Білімді тиянақтау.

 

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі сабақ арқылы балалардың алған білімдерін    тереңдетіп, тиянақтау;

                                    2.Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін ойын қорытып айта білуін, яғни жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту;

  1.                            Ұжымдық  бірлесіп жұмыс жасай білуге, тапқырлыққа жылдамдыққа қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  суреттер, көрнекі жасалған тапсырмалар, гүлдер, слайдтар.

Сабақтың түрі:  Ертегі сабақ.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс. Жеке жұмыс.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, біздің  бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болады, себебі бүгін біз ертегі сабағы бойынша тапсырмалар орындаймыз.

Сабақ бастамас бұрын бүгінгі көңіл-күйіміз жақсы болу үшін, бір-бірімізге сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтайық.

  1. Кіріспе бөлім:

-Балалар, біз көркем әдебиет сабағынан қандай ертегілер оқып едік?  (ертегілердің аты айтылады).-Енді біз бауырсақ ертегісін еске түсірейік. Тек бұл жолы сендердің бауырсаққа көмектерің қажет. Бүгін біз бауырсаққа көмектесіп, оны түлкіден аман алып қалайық. Ол үшін бізге қоян, қасқыр, аю, түлкі бауырсаққа  тапсырма береді, сол тапсырманы орындасаңдар ғана бауырсақ  сол аңдардан құтылатын болады.

-Балалар  бауырсаққа көмектескілерің келе ма? Ал ендеше бәріміз бауырсаққа берген тапсырманы орындауға тырысайық.

III. Жаңа сабақ

— Ертегінің мазмұнын айтқызу ( қоянға кездескенге дейін).  Бауырсақ домалап шығатын кезінде, бауырсақтың киімін киіп бір оқушы шығады.

Ол әндетіп келе жатып  қоянның киімін киген оқушыға жолығады. Қоян бауырсақты жеп қоятынын айтады, ал  бауырсақ жемеші деп жалынады. Сонда қоян мына тапсырманы орындасаң жіберемін дейді.

Қоянның тапсырмасы.

1 Бауырсаққа берілген  тапсырма.

0-10-ға дейін тура және кері сана.

2-ші тапсырма (жалпы) 

 

 

 

 

 

(Қоянның тапсырмасын орындап бауырсақ  әрі қарай жүре береді.)

Балалар бауырсақ қоянның берген тапсырмасын қателеспей орындады, сендерде тапсырманы жаңылмай оряндадыңдар, бауырсақ аман қалды.

— Балалар ертегі бойынша келесі бауырсаққа кездесетін кім еді?  (Қасқыр)

Келесі тапсырманы қасқыр береді.

1 Бауырсаққа берілген  тапсырма.

0-10 дейін екі сан аттап тура және кері санау.  

 

  1. тапсырма (жалпы) дәптермен жұмыс.                                 3-ші тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл тапсырмада оқушылар дәптерге сурет бойынша есеп құрастырып жазады.

5+1=6

6-1=5

Сергіту сәті.Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр

Артқа қарай бір адым,

Алға қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Аюдың тапсырмасы.

  1. Бауырсаққа берілген тапсырма.

 

2-ші тапсырма.  (топтық тапсырма

Балалар сендердің көмектеріңнің арқасында түлкі бауырсақты жей алмады.  Себебі түлкінің тапсырмасын бауырсақ  пен бірге  дұрыс орындап шықтық.

  1. Қорытынды кезеңі.  Балалар  егер сендер ұйымшыл, қайырымды болсаңдар әрқашан жеңіске, жетістікке жетесіңдер. Сендер бүгін ертегіні өз қалауларың бойынша аяқтап отырсыңдар.Бәрің бауырсақ қу түлкіге жем болмай аман қалуын тіледіңдер, әрі өздерің қөмектестіңдер, сөйтіп бауырсақты түлкіден құтқарып қалдыңдар.
  2. Мадақтау.

Бүгінгі сабақ сендерге  ұнады ма? Бүгін бәрің сабаққа өте жақсы, белсенді қатыстыңдар, Буырсақ сендерге өте риза болғандықтан алғысын айтып, сыйлыққа гүл беріп жіберді.

Әр оқушыға беріледі.