Мемлекеттік тілді білу – парыз.

 

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тілді білу – парыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Мемлекеттік тілді білу әр адамның парызы жайлы жайлы жалпы түсінік беріп, мәтіннің басты маңыздысын белгілеп, тапсырмалар арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу, жаттығулар арқылы  сөздік қорын байыту.

Дамытушылығы: грамматикалық тапсырмаларды дұрыс сауатты орындау, тыңдаушылардың дүние танымын кеңейту.

Тәрбиелігі: қазақша сөздерді дұрыс айтуға, сұрақ қоя білуге, толық жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: — Сәлемдесу.

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

  • Қал-жағдай сұрасу
  • Үй тапсырмасы.

*Жаңа сабақ

 

Оқылым

 

 

*Жаңа сөздер

 

ТілЯзык
Мемлекеттік тілГосударственный язык
меңгерувладеть
Сөйлеуговорить
қабылдадыприняли
парыздолг
Елнарод
өмір сүредіпроживает

 

2- тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құраңыздар.

Мысалы: ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі т.б.

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

 

3-тапсырма. Есіңізде сақтаңыз!

Синоним сөздерді топтап жазыңыз.

Халық, өмір, тұрады, меңгеру, жұрт, парыз, ел, игеру, есептеу, борыш, санау, ұлт, міндет, тіршілік, өмір сүреді.

 

Тыңдаңыздар, қайталаңыздар.

Тіл – халықтың жаны, сәні. Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді. Тіл бар жерде, халық бар. Тілін білмеген, түбін білмейді. Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін.

 

4-тапсырма.

Тіл туралы 5 мақал-мәтел жазыңыз.

  1. Тіл – көңілдің кілті.
  2. Ең тәтті де – тіл

Ең ащы да – тіл

Ең жұмсақ та – тіл

Ең қатты да – тіл

  1. Өнер алды- қызыл тіл т.б.

 

Сөйлесім

 

ҚР мемлекеттік тілі –қазақ тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Ал 1997 жылы 11 шілдеде жаңа заң өңделіп, толықтыылып қайта қабылданды. Жаңа Заң 6 тараудан тұрады. 1 – тараудан жалпы ережелер берілген. Қазақ тілін меңгеру Қазақстанда тұратын әр азаматтың міндеті.

5-тапсырма.

Сөйлем құрастырыңыз.

  1. Өмір, әрбір, тіл, адамға, бойы, керек.
  2. Өмір, қазіргі, көп, білу, тіл, уақытта, талабы.
  3. Полиглот, көп, адамды, білген, тіл, деп, атайды.

 

6-тапсырма.

  1. Аты-жөніңіз кім?
  2. Жасыңыз нешеде?
  3. Ұлтың кім?
  4. Сіздің ана тіліңіз қай тіл?
  5. Мемлекеттік тілде сөйлей аласыз ба?

 

7-тапсырма.

Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып, қажетті қосымшаны жалғаңыздар.

Тіл – (человек) көкке көтереді, тіл арқылы ел (счастье) жетеді. Ана тілі ұмытқан адам өз (народ) өткенінен де, (будущий) да қол үзеді.

Қазақтар әдемі, әрі шешен сөйлеудің үлкен (мастер).

 

*Қорытынды. 

Бүгін сіздермен Мемлекеттік тілді білу – парыз атты мәтін жайында бірнеше тапсырмалар орындадық.

Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекітемін.

*Үй жұмысы

  1. Жаңа сөздерді жаттау. «Мемлекеттік тілді білу-парыз» тақырыбында эссе жаз.