Он көлеміндегі сандардың құрамы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Он көлеміндегі сандардың құрамы

Сабақтың мақсаты: Балалардың он көлеміндегі сандар құрамы туралы білімдерін пысықтау. Тура, кері санау, ауызша есептер шығару  дағдыларын қалыптастыру.

Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, 1-10-ға дейінгі сандар, үлестірмелі материалдар,

Әдіс-тәсілдер: ойын, түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

Мотивациялық кезең: Балаларды топқа кіргізу, амандасу.

                                          Жылулық шеңбері

                                       Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, қонақтар

Қайырлы таң балалар!

Ұйымдастырушылық ізденіс:

— Балалар, бүгін біздің математика сабағымыз ерекше өтеді. Біз сендермен саяхатқа шығамыз. Ал қайда баратынымызды білу үшін экранға назар аударайық.

Астана қаласының әсемдігі бейне фильм көрсету.

Балалар  біз сендермен  қай қаланың әсемдігін көрдік?(Астана)

Енді бүгін біз сендермен тағыда Қазақстанның әсем қалаларына барамыз.

Ол үшін 1-ден 10-ға дейін тура және кері санайық.

Өте жақсы балалар .

  • Балалар айтыңдаршы саяхатқа немен баруға болады?
  • Ендеше жұмбақ шешейік.

Дыбыстайды, зырлайды

Чух-чух деп қоймайды

(пойыз)

Ал енде пойызға жақсылап жайғасайық.

Әр қалаға тоқтаған сайын біз тапсырмасын орындасақ,біз сол қаланың ерекше, әсем жерін көреміз.

Балалар бұл не?(бұл карта)

1-ші аялдамамыз ол  Петропавл қаласы.

 

 

Салыстыру:слайдтағы суреттерді салыстыру.Дұрыс жауабын табу.

 

-Өте жақсы қандай ақылдысыңдар.Енді міне Абылайхан резендендиясын көрдік.

 

2-ші аялдама Көкшетау қаласы. Оның тапсырмасы.

«Көршісін тап» ойыны

 

 

 

 

Өте жақсы балалар ,бұл ойынды да тез шештіңдер.

Бурабай тауын көруге болады.

3-ші аялдама Астана қаласы .Онда есептерді шығарсақ Машаның күлкісін естиміз.

 

Есептер шығару

2+2= (4,3,5)

4+4= (3,7,8)

5+2=(8,7,6)

Өте жақсы. Астаның ең жақсы жері Бәйтеректі көрейік.

4-ші аялдама.

Қарағанды  қаласы оның тапсырмасы .

Логикалық тапсырма.

  1. Қонжық екеу, табаны нешеу?
  2. Үш қоянда құлақ қанша?
  3. Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
  4. Мұз айдынында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап

Барлығы неше бала?

Балалар өте жақсы ,бұл қалада цирк бар екен.Ол циркте бақалар билеп жатыр .Сол бақаларменмен бірге билейік.

Сергіту сәті:

 

Музыкалық үзінді.

5-ші аялдама. Балқаш қаласы .Оның тапсырмасы 10-ның құрамын табу.

 

 

10

 

/     /         /           /          /             /            /          /         /

-3     -1   -8    -4       -6           -2           -5          -9         -0

 

 

 

Өте жақсы балалар. Балқаш көлін көрейік.

6-шы аялдама.Капчагай қаласы.

 

Шығармашылық жұмыс

Геометриялық пішіндерді      атайық?Бұл қандай пішін?(үшбұрыш,төртбұрыш, дөңгелек)Енді осы қалада дем алу үшін осы пішіндерді пайдаланып                                                                                                                                                                                                                                                                                          өзімізге үй салайық.Әр баланың алдына таратып беру.(үй жасату)

7-ші аялдама Алматы қаласы .Алматы қаласына жетер алдында алдымыздан түйе шықты оның есептерін шығарсақ Алматы қаласының әсем жерін көреміз.

3аюға 1аюды қосу.

3машинаға  1машинаға қосқанда.

4гүлге  3гүлді қосқанда.

4араға 2араны қосқанда .

Міне балалар Алматының ең көрікті жеріне көңіл аударайық.Бұл қай жер?

(Медеу)

Балалар қандай білімдісіңдер әр тапсырманы тез және қатесіз орындадыңдар.

 Осымен біздің саяхатымыз аяқталды.

Рефлексивті түзету:

  • Сонымен біз қайда саяхатқа бардық?
  • Қаланың әсем жерлері ұнады ма?
  • Тапсырмалар қандай болды?

Мадақтау (сыйлықтар таратады.