ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі.
Жүргізуші: Міне, көптен күткен жаңа жыл босаған аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2013 жылан жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Зор денсаулық, еліміздің жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіндер! Жаңа жыл көп куаныш әкелсін, бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз. Ал, енді, құттықтау сөз мектеп директоры Ш. Т. Қожахановаға беріледі. Құттықтау сөз ата аналарға беріледі.
Бүгінгі біздің мерекеміздің демеушілері — ата аналар.
Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік?
- Жаңа жыл.
Жүргізуші: Қанеки, шеңберге тұрып, шырша әнін орындайық.
Балалар шырша әнін орындайды.
Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді.
Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? (Сол кезде ол бала етігін танып қояды.) Өлең айт, сосын аласың. Мен жұмбақ жасырайын, кім шешеді соған сыйлықа кәмпит беремін.
Жұмбақтар:
Қолы жоқ, көзі жоқ, денесі жоқ — сурет салады. (Аяз)
Кеше ғана жерді жапты ақ мақта ,балалр жүр шаңғы теуіп сол жақта. (Қар)
Ой, сендер жаман балаларсындар! Көп білесіңдер! Ал, мен ештеңе де білмеймін. Бірақ мен бір ойын білемін, сендермен бірге ойын ойнасақ қайтеді. Маған үш-төрт ойыншы керек. Ойының шарты — кім шелекке көп кар толтырады, сол жеңді. Жеңілген бала ортаға өз өнерін салады. Жеңіске жеткен балаға сыйлығым бар.
Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар, бізге көңілді жылын келді. Бәріміз жыланмен амандасайық.
Жылын: Сәлеметсіңдер ме, балалар! 2013 жылан жылы — менің жылым. Денсаулықтарың мықты болсын, қуаныш көп болсын, балабақшаны босатпандар, ата-аналарыңа қолғанат болындар! Апайларының тілдерін алыңдар, ақылды бала болып өсіндер! Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші: Балалар, міне жылан жылын қарсы алдық, енді Аяз ата мен Ақша қарды қарсы алайық! (Балалар Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырады.)
Аяз ата: Сәлеметсіңдер, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Бүгінгі көңіл-күйлерің жақсы ма? Мен алыстан шаршап келдім, маған дайындаған қандай өнерлерің бар? Қане, ортаға салындар.
Балалар тақпақ, ән-би орындайды.
Ақша қар: Балалар, рахмет, сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер. Қуанатын шақ болсын, дастарханға ақ толсын! Бізге келген жаңа жылда құт-береке, бақ болсын! Аяз ата, енді сиқырлы сандығымызды ашатын уақыт жеткен сияқты, балалар өнерлерін көрсетті, енді сыйлықтарын таратайық. (Сыйлықтар таратылады.)
Аяз ата: Ал, енді, балалар, біз жолға шығайық. Бізді сендер сияқты басқа балалар тосып отыр. Рахмет сендерге! Жаңа жылдарың құтты болсын, сау болындар! (Балалар аяз атаны шығарып салады.)
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, осымен мерекеміз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар! Жаңа жыл құтты болсын!