«Сен білесің бе?»
Тақырыбы: «Сен білесің бе?»
Мақсаты: 1. Оқушыларға жыл мезгілдер туралы түсінік қалыптас-
тырып, жануарлар мен құстар туралы түсініктерін
кеңейту.
- Оқушылардың сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын
дамыту. Жануарлар мен құстар туралы көбірек білуге
ынталарын ояту.
- Табиғатты қорғауға, баптап күтуге, тазалық сақтауға
оқушыларды үйретіп, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер слайд түрінде, түйенің суреттері
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар
-Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгін біз сендермен «Сен білесің бе?» деген тақырыпта әңгіме өткізбекпіз. Бүгінгі тақырыпта біз сендермен жыл мезгілдерін, жан-жануарлар мен құстар жайлы айтпақпыз. Соларға байланысты ойындар ойнамақпыз.
-Балалар сендер білесіңдер ме?
-Неше жыл мезгілі бар?
-Кәне, кім маған айтып берем дейді?
-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер. Ал ендеше әр жыл мезгіліне тоқталып кетелік.
-Қазір бізде қандай мезгіл?
-Дұрыс, күз.
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күзде нелер піседі?
-Жақсы, енді күз мезгілінің сендерге дайындап қойған тапсырмасын орындайық.
Ойын: «Не нені жейді?» .
Балаларға ойынның шарты түсіндіріледі.
-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, қыс.
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қыста қандай мереке болады?
Қыс мезгілі туралы көп беледі екенсіңдер?
Ендеше, қыс мезгілінің «Не артық?» деген ойынын ойнайық.
Ойынның шарты түсіндіріледі.
Ал балалар енді біраз серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға қарады
Солға қарады
Үлкен тау деп ойлады. (қимылдар арқылы жасау)
Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, көктем.
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Көктемде қандай гүл өседі?
-Дұрыс, бәйшешек.
-Көктемде жылы жақтан нелер ұшып кетеді?
-Дұрыс, құстар.
Ендеше, қазір «Құстардың дыбысын тауып ал» деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты түсіндіріледі.
Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, жаз.
-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн ыстықта қайда барып шомыламыз?
-Орманға барып, не тереміз?
Ал енді жаз мезгілінің тапсырмасын орындайық.
Ойын: «Жануарлардың төлін тап?». Ойынның шартын түсіндіру.
-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер?
Ал енді мына суретке қарайықшы.
-Мынау ненің суреті?
-Дұрыс, түйенің төлі –бота.
-Түйе үй жануары?
-Түсі қандай?
-Сары. Ал енді мен сендерге ботаның суретін таратып беремін. Сендер ботаның суретін бояу керексіңдер?
Қорытынды: Сонымен балалар, бүгін біз сендермен жыл мезгілдерін, жан-жануарларды, құстар туралы әңгімеледік, соларға байланысты ойындар ойнадық. Құстардың қалай дыбыс шығаратынын үйреніп, білдік. Балалар, сабаққа жақсы қатысқандарыңа рахмет. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқандар: Ниязбек, Томирис, Ақбөпе. Қалған оқушыларда жақсы қатысты. (Жақсы қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау.) Сабақ аяқталды.