Алып бала

Тақырыбы: Алып бала

Түрі: Танымдық сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгеру
Білімділік: Оқушыларға әңгіме мазмұнын түсіндіру. Қажымұқан жайлы түсінік бере отырып, күш атасын таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу тілін, дүниетанымын, танымдық ойлау қиялын дамыту, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылықтарын ояту және өз ойларын ашық еркін жеткізуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, бір-біріне құрметпен қарауға және эстетикалық тәрбие бере отырып, сауатты, әдемі таза жазуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: Эвакация (пәнге қызығушылығын арттыру), еркін жазу стратегиясы топтастыру, ой қозғау, сұрақ жауап, реализация, ішінара ізденушілік әдістері.

Жаңа технология: Сыни тұрғысынан ойлау, ұжымдық, дамыта оқыту, тренинг және проблемалық оқыту технологиялары.

Көрнекі құралдар: сөздік, Балуан Шолақ, Қажымұқан суреті, сызбалар, «Күш атасы» атты естеліктер кітабы

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  • Жоспар бойынша әңгімелету

А) Қамбадағы қасқыр

Ә) Батылдық

Б) Бала мен қасқыр арасындағы айқас

В) Балуан баланың жеңісі

  1. Оқушының өз ойы. Мәтіндегі Нұрмағамбеттің орнында сен болсаң не істер едің? (шағын әңгіме)

3.Балуан Шолақ жайында әңгімелеу.

4.Мәтіндегі қасқырдың сыртқы бейнесін сипаттау.

 

Қасқыр

 

IV.Жаңа тақырып: «Алып бала»

1.Мазмұнын айту

2.Кітаптан оқу

3.Сұрақ жауап

Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар болды? Бала жігіт неге тарығып жылады?

  1. Ой қозғау

Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталған?

VI.Сөздікпен жұмыс

VII. Бес жол өлең құрастыру

Кім? Мұқан

Қандай? Қайырымды, алып

Не істеді? Досына көмектесті

Тағы не істеді? Өгізді ауылға жеткізді.

Не үшін? Баланы жазаламас үшін.

VIII. Мәтіндегі Мұқан бейнесіндегі бала бұл Қажымұқан Мұңайтпасов

Сендер Қажымұқан дегенді естулерің бар ма?

Қажымұқан жайлы біраз мағұлмат беру. «Күш атасы» естеліктер деген «Қазақстан» баспасынан шыққан кітаптағы суреттерді көрсету арқылы түсіндіру.

IX.Бекіту.

Біз өткен сабақта Балуан Шолақтың бала кезіндегісімен таныстық. Бүгінгі сабағымызда Қажымұқанмен таныстық. Осы екеуінің арасындағы айырмашылығы мен ұқсастығын еске түсірейікші.

«Батылдық» «Алып бала»

  1. Үйге тапсырма:

«Алып баланың» мазмұнын айту. Тағы да Қажымұқан ағаларың жайында не білесіндер соны жазып келіңдер.

XI.Оқушыларды бағалау.