Өткен сабақты қайталай отырып, бекіту.

Сабақтың тақырыбы: Өткен сабақты қайталай отырып, бекіту.

Сабақтың мақсаты:

1.Балардың жыл бойы алған білімдерін жетілдіру, пысықтай түсу.

2.Есептер шығару, сандарды салыстыру, қосу азайту амалдарын орындату, геометриялық фигураларды ажырату.

3.Жыл мезгілдерін, апта күндерін, ай аттарын айыра білу.

4.Шығармашылық зейіндерін дамыту.Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тәртіптілікке, құстарды сүюге, қорғауға  тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабағы.

Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, әңгімелеу, көрнекілік, ойын, мадақтау.

Көрнекілігі: кеспе сандар қатары, геометриялық фигуралар, құстардың суреті, ағаштың суреті, оқулық,сыйлыққа күннің көзі бала санына, сандық.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау.Назарларын сабаққа аудару.

— Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, себебі бізге сабаққа қонақтар келіп отыр.Ендеше орнымыздан тұрып, қонақтармен амандасайық.Сабаққа жақсы қатысып, тәртіпті болайық.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемнен кейін ,қай жыл мезгілі? Қыстан кейін ше? Күзден кейін?

— Жыл мезгілдері нешеу?

— Апта күндері? Қай күндері дем аламыз? Неше күн оқимыз? Қай күндері?

— Бір жылда неше ай бар? Күз айларын атаймыз? қыс, көктем, жаз?

— Қазір қай ай?

  1. Жаңа сабақ.

а ) Кіріспе бөлім.

— Балалар, сендер математика сабағынан не үйрендіңдер?.

— Бүгін бізге  Тапқышбек білімдеріңді тексеруге , құстардан бірнеше хат  беріп жіберіпті,ол құстар  мына сандықтың ішінде екен, ендеше  Тапқышбекті ренжітпей  тапсырмасын орындап көрейік. Сандықты ашып, ішінен кішкентай сандықты алып көрсету. Сендерге сыйлығы да бар екен. Бұл сандықтағы  сыйлықтар, кім сабаққа жақсы қатысады, кім өзін жақсы жағынан көрсетеді, сол  балаларға беріледі. Ал, онда Тапқышбекті ренжітпей, тапсырмасын орындайық. Бір құстың  суретін алып көрсету.

Сандық, оның ішінен бір – бірден құстарды шығарып,қандай құс келгенін сұраймын,  әр құстың тапсырмасын оқып отырамын.

б ) Негізгі бөлім.

1 — тапсырма

Мынау қандай құс ұшып келді? (тоқылдақ)Тапсырмасын қарайық.

  • Тоқылдақты қандай құс дейміз?(орман дәрігері)Неліктен?
  • Балалар,тоқылдақтың тапсырмасында, ағашқа құрт түсіпті, өзі үлкен екен, соны тазалауға көмек сұрайды.
  • Ендеше көмектесейік.
  • Тоқылдақты  ағашқа отырғызайық. Алыстан ұшып келді.

1-ден 10-ға дейін құрттарды жинау. (Тақтаға бір –бірден шығып, қою.)

3-4 балаға 10 -20 тура, кері санату.

-Тоқылдақ сендерге қуанып қалды, сендер оның тапсырмасын түгел орындадыңдар.

2 – тапсырма.

Келесі қандай құс? Торғай.

  • Торғайды да ағашқа апарып қондырайық.
  • Бір таңбалы сандарды және екі таңбалы сандарды ата.

Ойын: «Көршісін ата» . Берілген сандарды атап,  көршілерін  атау.

2,4,7,8,5,11,14,17,19.

Мен санды көрсетемін. Ал сендер сол санды атап көршісін айтасыңдар.

  • Торғайда сендерге риза болды.

3 – тапсырма.

Келесі қандай құс?(сауысқан)

  • Сауысқан туралы не білеміз?(Үйге келіп қонса, қонақ келеді.Халық болжамы)
  • Сауысқан да достарына қасына барсын.

Сауысқанның тапсырмасы есептердің шешуін табыңдар дейді.

«Бұтақта үш  торғай отыр еді,оған үш торғай келіп қосылды.Неше торғай болды?»(6)

«Менде бес алма бар еді, оның екеуін Әлімге бердім.Неше алма қалды?(3)

4 – тапсырма.

  • Қандай құс ұшып келді?(Үкі)
  • Үкінің көзі түнде жанады екен.Көздері қандай?(Дөңгелек)
  • Үкіде ағашқа барайын,дейді.
  • Онға дейін санайтын сергіту сәтін білесіңдер ме?

Бір дегенім – бесік.

Екі дегенім –есік.

Үш дегенім –үйің.

Төрт дегенім — тиын

Бес дегенім –бақша.

Алты дегенім – ақша.

Жеті дегенім желке.

Сегіз дегенім – серке.

Тоғыз дегенім – таңдай.

Оқушысың қандай?

Он дегенім – орман.

Еліңе бол қорған.

  • Үкіге санамақтарың ұнады,өйткені көңілді отыр.

 

5 – тапсырма

—   Қандай құс ұшп қонды, ағашқа?(Қарлығаш)

 

1.Карточкадағы тарпсырманы орындау.Салыстыру үлкен ,кіші, тең таңбаларын қою керек.

  1. Карточкадағы тапсырма.Қосу, азайту таңбаларын қою керек.

— Қарлығаш сендермен  жаттығу жасағысы келеді, қанаты талып қалыпты.

— Саусаққа арналған сергіту сәті.

 

Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда,

Болады мнеде он саусақ.

6 – тапсырма.

  • Тағы бір құс ұшып келді.Қандай құс? (Бүркіт)
  • Бүркіттің суретін қайда көрдік? (Туда)
  • Бүркіт қандай құс?(Б-ң жауабы)

Бүркіттің  тапсырмасы, геометриялық пішіндерді ажырат.

Үстелде жатқан пішіндердің біреуін алып, көрсетіп, таныстырып,тақтаға ағашқа  апарып іледі.

– Балалар, осы пішіндерден не шықты? Бұл ұя, құстарға, берген сыйлығымыз,оларға бізге  көмектескені үшін.Құстарды әрқашан қорғау керекпіз,оларды ренжітпеу керек.

-Ал, торғай, қарлығаш, сауысқан, үкі , бүркіт бәрін бір сөзбен не деп айтамыз?(Құстар)

— Дұрыс, құстар дейміз, жарайсыңдар балалар.

— Құстар да сендерге қуанып қалды, сендер олардың барлық тапсырмаларын орындадыңдар.

Қорытынды.

  • Балалар,бүгін сабаққа жақсы қатысып, тәртіптерін де жақсы көрсеттіңдер.
  • Ендеше сендерге , сабаққа жақсы қатысқан балаларға Тапқышбектің сыйлығын тапсырайын.
  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, Тапқышбек, құстар бізге риза болды ма?

(балалардың жауабы)

  • Енді қонақтармен орнымыздан тұрып қоштасайық.