О дыбысы мен әрпі

Пәні: Сауат ашу

Сыныбы: МАД «А»

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі

Мақсаты:  1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап

табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.

2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін,

дүниетанымын   кеңейту, тілін  дамыту.

3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.

Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.

Сабақ барысы:    І. Ұйымдастыру.

Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.

ІІ. Өткенді қайталау.

1-слайд.

а) Сұрақ-жауап:  — Дыбыс деген не?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Әріп деп нені айтамыз?

— Әріптерді не істейміз?

2-слайд.

ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»

Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке  сызық арқылы қос.

Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ  т.с.с.

ІІІ. Жаңа сабақ.  3-слайд.

а)  Тақтаға  «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер?  — Жабайы аңдар.

  • Олар қайда өмір сүреді?
  • Орманда.
  • «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
  • О дыбысынан.
  • Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.

Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.

ә)  — Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.

4-слайд.

  1. Қоянның тапсырмасы.

« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
  • Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.

5-слайд.

Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?

  • Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.

6-слайд.

  1. Қасқырдың тапсырмасы.

«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.

Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;

Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;

Пальто, кресло —  сөз соңында.

Сөздерді буынға бөлу.

7-слайд.

  1. Аюдың тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.

а) ауада жазып қол жаттықтыру;

ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

8-слайд.

  1. Түлкінің тапсырмасы.

ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

— Отанымыз қалай аталады?

— Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

  1. Бауырсақ пен бірге мына буындарды оқиық:

9-слайд.

О-й  ой    ой   т-ой  той   той

О-р   ор   ор   т-ор   тор   тор

О-л   ол   ол   т-ол  тол    тол

Ой-на   ойна  ойна   Ай-на  Ай-на

Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.

 

10-слайд

«Кім зерек?» ойыны.

Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.

ІV. Қорытынды.

Сұрақ-жауап:

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • О дыбысы қандай дыбыс екен?
  • Әріп таңбасы неге ұқсас?
  • О дыбысына байланысты сөздер айту.

Мадақтау.