«Ынтымақты отбасы»
Тақырыбы: «Ынтымақты отбасы»
Мақсаты: Балаларды ата –аналары мен бас қосу кешіне қатыстыра отырып , оларға отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып , ынтымақпен шеберлікке татулықпен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы
Құрметті ата –аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер бүгінгі өткелі отырған «Ынтымақты отбасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сайыс 9-бөлімнен тұрады.
- «Жүректен шыққан жылы сөз »
- Таныстыру.
- Дәмді және тез /әкелерге салат жасау/
- Кім жылдам /түйме қадау аналарға /
- Көңілді күй сыйлайық / өнер көрсету/
- Шеберлігімізді шындайық / қол өнер/
- Бала -тілі бал /баланың қызықты қылықтарынан көрініс көрсету/
- Күле отырып ойланайық /логикалық сұрақтар /
- Кім жүйрік /тақия ойыны/
Тілегіміз үмітіміз бір екен
Отан дейтін бізге ортақ үй екен ,
Танысайық ал кәнекей қонақтар
Білейікші кімдер бізге келді екен.
1.Хабидуллиндер отбасы
- Карабалкиндер отбасы
- Джанаевтар отбасы
Сайысымызға әділ баға беретін әділ баға беретін әділқазыларымызды сайлаймыз.
2-бөлім : Әр отбасы өздерін таныстырады.
3-бөлім: Дәмді және тез /әкелерге салат жасау/
4-бөлім: Кім жылдам /түйме қадау аналарға /
5-бөлім : Көңілді күй сыйлайық /өнер көрсету/
Ата- ана қай кезде де баланы ұғар,
Кезі жоқ шаңырақтан ән арылар
Қазаққа қай өнерде жарасады
Еліміз ғой ұрпағының талабы бар
6-бөлім: Шеберлігімізді шындайық / қол өнер/
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан
7-бөлім : Бала -тілі бал /баланың қызықты қылықтарынан көрініс көрсету/
8- бөлім : Күле отырып ойланайық /логикалық сұрақтар /
9- бөлім : Кім жүйрік /тақия ойыны/
Марапаттау
Бас жүлде : Карабалкиндер отбасы
«Өнерлі отбасы » Хабидуллиндер отбасы
«Шебер отбасы» Джанаевтар отбасы