Тіл дамыту сабағында қолданылатын ойын
Тіл дамыту сабағында қолданылатын ойын
«Қасқыр қақпан» ойыны.
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлініп, үлкен топ «қақпан», екіншісі «қасқырлар» болады.Үлкен топтағы балалар қол ұстасып шеңбер құра жүріп өлең айтады.
Қане, қане, халайық.
Қасқыр қақпан құрайық.
Қане, қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр, — дегеннен кейін, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Осы сәтте шетте тұрған қасқырлар шеңбер тасасындағы қой қораға лап қояды. Егер ойын басқарушының «жат» деген сөзінен кейін барлығы қолдарын төмен түсіріп отырып қалса, ортада қалған қасқырлар қақпан тобына қосылады. Ал, өтіп кеткендері ойынды жалғастырады. Сөйтіп, ойын ең соңғы қасқыр қалғанша жалғасады. Ойында қолданылатын өлең жолдары балалардың тілін жаттықтырады, әрі сөзді бірлесіп анық айтуға тәрбиелейді.
Басқа ұлттың мәдениетін, тілін меңгеру үлкен адамға қарағанда балаларға оңай түседі — бұл ақиқат. Балалар есте сақтауға аса көп күш жұмсамайды,олардың қызығушылықтары жоғары, ойына және мінез-құлықтарында әртүрлі стереотиптермен салмақ салынбаған. Сондықтан «жаңа ойынның» шартын оңай қабылдайды. Сауатты және қисынды түрде ұйымдастырылған ойын, үлкен нәтижеге және мақсатқа жеткізеді.