Ғарышқа саяхат

 

Тақырыбы:  _»Ғарышқа саяхат»

Мақсаты: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді
естеріне түсіре отырып әңгімелету
.Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіру;ғарыш әлемі және құпия сырларына    деген қызығушылықтарын арттыру;сөздік қорларын молайту;еске сақтау,ой-өрістерін,зейіндерін дамыту.Балаларды батылдыққа ,адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:әңгімелеу,сұрақ-жауап,көңіл-күйді көтеру,ойын.

Көрнекілігі:слайд,таратпа материал,үлгілер.

Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,құрастыру.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс:Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.

Билингвистикалық компонент: зымыран-ракета

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекетіБалалардың іс әрекеті
Мотивациялық

қозғаушы

 

Амандасу: Қайырлы таң!

                 Ормандар мен далалар!

                 Қайырлы таң!

                 Достасқан бар,балалар.

                 Қайырлы таң!

                 Біздің балабақшамыз.

Балалар

 шеңбер

 жасап тұрады.

Іздену

ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—  Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

—  Көктем айларын білеміз ба?

— Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?

— Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында қандай мерекелерді тойладық?

  -Балалар,кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады?

Бұлттар:    Жер анаға көмегім

                     Жаңбыр болып төгемін,

                     Төмендеймін,көлбеймін

                     Бөгелмеймін,өрлеймін.

Тамшылар:  Бұлттар,бұлттар ойнашы

                     Күркіреп,дүркіреп

                     Бұлттар,бұлттар ойнашы

                     Сіркіреп,дүркіреп.

Бұлттар:    Нөсер,нөсер төк-төк

                     Болсын егін көп-көп

Сулар:          Сылдыр-сылдыр сылдырлап

                     Су ағады сыңғырлап.

                     Бау-бақшаны аралап

                     Су ағады жағалап.

Тамшылар кетіп,бұлттың арасынан күн шығады.

Күн:             Құшағын ашып шуақты

                     Күнмін алтын сияқты

Кемпірқосақ:Мөлдіреп моншақ шашылды,

                    Аспан шайдай ашылды

                    Көкте ,қызыл,жасылды

                    Кемпірқосақ асылды.

Құстар:          Көкке қанат қағамыз,

                         Көктем әнін саламыз.

Гүлдер:           Бәйшешекпіз құлпырған

                        Көрік берер далаға.

Жарайсындар,балалар ,міне көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен.Ал көктемнің осы айы нешінші айы?

-Осы ай қалай деп аталады?

-Иә,бұл сәуір айында да,бір үлкен мереке бар.Ол-ғарышкерлер мерекесі.

Жұмбақ шешу:    Ұшады қанатсыз

                             Зырлайды аяқсыз.    /Зымыран/

                             Ұшқыш емес,бірақ ол

                             Аспанда қалықтап ұшады

                   Оны кім деп ойлайсындар?                                                     /Ғарышкер/

Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне  ұшатын   адамдар.Аспан әлемінде де ,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.

-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен.Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Ю.Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан.Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев деген ағаларымыз.Бұл кісілер   еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.

— Аспанда тағы нелер болады,балалар?

Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып ,аспан кеңістігін зерттейді.Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы.Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда,оның ішінде Қызылорда облысында орналасқан.Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы скафандр киген.Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Кане есімізге түсірейік,кім айтады?

                    Бүгін Юрий ағаның

                    Ұшқан күні ғарышқа

                    Мен аспанға қараймын

                    Мен ғарышкер боламын..

 

Көкке ұшамын

Ұшқыр болар баламын

Соңынан ерем ағаның

Ер ғарышкер ағаның.

                         Батыр болам-

                         Көк аспанда сүйемін.

                         Жұлдыздарға барып-келіп жүремін.

Сергіту сәті:   Бойымызды,денемізді оятайық.

                         Сәлем көздер, оянайық

                         Сәлем құлақтар,  оянайық

                         Сәлем қолдар, оянайық

                         Сәлем аяқтар, оянайық.

Ғажайып сәт:Балалар,казір бізге бір қонақ келеді.Мынау кім,балалар?

Робот:Са-ла-мат-сың-дар ма, ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-да тұ-ра-сың-дар?

Балалар:Жер ғаламында тұрамыз.

Робот:Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?

Балалар: Қазақ жері деп аталады?

Робот: Балалар,мен жалғыз келген жоқпын қасымда досым бар.Ол сендерге өз өнерін көрсеткісі келіп тұр.

 

Орталықпен жұмыстану:

Балалар,кәне 3топқа бөлініп отырайық.

 

 

 

 

 

І топ шығармашылық орталығы

Геометр. пішінд.                    Конструкторды пайдалана

зымыранға жапсыру                                          отырып                зымыранды құрастыру.

 

 

 

 

ІІІ топ

бейнелеу орталығы

 

ІІ топ құрастыру орталығы

                   Зымыран суретін бояу,тақтаға ілу.

 

Ендеше, орталықтағы жұмысымызды бастайық.Іске сәт!

Жарайсындар, балалар.

 

Тыныштық сәті: Тыныс алу жаттығулары:

 

Балалар ауызымызды жауып мұрнымызбен терең демалайық. Тамаша балалар.

 

Ойын:  «Зымыран-Ұшақ»

 

Мақсаты: Балалардың есте сақтау,зейіндерін дамыту.

Зымыран- қолымызды жоғару көтеру;

Ұшақ- қолымызды созамыз.

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

Әуен

орындалып,күн күркірейді.Бұлт бейнесіндегі балалар шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

/сәуір айы деп аталады/

 

 

 

 

Слайд көру

 

 

Тікұшақ,ұшақ,зымыран

 

 

 

Сурет арқылы әңгімелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

/күн,ай,бұлт/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақпақ айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шеңбер құрып қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

Роботтың қимыл-әрекеттерін қайталап көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ балалары өз тапсырмаларын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығу орындайды.

 

 

 

 

Қимылмен көрсетеді

Рефлексифті

      түзетуші

—         Балалар,біз бүгін не туралы әңгімелестік?

—         Кімдер туралы білдік?

—         Сендерге не ұнады?

Бәрі хормен:  Аспан,аспан,арайлым

                      Саған жиі қараймын

                      Сені көзбен шоламын.

                      Мен ғарышкер боламын.

 

 

 

Балалар жауап береді.

 

Күтілетін нәтеже:

Білуі:

Көктем  ерекшеліктерін,ай аттарын білу; ғарышкерлер туралы түсіну.

Меңгеруі: Ғарышкерлер туралы тақпақ жаттау,сұрақтарға толық жауап беру;өз ойларын толық жеткізе білу.

 Жасай білуі: Үлестірмелі құралдармен жұмыс жасай алды.Зымыранды құрастыру,суретін салу;ойынға белсене қатысу.