Жүк мәшинесі.
Тақырыбы: Жүк мәшинесі.
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімдері: Құрастыру.
Мақсаты:
- Балаларға жалпы көліктер туралы түсінік беру.
- Көліктердің ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде,суда,әуеде) атқаратын қызметіне қарай салыстыра білуге үйрету,маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
- Әртүрлі бөлшектерден жүк мәшинесін құрастыруға үйрету,құрылыс материалдарымен жұмыс істеуге жаттықтыру.
- Құрылыс материалдарының атауын бекіту.
- Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: ат арба,түйе арба, құрылыс материалдары, жер,су,әуе мәшинелерінің суреті,слайд.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, көрсету, үйрету, сын тұрғысынан ойлау әдістері: ой қозғау,ойын,саусақ серуені жаттығуы.
Билингвальді компонент: машина-көлік.
Сөздік жұмыс: жер,су,әуе көліктері,цилиндр.
Қызмет кезендері | Педагогтің басқару іс-қимылдары | Балалар қызметі
|
1 кезең уәждік-түрткі болу
| «Ой қозғау»: — Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
|
Ат арба,түйе арба пайдаланған.
|
2 кезең проблемалық- ізденістік | Логоритмикалық жаттығу: Машина «бип-бип» — дейді, Жолдан былай кет — дейді. Күшікті басуға, Болмайды машина. Суретпен жұмыс: — Ал, балалар бүгін біз көліктер туралы әңгімелейміз. — Балалар қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері өте көп. Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді. — Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, жатады. — Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады. — Жер көліктеріне мәшина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т. б жатады. — Ауыр заттарды, жүктерді үлкен жүк машиналармен тасымалдайды. Билингвалды компонент: машина-көлік. Сергіту: «Бағдаршам» ойыны. Шарты: Үш түсті дөңгелектерді: қызыл,жасыл,сары бағдаршам түстерін кезек-кезек көрсетеді. Өлең оқылады: Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзін: Қызыл жанғанда орнында тұрады, Сары жанғанда қимыл жасайды, Жасыл жанғанда жүреді. Дидактикалық ойын: «Суреттегі пішіндерді ата» Тақтада пішіндер бейнеленген.Тәрбиеші балалардан пішіндердін атауын сұрайды. Танграм ойыны: Үстел үстіндегі қағаз қиындыларынан көлік жасауды сұрайды. Тосын сый: — Балалар,бұл кім болды екен? (Көлік жөндеуші келеді) — Саламатсыздар ма? — Мен көлік жөндеушімін. — Мен «Толағай» тобында көліктер құрастырып жатыр дегенді естіп көмектескелі келдім. — Ой, рахмет ! Иә, дәл уақытында келдіңіз.Балалар, көлік жөндеушімен бірге көлігімізді құрастырайық. Саусақтар серуені: Тәрбиеші балалармен бірге кабинасы, шанағы, доңғалақтары бар жүк таситын көлікті құрастыра бастайды: — Екі цилиндрді қоямыз, оның үстіне тіктөртбұрышты орнатамыз. — Сосын тіктөртбұрыштың үстіне шаршыны қоямыз; |
Балалар қосылып айтады.
Суреттерді тамашалап, сұраққа жауап береді.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды: ұшақ,тікұшақ,
кеме,қайық,желкенді қайық,
мәшина,мотоцикл,автобус,велосипед, поезд жатады.
Балалар орындарынан тұрып,қызыл жанғанда қимылдамай тұрады,жасыл жанғанда орындарында жүреді,сары жанғанда қолдарын қозғалтып,дайындық жасайтындарын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Тіктөртбұрыш,шаршы,сопақша,дөңгелек, үшбұрыш, цилиндр.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар амандасады.
Тәрбиешінің басшылығымен құрылыс материалдарынан жүк көлігін құрастырады.
Жүк көлігін орнынан қозғап көреді. |
3 кезең рефлексті-түзетімдеуші
| Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?». Шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру. Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады: — Балалар, қандай құрылыс жасадық? — Құрастырған көлікке қандай материалдарды алдыңдар? Балаларды жақсы жұмыс жасағандары үшін мадақтайды. |
Тапсырмаларды орындайды.
Сұрақтарға жауап береді. Жүк көлігі. Тіктөртбұрыш,шаршы,цилиндр.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра білуі.
Меңгереді: Құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Игереді: Құрылыс барысында бөлшектерді дұрыс пайдалануды.