«Сиқырлы кемпірқосақ»
Тақырыбы: «Сиқырлы кемпірқосақ»
Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет
Мақсаты: Балалардың жыл бойына қткен білімдерін қайталау, сурет салу дағдыларын жетілдіру, түстерді ажыратып, қолдана білуін пысықтау. Бейнелеу қнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, ой қозғау, топтау, галереяны шарлау. Көрнекілігі: мультимедиялық тақта.
Қажетті құралдар: субояқ, акварель бояуы, көз бояғыш, қылқалам, картон, ақ қағаз, сүрткіш.
Қызмет кезендері | Педагогтің басқару іс-қимылдары | Балалар қызметі
|
1 кезең уәждік-түрткі болу
| Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу: Шаттық шеңбері. Қол ұстасып, қане, біз! Достасайық бәріміз. Амансың ба, Күн Ана! Амансың ба, Жер ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам! Топтау әдісі арқылы түрлі-түсті карточкалар таратып, балаларды үш топқа бөліп отырғызу. Проблемалық жағдай орнату. Балалардың назарын мультимедиялық тақтаға аудару: -Балалар, суретке назар аударайықшы. суретте не бейнеленген? -Иә, балалар. Дегенмен кемпірқосақ көңілсіз екен. Себебі оның түстерін қатігез сиқыршы алып кеткен екен. -Оған түстерін қайтаруға көмектесеміз бе? | Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады, бір-бірімен амандасады, қонақтармен сәлемдеседі. Үш топқа бөлініп отырады.
Балалар суретке назар аударады, суретте не бейнеленгенін айтады. -Кемпірқосақ.
Балалар кемпірқосақтың түстерін қайтаруға дайын екендерін айтады. |
2 кезең проблемалық-ізденістік
| Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау: -Ендеше, ең алдымен кемпірқосақ түстерін ажыратып алайық. Ой қозғау: -Кемпірқосақ қандай түстерден құралған? -Балалар, біздің бояулар палитрасында тек қана үш түс қана бар екен. Бұл қай түстер? Қандай түстер деп аталады? -Негізгі түстерді қосу арқылы біз қандай түстерді аламыз? -Қосымша түстерге қай түстер жатады? Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: -Өте жақсы, балалар! Ендеше қосымша түстерді алу үшін сіздерді мынадай ойынға шақырамын. Ойын «Қай түс пайда болады?». Тақтада көрсетілген негізгі түс қосындыларынан пайда болатын қосымша түсті көрсету. -Жарайсыңдар, балалар! Боялар палитрасын кемпірқосаққа қажетті түстермен толтырдық. Кемпірқосақ түстерін қайтардық. Ендеше осындай табиғаттың әсем көрінісін бейнелейік. Топпен жұмыс. 1-топ. Субояқпен қылқалам арқылы кемпірқосақты бейнелеу. 2-топ. Көз бояғышпен саусақ арқылы суретін салу. 3-топ. Акварель бояуымен картон арқылы сурет салу.
| Балалар кемпірқосақ түстерін ажыратады. -Қызыл, қызғылт сары, көк, жасыл, сары, күлгін.
-Көк, қызыл, сары -Негізгі түстер деп аталады. -Қосымша түстерді аламыз. -Қызғылт сары, жасыл, күлгін.
Балалар ойын арқылы негізгі түстерден қосымша түстерді шығарады.
Балалар топ бойынша берілген тапсырманы орындайды. Кемпірқосақты бейнелеудің әр түрлі тәсілдерін қолданады. |
3 кезең рефлексті-түзетімдеуші | Балалар қызметінің нәтижелерін талдау: «Галереяны шарлау» әдісі арқылы балалардың жұмыстарын мадақтау, балалармен бірге талдау жүргізу, қорытындылау. |
Балалар өздеріне ұнаған жұмыстарды атап айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Балалар алған білімдерін қайталап, сурет салудың тәсілдерін пысықтайды.
Білу тиіс:
Негізгі және қосымша түстерді ажырату.