П п дыбысы және әрпі
Бөлімі: Сауат ашуға және жазуға дайындық
Тақырыбы: П пдыбысы және әрпі
Мақсаты: П п дыбысы және әрпімен таныстыру.Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:
Іс-әрекет түрлері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті | Ескерту |
Себепті- оятушы | Сәлемдесу. П п дыбысы қалай айтылады? Созылып айтыла ма әлде қысқа айтыла ма?
Қандай дыбыс? Қай үйшікке орналастырамыз? | Сәлемдесу Ерінменен,еріннің бірігуі,қосылуы арқылы айтылады. Қысқа айтылады. Дауыссыз. Көк үйшікке орналастырамыз. | |
Ұйымдастырылып негізделген
| Піл, балапан, доп. (Түсінік беру) Сөздерді буынғы бөлгізу. П п дыбыс сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Сөздерді хорменен оқу. П п дыбысын ауада жазу.
| Піл(1-буын) Сөздің басында келеді. Балапан(ба-ла-пан,3-буын) Сөздің ортасында келеді. Доп(1-буын) Соңында келеді. Сөздерді хорменен оқу. П п дыбысын дәптерге жазу. |
|
Рефлексті түзеткіші | «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнаймыз.
Сөздерді тексереміз (Слайдтан тексеру) Ата Атта Тап Апа Атпа | Ата Атта Тап Апа Атпа
(Текшелермен жазу) |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Пп дыбысы кездесетін сөздерді оқи алады және текшемен жаза біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Піл, балапан, доп туралы түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөздерді буынға бөле біледі, текшелермен жаза біледі.