Тіл- тарихи құбылыс
Сабақтың тақырыбы: Тіл- тарихи құбылыс
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тілдің тарихи маңызын,
оның мәнін, қызметін меңгеру жолдарын, тіл
құралдарын дұрыс пайдалану ерекшеліктерін
үйрету;
- 2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын,
ой дәлдігін дамыту, іздендіре отырып
шығармашылыққа баулу, еркін сөйлеуге үйрету;
- 3. Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, оны қадірлеуге, тіл
байлығын меңгеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ, білім бекіту сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау, топпен, жеке жұмыс, сараптау, тест
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар «Тіл – тарихи құбылыс», түркі
тілдерінің тобы бейнеленген бәйтерек суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сабақтың мақсатымен таныстыру
ә) сыныпты 4 топқа бөлу
І- Этнографтар ІІ – Лингвистер
ІІІ – Әдебиетшілер ІҮ- Дарын
ІІ. Кіріспе сөз
Өмірдің қыр-сырын түсіне білуге себепкер – ана тілі. Ол туған жеріңді, ақ сүт берген анаңды сүйе білу деген сөз.
І айналым. «Жүйелі сөз»
Тапсырмалары : “Дарын” тобы
- Тілдік қатынас туралы түсінік
- Кинемалық (меңзеу немесе нұсқау) көріністері
“Этнографтар” тобы
- Тілдің шығу және даму тарихы туралы
- Этнографиялық таным сөздігі туралы
“Лингвистер” тобы
- Тілдің мәні мен қызметі туралы
- Дұрыс сөйлеу сөздігі туралы
“Әдебиетшілер” тобы
- Сөз байлығын дамытуға басқа тілдердің әсері туралы
- Тіл туралы жыр шумақтары мен мақал-мәтелдер
ІІ айналым “Ұрымтал сөз”
“Дарын” тобы
- Қазақ тілін дамыту үшін қандай әрекет жасар едің?
“Этнографтар” тобы
- Айналаңдағы достарыңның қазақ тілінде сөйлеген сөзіне көңілің толады ма?
“Лингвистер” тобы
- Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне қалай қарайсың?
“Әдебиетшілер” тобы
- Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған біліміңе ризасың ба?
ІІІ айналым “Кесімді сөз”
Әр топқа практикалық тапсырмалар таратылады.
“Этнографтар” тобы – фонетика саласы
“Әдебиетшілер” тобы – лексика саласы
“Лингвистер” тобы – морфология саласы
“Дарын” тобы – сөйлем талдау
(синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық талдау)
ІҮ. Сергіту сәті
Кодоскоппен жұмыс. Ойлан, тап!
- Тіл – адам ойының…
- Аңдамай сөйлеген…
- Айтылған сөз…
- Бал тамған тілден…
- Таза сөйлеу – биік…
а) жалғасын жазу
ә) есте сақтап, жатқа жазу (көру диктанты)
Ү. “Сырт көз” айналымы
Сарапшылар әр айналым тапсырмаларына талдау жасайды.
ҮІ. Үйге: “Ана тілім — ардағым” тақырыбына эссе жазу
ҮІІ. Қорытынды.
Тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті, болмыс-тіршілігі, тарихи мұрасы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
“Өткен күннен бағасыз бір белгі боп
Нұрлы жұлдыз бабам тілі, сен қалдың!” – деп Мағжан ақын жырлаған ұлттық белгі, ана тіліміздің мерейі үстем болсын!
ҮІІІ. Бағалау рейтингінің қорытындысы.
Сабақ аяқталды.