 лот.

Бірге барып сыныпқа,

Бірге үйіне қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады.

(күнделік)

 

Соңғы  сөз  эксперттерге  беріліп, марапаттау рәсімі  өткізіледі.