«Қош келдің көңілді қыс»

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттертүрлері: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Қош келдің көңілді қыс»

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру.Қыстың ерекшіліктерімен қызықтыра білу.Балаларды ойын арқылыжан –жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш, ептілік сияқты қимыл қозғалыстарынарттыру.

Көрнектілігі: Қыстың макеті, аю, қағаздан жасалған төбеге жапыстылған ұлпақар,жаңғақтар,себет.

ҰОІӘ өткізілуі.Марш сазымен балалар спорт залға кіреді.

Сәлемдесу.

Тәрбиеші:Қайырлы күн, балалар!Алтын күн, жер анаға өзінің мейірлі шуағын төгіп, біздіңжан дүниемізге жарық сәулесіншашып тұр.Біздебір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлайықшы.

Балалар (дөңгеленіп тұрып)

Амансың ба, алтын күн

Амансың ба, жер ана

Амансың ба, достарым

Сендердікөріп қуандым.

Сөздік жұмыс.

Тәрбиеші:Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар:Үш ай бар, Қантар, Ақпан, Желтоқсан

Тәрбиеші жарайсындар! Қыста, балалар,қар жауады сендер шанамен ойнайсыңдар.Аққала жасаймыз. Біз балалар өзімізді далада қардың үстіндетұрмыз деп ойлайық. Ал енді қардың үстінде бойымызға сергітужаттығуын жасайық.

Жаттығудың түрлері:

1.Басқа. Аяқ иық көлемінде қол белде басты оңға,солға бұру.

2.Иыққа. Қол иықта алға артқа қозғалу 5-6 рет қайталау.

3.Қолға. Алға созу, жанға созу, жоғары төмен.

4.Аяқ иық көлемінде қол, белде оңға,солға қимылдау.

5.Аяққа. Алма- кезек аяқ астынан қол шапаттау 5-6 рет қайталау.

6.тыныс алу шеңбер бойымен ұлпақарды тыныс арқылы үрлеп тыныс алу.

Тәрбиеші: Балалар, орманда, жабайы жануарлар бар.Мысалы: аю, қоян, түлкі, қасқыр қыста бұл жануарлар өздеріне ін, апан қазып алады. Оның ішіне шөп, жапырақ  төсеп күндерін көреді. Бұларда күннің суығынан тоңып тұрса керек. Біз осы жануарлардың жүрісін, қимылын, қозғалысын салып көңілдерін көтерейік.

1.Аю сияқты қорбандап жүру.

2.Қоян сияқты секіру.

3.Түлкі сияқты бұрандап жүру.

Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күн ерекше екен. Сендердің жүздеріңнен де байқап отырмын. Бәрің де ақылды, тәртіпті, баласыңдар. Енді, балалар, бәріміз орманға барып жаңғақ терейік.

Балалар Орманда аю ұйқтап жатыр, жәй ғана барып жаңғағымызды терейік.

Ойын (хормен)    Орманға біз барамыз

Жаңғақ теріп аламыз

Орманда бір аю бар

Байқаңдар оянып кетпесін.

Аю балаларды бірнеше рет қуып ойын қайталанады.

   Тәрбиеші: Балалар енді біз аюдың мазасын ала бермейік Бала бақшамызға қайтайық.

Сапқа тұрғызу.

   Қортындылау: Балаларды мақтау, мадақтау, жаңғақты көп терген балалардың есімін атау.