Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын технологиялар

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын технологиялар

 

Май ауданының білім бөлімінің

әдістемелік кабинетінің әдіскері

З.  Мухамедова

 

Адам өлшемінің тек екі бағыты ғана бар – даму немесе деградация. Сондықтан, егер білім беру дамуға бағыттамаса, ол деградацияға қызмет етеді.

Г. Драйден

 

12 жылдық білім беруге көшу үрдісі мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді ұйымдастыруға жоғары талап қоюда. Ол өз кезегінде неғұрлым тиімді педагогика-психологиялық әдістер арқылы бұл мәселені шешуге итермелейді. Мектепке дейінгі оқыту, жаңа сапалық деңгейге шығу инновациялық технологияларды әзірлемей мүмкін емес. Педагогикалық инновация, бұл – дамуы, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған, сонымен қоса мақсаттар мен мазмұнды, формалар мен әдістерді жетілдіруге негізделген өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін санасын қалыптастырады. Педагогикалық әрекетті жаңа технологиялырды қолдану негізінде ұйымдастырғанда барлық күш педагогикалық шешімдердің ең тиімдісіне бағытталады (1, 2 — қосымшалар).

Педагогикалық технология ұғымына төмендегілер кіреді:

  • Концептуалдық негіз.
  • Оқытудың мазмұндық бөлігі (оқыту материалының мазмұны мен білім берудің міндеттері).
  • Технологиялық бөлігі (оқу үрдісінің ұйымдастырылуы, оқу әрекетінің формалары мен әдістері, педагог жұмысының формалары мен әдістері, диагностика.

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданылатын технологияларды келесідей бөліп көрсетуге болады:

  • Дамыта оқыту технологиялары;
  • Мәселелелік оқыту технологиялары;
  • Ойын технологиялары;
  • Альтернативтік технологиялар.

Дамыта оқыту технологиясында балаға қоршаған ортамен қарым-қатынаста болатын жеке-дара субъект ретіндегі рөл беріледі. Бұл қарым-қатынасқа әрекет етудің барлық кезеңдері енеді: мақсат қою, жоспарлау және ұйымдастыру, мақсаттарды іске асыру, әрекет нәтижелерін анализдеу. Дамыта оқыту тұлғаның қасиеттері жиынтығының тұтастығын дамытуға бағытталған. Бұл технология тәрбиешіге өзбетінділікті дамытуға, психикалық жаңа құрылымдардың ішкі үрдістерін қозғалысқа келтіруге мүмкіндік береді.

 

Генрих Саулович Альшуллер – өнертапқыш, жазушы-фантаст, ТРИЗ технологиясының авторы.

Берілген технологияның бағыттары: шығармашылық әрекетке үйрету, шығармашылық қиялдың әдіс-айлаларымен таныстыру, өнертапқыштық есептерді шығаруға үйрету. Концептуалды жағдайлары: білім – шығармашылық көкейкөзділіктің негізі, құралы; шығармашылық қасиеттер баршаға тән; кез-келген әрекетке үйренуге болатындай, шығармашылыққа да баршаға үйренуге болады.

Мәселелік оқыту мотивацияның ерекше түрі – мәселе қоюды қалыптастырумен негізделген. Сондықтан дидактикалық материалдың мазмұнын дұрыс құрастыруды талап етеді. Ол өз кезегінде мәселелік ситуациялардың тізбегі ретінде берілуі керек.

Қазіргі кезед мәселелік ситуациялардың екі түрін ажыратады: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі балалар әрекетіне тиесілі, екіншісі — оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады (4-қосымша).

Ойын технологиялары. Мақсатты бағыттары: дидактикалық: өренің (кругозор) кеңеюі, танымдық қызмет, практикалық қызметте қажетті керекті білім және дағдының қалыптасуы. Тәрбиелеушілік: өзбетінділікке, еркіндікке тәрбиелеу, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, коммуникативтілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: көңіл бөлуді, есте сақтауды, сөз қорын, ойлауды, салыстыру дағдыларын, сәйкестендіруді, аналогияны таьуды, қиялды, шығармашылық зейіндерді, оқу қызметтің мотивациясын дамыту. Қоғамдандыратын: қоғам құндылықтары мен нормаларына үйрету, қоршаған орта жағдайларына бейімдеу, қарым-қатынасқа үйрету. Концептуалдық жағдайлары: ойын – қиялдағы тұлғаның еркіндігі, бала ойындарының мазмұны ойындардан дамиды, мектепке дейінгі жастың негізгі әрекеті – ойын (3-қосымша).

