Еліктеу сөздер туралы түсінік
Тақырыбы: Еліктеу сөздер туралы түсінік
Мақсаты: 1. Еліктеу сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру
- Сөз таптары бойынша меңгерген білімдеріне сүйене отырып, еліктеу сөз туралы түсініктерін дамыту, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, сауатты жазу, талдау, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру;
- Қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілідік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ішінара ізденіс, сұрақ-жауап, талдау, жеке, топпен жұмыс, слайд, тест жұмысы, жаттығу, салыстыру.
Көрнекіліктер: Кесте-таблица, тақта, бор, оқулық, кодоскоп.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылырды түгендеп, жаңа сабақтың мақсатын таныстырамын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырыптар бойынша сұоақтар қоямын.
- Морфология нені зерттейді?
- Сөз таптары дегеніміз не?
- Сөздер нешеге бөлінеді?
- Атауыш сөздерге қандай сөз таптары жатады?
- Көмекші сөздер мен одағай сөздерге ше?
- Жеке қатармен жұмыс.
Сарапшылар тағайындау
- Зат есімге сипаттама
- Сын есімге сипаттама
- Сан есімге сипаттама
- Есімдік сипаттама
- Етістік сипаттама
- Үстеу сипаттама
- Әр қатардан бір-бір оқушы қалаған сөзіне тақтада талдау жасайды (морфологиялық).
- Сарапшылардың қорытындысы
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Айналамыздағы бізді қоршаған ортада түрлі дыбыстарды білдіретін сөздер кездеседі. Мына сөздердің алдына зат есім ойлап табыңдар.
Не? арсылдайды
Не? шәуілдейді
Не? қорсылдайды
Не? пырылдайды
Не? ызыңдайды
Не? қыт-қыттайды
Айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
Түрлері | Мысалдар | |
1. Мағынасына қарай | 1.Еліктеуіш 2.Бейнелеуіш | тарс, қарқ, сарт, саңқ зып, бүлк, селк, жалт
|
2.Тұлғасына қарай | 1. Негізгі 2. Туынды | дүрс, лып, солқ томп-аң, қорб-аң, бор-алаң |
3. Құрамына қарай | 1. Дара 2. Күрделі | шалп, сырт, көлбең маң-маң, гүр-гүр, жарқ-жұрқ |
ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Тақтамен жұмыс
297-жаттығу. Тақтада 3 оқушы орындайды. Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын айтады. Сөйлемді толық талдайды.
Ү. Кестелермен жұмыс
Жұмбақтарды шешіп, еліктеу сөздерді табу
- Жылт-жылт етеді, ұстасаң еріп кетеді. (мұз)
- Аяғы жоқ жүреді, сылқ-сылқ етеді. (су)
- Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді. (түтін)
ҮІ. Слайдпен жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар
Толықтыру тесті
- Бойы… (бұлғаң)
Сөзі… (жылмаң)
Түзде мырзаң (сырдаң)
Үйде… (қылжаң)
Сөзі… еркесіп
- Орынсыз… (ыржаң)
Болымсыз… (қылжаң)
Бола ма дәулет, кәсіп бұл?
- Ырғалып қарға… етті (қарқ)
Ірімшік жерге… етті (салп)
ҮІІ. Үй тапсырмасы
298-жаттығу. Абай өлеңдерінен еліктеу сөздерді тауып, олардың мағынасын көрсету. Еліктеу сөздері бар мақал-мәтел, жұмбақ жазып келу.
ҮІІІ. Бекіту
Сынып оқушыларының іс-әрекетіне, қимыл-қозғалысына орай шағын эссе жазу.
ІХ. Қорытынды
Сабақты қорытындылап, оқушылар білімін бағалау.
Сабақ аяқталды.