«Достық және мен»
Тақырыбы: «Достық және мен»
Мақсаты: «Дос» және «достық» деген ұғымды терең жеткізе отырып , достық сезімін қалыптастыру мақсатында бір- бірін сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу.»
Эпиграф: «Достық керек өмірде,
Ашық сырлы көңілде.
Дос жолдасың болмаса,
Өмір сүру жеңіл ме?» (3 слайд)
Әдіскерлік тәсілдер: Әңгімелеу, тренинг, түсіндіру, сұрақтар – жауап, өлең, ойын, тақпақтар айту.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері:
Тренинг. (4 слайд)
Шеңбер бойына тұрып, қолдарынан ұстап, аттарын атап, достары туралы айтады. Мысалы: Менің атым Рауана, менің досым Айкен, мен оны жақсы көремін.
- Ал балалар сендер өмірдегі сырды, бөлісетін, әркез қасымызда бірге ойнайтын, көмектесетін, қиын кезде қастарыңнан табылатын кім?
- Досымыз
- Жарайсыңдар, ол- «ДОС». Дос дегеніміз- арқа сүйер адамың. Балалар айтыңдаршы сендердің достарың бар ма? Мадина айта қойш қандай достарың бар? Рауана сенде ше?
- (балалардың жауабы)
- Демек досты ешқашан сатпау керек, бірге күліп, бірге ойнау керек, сыйлап қадірлей білу керек. Балалар сендерге ертегі ұнайма?
- Иа
- Ендеше сендерге «Дос іздеген Бота» деген ертегіні айтып берейін.
- «Ерте, ерте, ертеде боталы Түйе болыпты.» (ертегі айтылады)(5 слайд)
- Балалар ертегі ұнады ма?
- Иа
- Сонда достық адамның кейіпінен емес, түсінен емес, жүрек қалауымен болады екен.
- Не түсіндіңдер ертегіден?
- (балалардың жауабы)
- Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
- (б.ж.)
- «Жүз ақшаң болғанша,
Жүз досың болсын»
«Доссыз адам,
Тұзсыз тағам» дейді. Сол себепті дос өмірдегі керек адам.(6 слайд)
- Ойын: «Досыңа көмектес» (7слайд)
Шарты: кубиктерді бірінен соң бірі жерге койып арасы 30 см, екі топқа бөлініп, кубиктердің үстімен жүріп өту керек. Кубиктерден өтіп келе жатқан екі жақтың балалары бір- бірін құлатпай қолдарынан ұстап өтеді. Ойын 2-3 рет ойналады.
- Жарайсыңдар балалар, енді кім «дос» туралы тақпақ біледі
Рауана: Достық керек өмірде,
Ашық сырлы көңілде.
Дос жолдасың болмаса,
Өмір сүру жеңіл ме?»
Нұрберген: Досыңды дос деп санасан,
Дос көңілін қалдырма.
Досыңды сыйлап,
Дұшпаныңа, еш сырынды асырма.
Ерасыл: Біз балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Бірімізге сенімді боламыз.
Айкөркем: Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Жарасқан: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату тәтті жүреміз.
- Жарайсыңдар, енді балалар тапсырма орындаймыз. Ортаға 5 бала таңдалады. Әркім тақтадағы өзіне ұнаған гүлді таңдайды гүлде сұрақтар жазылған. Балалар жауап береді.(8 слайд)
- «ДОС» ұғымын топтастыру. (9 слайд)
- Жарайсыңдар, келесі ойнайтын ойынымыз «Мейірімді дос»
Бір- бірлерін мейірімді, еркелете айтады. (10 слайд)
Мысалы: Айкенжан, Асхатжан т.б. сен менің жан досымсың.
Ойын 2-3 рет ойналады.
- Балалар достар қандай болуы керек?
- (б.ж.)
- Жағдайларды шешу: (11 слайд)
- Топта екі бала ойыншыққы таласып төбелесіп қалса, сен не істер едін?
- Досың ойнап жүріп құлап, бір жерін ауыртып алады, сен не істейсің?
- Саған анаң үш ойыншық машина сатып алып берді, сол ойыншықты сен балабақшаға алып келдің, достарың сенімен бірге ойнауын өтінді, сен не істейсің?
- (балалардың жауабы)
Сергіту сәті: (12 слайд)
Досым, досым жан досым,
Неге сонша шаршадың.
Кане ұста қолымнан,
Секір, секір, секірші,
Бір серігіп аларсың!
- Жарайсыңдар балалар енді досымызды қуанту үшін сыйлық ретінде досымызға сурет саламыз.(балалар суреттерін салып достарына сылайды) (13 слайд)
- Балалар біздер бүгін кім туралы өттік?
- Достық керек пе?
- (балалардың жауаптары)
- Қорытынды: Жақсының әрбір сөзін қайырма,
Жасыған жездей болып мойыма.
Сыр алмаған біреумен дос болып,
Сыр алған досыңнан айырылма!
— Жарайсыңдар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатынастыңдар.(балаларды бағалау, мадақтау) (14-15 слайд)
Атырау облысы, Индер ауданы,
Индербор кенті «Райхан» балабақшасы
тәрбиеші Шапхатова Салтанат Қуатқызы