Денсаулықты сақтау технологиясы – бұл бала мен педагог, бала мен ата-ана, бала мен дәрігер қарым-қатынасының үрдісі кезінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу-шынықтырудың, коррекциялық, профилактикалық әрекеттердің тұтас жүйесі. Денсаулықты сақтау технологиясының мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаға денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, салауатты өмір салты бойынша керекті білімділік, біліктіліктерді қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Инновациялық технологиялардың бірі – «Тәй-тәй» технологиясы. Ол дұрыс тамақтану денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық және эмоционалдық құзыреттіліктердің қалыптасуына            бағытталған. Ол баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, жанұяның балабақша қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мәдени құндылықтарды көрсетуге және дамытуға бағытталады. Мемлекетті демократияландыру бағытында берілген технология тиімді технологиялардың бірі болып табылады.

Белсенділік орталықтарындағы тәрбиешінің рөлі.  Материалдар мен құралдар арнайы ұйымдастырылған жерлерде қойылады. Олар балалардың оқу мен ойнауға қызығушылығын оятады. Группада келесі орталықтар орналастырылады: сюжетті-рөлдік, құрылыс, әдебиет, өнер, манипуляциялық (әрекет ету), құм мен су, ғылым. Орталықтарда балалар қолдана алатын көптеген материалдар орналасады. Баланың танымдылық әрекетін оятатындай материалдар тәрбиешімен өте ұқыпты таңдалуы керек. Бірнеше бала қолдана алатындай материал болуы шарт және де олар үнемі ауыстырылып отырырылуы қажет. Орталық жұмысын ұйымдастыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады.

Сюжетті-рөлдік орталықтағы тәрбиешінің әрекеті. Бұл орталықта тәрбиеші негізгі рөл ойнайды. Ол балалардың қиялын оятады. Орталыққа келесідей орталықтар енгізілуі мүмкін: үй жануарларын бағу, моделдеу. Ойын кезінде тәрбиеші балаларды бағыттауы керек, бірақ ойынға өзі араласпауы шарт.

Құрылыс орталығы. Бұл орталық балардың назарын өзіне қарататындай ұйымдастырылғаны жөн. Материал көлемі бала жасына байланысты. Оны қосу, азайту, ауыстыру керек. Тәрбиеші балалар әрекетін бақылап, оларды мақтауы керек, мәселелерін шешуге итермелейтін сұрақтар қойып, керекті материалдарды қосуы керек. Ойыншық құрылыстарға жазбалар дайындап, келесі күнге дейін құрастырғандарын бұзбай сақтауға рұқсат беруі қажет.

Көркем әдебиет орталығы. Тәрбиеші балалардың қызығушылықтарын, ұнайтын әрекеттерін, сүйікті ертегілерін айқындап, көрнекі ұйымдастырылған, жастарына сай келетін әдебиеттерді дайындау керек.  Тәрбиеші әдебиетьке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуі қажет. Балалар әңгімелерін тыңдап, лайықты кітаптарды таңдауға көмектеседі. Сонымен қоса бала дамуы жөніндегі жазбалар жасайды.

Өнер орталығы. Тәрбиеші бұл орталықта түрлі материалдарды қолдану арқылы сурет салудың алуан әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық машықтарын, түсті, формаларды сезінулерін дамытады. Түрлі материалдарды араластыруға мүмкіндік береді.

Ғылым орталығы. Балалар зерттеу жұмыстарын жүргізетін орталығы. Тәрбиеші түрлі материалдармен қамтамасыз етеді. Мысалға, буклеттер, энциклопедиялар, суреттер және т. б. Олармен тәжірибелер жүргізуге рұқсат етеді.

Әр орталықта тәрбиеші балаларға өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, әрекетіне араласпайды, тек бағыт беріп, бақылау күнделіктерінде жазба жасайды, бала дамуының деңгейін айқыпдап, оның алға қарай жылжуын қадағалайды.

Қорытынды. Педагогикалық технологияларды зерттей келе келесідей тұжырым жасауға болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қоса олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-бағытталған әрекеті болып табылады. Баланың жеке-даралығын түсіну, қабылдау, қызығушылықтарын ескеру, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау – міне, осылардың барлығы қазіргі кездегі тәрбиешінің басты міндеттері.

Осылайша, жаңа технологиялларды қодану — тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды  тұлғаны өсіруге жетелейді.