Өзіндік ұстанымдағы әдептілік
Тақырыбы: Өзіндік ұстанымдағы әдептілік
«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды». Мұстафа Шоқай
Бүгінгі таңда ХХI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.Олай болса, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін
— тәрбиеленушілердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
— жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
— ана тілі мен дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын қастерлеу;
— жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру.
«Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, һәм құлық тәрбиесі. Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны…
Бала бала болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын» деген екен. Қай кезде де, қай халықта да ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріліп, жеткіншек қамын ойламаған жерде ел, халық болашағы туралы айту артық. Жастарға адамшылықтың негізін беру — әр халықтың ғасырлар бойы жасаған ұлттық дәстүр салттары мен халықтың педагогикасына негізделген.
Халық педагогикасы — ұлттық тәрбиеге негізделген.
Отбасындағы дене тәрбиесіндегі мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күнтәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ, адам зиялылығының негізі — ақыл ой тәрбиесі деп есептелінеді. Қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі — ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.
Әйгілі жазушымыз Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең — бесігіңді түзе» деген сөзінде сан алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «Ұрпағыңды түзе» деген сөздің баламасы ретінде қолданып отырғанын біреуіміз білсек, екіншіміз аңғара бермеуіміз әбден мүмкін. Ал сол ұрпақты түзу жолға салуға атсалысарлық алғышарттардың бірі — балабақша.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. «Баланы жастан» демекші, бүлдіршіндердің санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы — салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазіргі кезде халықтың педагогика элементтерін балабақшаларда тіл дамыту, математика, айналаны қоршаған орта, бейнелеу өнері, дене шынықтыру оқу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика оқу іс — әрекетінде ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі әуендермен, экология оқу іс — әрекетінде табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін ойындармен танысады. Оқушыларды жоғары мәдениетті адам етіп тәрбиелеу сіздер мен- біздің басты міндетіміз.
Ұлттық тәлім тәрбиенің ірге тасын дұрыс қалай білу педагогтар мен ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы-отбасында, екінші-білім мекемесінде болғандықтан, ата-аналармен бірлесіп жұмыстар өткізіп тұру қажет.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор.
Халқымыздың ұлттық құндылықтарын, асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі балалардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей ат салысайық.