Есеп құрастыр, оны шығар.
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Математика.
Сабақтың тақырыбы: Есеп құрастыр, оны шығар.
Сабақтың мақсаты:
Суретті пайдаланып есеп құрастыру.оның нәтижесін табудағы ең басты мақсат-баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс байланыстырып сөәлеуге тәрбиелеу, көзмен көргенін есінде ұстап, тіл, сөз арқылы ойын айтып, ақыл –ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: 0-ден 10-ға дейтін кеспе әріптер. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреттері.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбер: «Ыммен амандасу» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. | Балалар шеңбер жасап тұрады. Көздерімен, қолдарымен, арқаларымен, құшақтасып амандасады. |
Іздену-ұйымдастырушы | Сабақтың мазмұны. Баланы сурет бойынша сөйлету. 1. Кіріспе әңгіме. (Ертегіні айтып беру) …Мысық қатығын төгеді , Мақта қыз құйрығын кесіп алады. Мысық: «Апа құйрығымды берші!»-деп жалынады. Қыз: «сен берілген тапсырмаларды орыдасаң, мен сенің құйрығыңды қайтарып беремін»,-дейді. 2. Сиырдың тапсырмасы: 1-ден 10-ға дейін өсу ретімен және кері сана. 3. Ағаштың тапсырмасы: сол жақтағы бұтақта 4 торғай отыр еді, оң жақтағы бұтаққа тағы да екі торғай ұшып келіп қонды.
2 сары торғайға 3 көк торғай қосылды, барлығы қанша торғай болды?
4. Қыздардың тапсырмасы: 4 торғайға 1 торғай келіп қосылды, барлығы қанша торғай болды?
бұтақта барлығы 6 торғай отыр еді оның 4 торғайы ұшып кетті бұтақта қанша торғай қалды?
5. Дүкеншінің тапсырмасы: суретте барлығы 5 балапан оның 4 балапаның қиып тастасақ қанша балапан қалады?
суретте барлығы 5 балапан оның 1 балапаның қиып тастасақ қанша балапан қалады?
Серіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол олымда бес саусақ. Бесті беске қосайық Алақанды соғайық. 6. Тауықтың тапсырмасы: Балалар, суретте ұлтық ою-өрнектер барілген. Суретте «Тұмарша» оюлар берілген. «Тұмарша» оюы үшбұрыш үлгілес болып келеді. Осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін үй жануарларының, бойтұмар ретінде балалардың мойынына тағылатын. 4 қызыл тұмарша оюға 4 жасыл тұмарша оюды қоссақ барлығы қанша болады?
4 сары оюға 2 көк оюды қосқанда барлығы қанша болады?
5 қошқар мүйіз оюға 3 қошқар мүйіз оюды қосқанда барлығы қанша болады?
барлығы 7 тұмарша ою одан 3 оюды алғанда қанша ою қалды?
7. Тышқанның тапсырмасы: қанша сан болса сонша үшбұрыш сал.
| балалар ертегі мазмұның мұқият тындайды.
берілген тапсырмаларды орындайды.
2+4=6
4+2=6
4+1 =5
6-4 =2
5-4 =1
5-1= 4
4+4= 8
4+2= 6
5+3 =8
7-3 =5 |
Рефлексивті қорытынды | Балалар, Мақта қыз сендердің білімдеріңе риза болып, мысықтың құйрығын қайтарып беретін болды. Мысық та сендерге өте риза. Ойын: «Шашу» 0-ден 10-ға дейін сандар шашылады. Балалар сандарды жинап «қарлығаштар» деген сөзді жинап оқып береді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Қ а р л ы ғ а ш т а р
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды жұлдызша таратып бағалау, мадақтау. |
тура және кері санайды (орыс тілінде, ағылшын тілінде санайды) |
Нәтиже:
Білу: суретке қарап есеп шығару. Сұрақтарға толық жауап бере білу;
Игеру: ойнай білу дағдысы
Меңгеру: ойын ойнаудағы әрекетті атау және көрсету;
Суретке қарап есеп құратыра, шығара алады.