Көмікшілер. Есімдік
Сабақтың тақырыбы: Көмікшілер. Есімдік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен сабақты бекіту, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білімін тексеру. «Жануарлар әлемінде» тақырыбы бойынша әңгімелесу, мәтін бойынша жұмыс жүргізу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғаттағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу. Отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалармен сәлемдесу.
-Кезекші диалогы.
Тілдік ортаға ену.
Апта , күн , ай .
- Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
«Кім жылдам?» ойыны
- Есімдік дегеніміз не?
- Оның неше түрі бар? (7)
- Ал, біз есімдіктің неше түрін өттік? (4)
- Оларды атаңдар?
- Ал, енді балалар «оқушы» сөзін жіктейік.
Ой қозғау
Үй жануарларын кім атайды? Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Мағынаны тану.
- Жаңа сабақ..
- Сабақтың мақсатын айту.
- «Көмекшілер» мәтінімен жұмыс.
А) Мәтінді оқу, оқыту, есімдіктерді қатыстырып әңгімелету.
Мәтін тақырыбы неге «Көмекшілер» деп аталды?
Жаттығулармен жұмыс
2-тапсырма. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
(тақтаға үш оқушы үш сөйлемге шығады)
- Суретін, жануардың, жақсы, Сәуле, салады.
- Сұрғылттау, сұр, суырдың, болып келеді, түсі.
- Тоңбайды, қоян, аязда.
- Шашты, жем, Марат, тауыққа.
- Жұмбақтарды оқып, шешуін тап.
- Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (қой)
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш)
- Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
«Кім тез» ойыны.
Тақтаға суреттер іліп қойылады.
(Арыстан, піл, түлкі, күшік, қораз)
Әр қатардан 2 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады.
3-тапсырма. Рөлге бөліп, түсініп оқыңдар.
Шағын эссе:
Кейіпкерлерді қатыстырып, ертегі құрастыру.
5.Сабақты қорытындылау.
Ой қорыту:
- Орман көмекшілері кімдер?
- Үй жануарларын кім атайды?
- Орманда қандай аң түрлері жүреді?
Үйге тапсырма: 3-тапсырманы аяқтау.