Ә,ә дыбысы және әрпі.
Білім беру саласы «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Сауат ашу»
Сабақтың тақырыбы: Ә,ә дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
- Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету.
- Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
- Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Әже (суреті), бесік, сырмақ, текемет, көрпе жастық, әлди (қуыршақ) әріптер (касса), әтеш (суреті), әке (суреті), Әліппе.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, ойын түрінде.
Сабақтын әдісі: ойын, түсіндірме, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ән айту.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбер: Қайырымды жандар айнала, Шеңберге келсін жайлана. Жалықпастан қайта біз, Махаббат сөзін айтамыз. Сұйеміз барлық әлемді, Әлемдегі бар елді. Бақыттымыз осы біз.
| Балалар шеңбер бойында тұрып өлеңді қайталайды. |
Іздену ұйымдастырушы | Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Өткен дыбыстарды қайталау. «Кім білгіш?» ойыны арқылы өткен дыбыстарды қайталау. Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты айтсам, екі қолдарындыжоғары көтеріп, шапалақтайсыңдар, ал дауыссыз дыбысты айтсам, еңкейіп тізелерінді шапалақтайсындар. -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын жауабын табындар. Жалғыз таяқ болып тұр. Төбесінде доп тұр. Бұл не? — Жақсы балалар, І әріпібар сөз айтып көрейік ші. — Жақсы балалар, ендеше ойын ойнайық. «Із бен жұру» Ойын шарты: Із бен жұру арқылы берілген тапсырмаларды орындау.
— Жақсы балалар. ІІІ. Жаңа сабақ. Есік қағылып сырттан әжей кіреді. Әже: — Сәлеметсіндер ме балалар? — Сәлеметсізбе әже , төрлетініз, қош келдініз Әже жайғасып отырады. Әже ойын ойнатады. Сюжеттік ойын: Қатысушылар: Әсел, әже, әлди. Әсел: — Әже, әлди жылады. Әже: — Әлди-бөпем әжен келе жатыр. Әжең «әлдиді» тербетеді… Әсел: — Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық. Әкеле ғой, көрпесі ме жастығын. Әжесімен әсел әлдиді бесіктен шешіп алады… Әже мен Әсел бесік жырын айтады.
Тәрбиеші: —Ойынға кімдер қатысты? — Бұл сөздер қай дыбыстан басталады? Ә әрпін балаларға көрсетемін. — Балалар, Ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздер айта аласындар? — Балалар, әтеш, әпке, сәбіз сөздерін буынға бөлейік. — Балалар, Ә әріпін айтып көрейікші. — Ә әрпін әндетіп, кедергісіз айтамыз, ендеше Ә әріпі дауысты дыбыс. — Ә дыбысын қандай текшемен белгілейміз ?
Сергіту сәті: Әлди-әлди бөпешім, Ұйықтай қойшы көкешім. Бармақтарын майысып Ұста болар ма кенсің? Күйші болар ма екенсің?… Ә әрпін тақтаға жазып көрсетемін. Ә әрпін ауада жаздыртамын. Дәптермен жұмыс: Сергіту сәті: Бір, екі, үш Жинап алып күш Қолға қалам аламыз Ә дыбысын жазамыз. Бір жолға әдемі, сауатты жазу. | Оқушылар оқу құралдарын алып, сабаққа дайындалады.
Балалар дауысты дыбыста екі қолдарындыжоғары көтеріп, шапалақтайды, ал дауыссыз дыбысты айтқанда, еңкейіп тізелерінді шапалақтайды.
Балалар жауабын айтады. І әріпі.
ілгіш, іні, кітап, түлкі, із.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Ойынды қызығушылығымен ойнайды.
Балалар әжемен амандасады.
— Әже, Әсем, әлди. — Ә.
— Әтеш, әткеншек, әпке, әке, сәбіз, дәрі, ән,әңгіме,… — әт-еш, әп-ке, сә-біз. Балалар дауыстап Ә әрпін айтады. -Дауысты. -Қызыл текшеде жазылады.
Іс-әрекет арқылы жасайды.
Іс-әрекет арқылы жасайды.
Балалар дәптерге Ә әрпін жазады. |
Рефлексивті қортындылау | ІV.Сабақты қорту. — Балалар бүгін сабақта не үйрендік?
Ойын: «Көбелектерді гүлдерге қондыр» — Ә әрпі қандай дыбыс? — Ә әрпін қандай текшемен белгілейміз? — Дыбыстар нешеге бөлінеді? — Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді? — Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді? Ал бізге барлық әріптерді үйрететін кітап «Әліппе» деп аталады (таныстыру) Таныстырар әріппен Мынау кітап әліппең «Әліппе» деген аты оның Басталған қай әріптен? (Ә) — Балалар, үйден кітап, журнал, әліппе т.б. қарап шығып, әр қарағанда Ә әріпіне назар аударындар. Әпке, әжелеріңнен оқып беруін сұрандар. | Балалардың жауабы тындалады.
— Ойын өте қызықты болды.
Жұмбақтын жауабын айтады «Ә» |
Күтілетін нәтиже:
Білу: Ә,ә дыбысы және әрпін тану және жаза білу.
Игеру: Ә дыбысының таңбасын жаза біледі. Дәптерге ұқыпты, таза жазады.
Біледі: Ә әріпі бар сөздерді айта алады. Сөздерге сөйлем құрап байланыстыра айта алады. Өлен айта алады.