Оң жақ,сол жақ,алды,артын ажыратып айту.

Тақырыбы: Оң жақ,сол жақ,алды,артын ажыратып айту.

Мақсаты:1.Балаларға оң жақ,сол жақ,алды,артын ажыратып айтуды үйрету.

2.Балалардың сана-сезімін, логикалық ойлауын,ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды сурет

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

 

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

 

IVМақсат қою

Балаларға оң жақ,сол жақ,алды,артын ажыратып айтуды үйренетіндерін ескерту.

V Жаңа сабақ

— Шыны аяқ саптыаяқтан жоғары,бірақ құмырадан төмен орналасқан суретті көрсет.

-Көжектің қай суретте доптан алыс,машинаға жақын тұрғанын көрсет.

-Жетпей тұрған пішінді сал.

-Арманның оң және сол жағына,алдымен артына орналасқан  ойыншықтарды ата.

 

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

 

VI Пысықтау

Салған суреттерді бояу.

VIIБекіту

-Сыныптың ішінің оң жағында не орналасқан?

-Сол жағында  не орналасқан?

-Төменде ше?

-Жоғарыда ше?

VIIIБағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау