Үй жануарларымен таныстыру. Мал атауларын және оған тіл қатуды үйрету.

 

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларымен таныстыру. Мал атауларын және оған тіл қатуды үйрету.

 

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларға төрт түлік малдың пайдасы, малға сіңірілетін адам еңбегі туралы түсінік бере отырып мал шаруашылығын сүйе білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру

Сабақтың көрнекілігі: Жануарлардың суреттері, венн диаграммасы, мақал – мәтелдер,өлең, ойын,т.б

Сабақтың барысы: Үйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа даярлау.Қызығушылығын арттыру. Үй тапсырмасын тексеру.Дәптермен жұмыс.

 

Жаңа сабақ:

Жаңа сабақты үй тапсырмасымен байланыстыру

Оқулықпен жүмыс: сиыр өлеңін мәнерлеп оқып беру

 

Көрнекіліктерді пайдалана отырып, венн диаграммасын қолданып сиыр туралы түсінік беру.

Оқушылар сиырдың төлі бұзау өлеңін айту

Жаңылтпаш:  топпен оқу

Мақал – мәтел: тізбектеп оқу.

 

Дәптермен жұмыс: 31 – жаттығу. Тақтаға орындау.Қатемен жұмыс.Жуан дауысты әріптің астын сызу.Мұғалім оқу.Жұмбақтың жауабын табу.

 

 Сергіту сәтін орындау.

« Қай малдың төлі» ойынын ойнайық!

Ойын шарты: суреттегі малды атап, төлдерін тап.

Қане, осы малдар қалай дыбыстайды.

Сйыр мөңірейді.

Жылқы кісінейді.

Түйе боздайды.

Қой маңырайды.

Ешкі маңырайды.

Жарайсыңдар.

Ал кәнекей балалар,мал атасын атайық.

Қой атасы – Шопан ата

Жылқы атасы – Қамбар ата.

Сйыр иесі — Зеңгібаба

Ешкі иесі – Сексек ата

Түйе атасы – Ойсылқара

 

 

Сабақты бекіту: жұмбақтар жасыру.

Жұмбақ шешімдерін суретпен табу.

 

  1. Кезікті жануар

Үстінде екі тауы бар        ( түйе)

 

2 .Қояды екен әр шаруа

Қызығына құт байлап

Қанша құйып алсаңда,

Сарқылмайды сүт, қаймақ      (сиыр)

 

  1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар      ( қой)

 

  1. Қияғындай құрақтың

Қиығы екі құрақтың

Үкідей кекілі желбіреп

Шаншылып күлте құйрығы

( жылқы)

  1. Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар

( ешкі)

 

Сабақты қорыту: Бағалау.

 

Үйге: 30 – жаттығу.Жуан дауысты дыбыстардың астын сызу. Сиыр жаттау.36