Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

 

Тақырыбы: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

Мақсаты: 1. Салалас құрмалас сөйлемнен өткен материалдарды пысықтай отырып, оқушыларды салалас құрмаластың талғаулы түрімен таныстыру;

  1. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, мағынасын, ерекшеліктерін меңгерту, оқушылардың тілін, сөйлеу тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, сауаттылығын арттыру;
  2. Сөйлемдер арқылы оқушыларды адамгершілікке, бірлікке,еңбекке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: тест сұрақтары, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, ой шақыру,

кубизм, тұжырымдау, жаттығу жұмыстары.

Көрнекілігі: таблица-планшет, таблица, сигналдық кеспе, бор, тақта, слайд.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, эстетика, сызу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын пысықтау мақсатымен тест сұрақтарын таратамын да, 3 минутта дұрыс, нақты, дәл орындап, фамилиясын жазуды тапсырамын. Қорытындысын экспорт – сарапшы Жанат Қорғанбекова шығарады.

Орындағаны: — 23

Қатесіз – «5» — 16

1 қате – «4» — 5

2 қате – «3» — 2

3 қате – «2» -0

Қорытынды есепке алынып, бағаланады.

ІІІ. Оқушылардың өзіндік ой-пікірлерін қалыптастырып, жұмыс қабілетін арттыру үшін 5 топқа бөліп, тобымен отырғызамын.

І топ – сұрақ қоюшы

ІІ – ІІІ – ІҮ – жауап беруші

Ү – сарапшы топ

а) Әр топтың мақсатымен таныстырып,сарапшы топтың әділдігін, пікірін, қорытындылау;

ә) Тест қорытындысын тыңдау;

б) Қойылған теориялық сұрақтар тақырыпты, өткен материалдарды толық қамтуы тиіс.

в) Сарапшы топ берілген сұрақ-жауаптарға талдау жасайды.

ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе.

Қызығушылығын ояту. Болжау. Ой шақыру.

  • Талға, Талғам, Талғампаз, Талғау деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  • Мағынасын түсіндіргеннен кейін, тірек сөздері арқылы жаңа сабақты бастаймын.

Таблица планшет

Талағаулы салалас құрмалас.

  1. Шындықты не көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар.

/ — не — , немесе -/

  1. Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын. / — я — , я — /

Жалғаулықтары: не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, әлде, не болмаса, я болмаса;

Салыстыр: Омар я Алматыға, я Астанаға барады. (сөйлемнің бірыңғай мүшесі)

Тұжырым: 1. Талғаулы салаластың құрамына енген сөйлемдердегі

іс-әрекеттің біреуі ғана орындалуы мүмкін;

  1. Талғаулы салалас құрмалас компоненттері тек қана

жалғаулықтармен байланысады;

  1. Жалғаулықтардан бұрын келетін жай сөйлемнің алдынан үтір

қойылады;

  1. Жалғаулықтарын алып тастаса, ыңғайласқа айналады;

Ү. Жаттығу жұмысын орындау. №14

(Тақтада – 3 оқушы орындайды) Қалғаны өз бетінше орнында орындайды.

Талғаулы салалас құрмаласты теріп жазу, сызбасын сызу.

  1. Кезек-кезек шелекті не машинамен айналдырып шығарады, не атпен айналдырып тартып шығарады. / — не — , не — /.
  2. Я алқымда булығып ашу тұрды, я көзінде жаңа біа үрей тұрды.

/ я -, я — /.

  1. Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба? / — әлде — ? /.

(дәптерлеріне жазады)

 ҮІ. Бекіту. Кубизм тапсырмалары:

  1. Талғаулы салалас құрмалас схемасын сызыңыз.

Маған бура я жетер, я жетпес.

  1. Салыстырыңыз.Қайсысы талғаулы салалас?

а) Күн батты, тауды көлеңке басты.

ә) Не күн батар, не тауды көлеіке басар.

3.Сөйлем құрастырыңыз: / я — , я — /.

  1. Талғаулы салалас құрмалас жалғаулықтарын іздеңіз:

бірақ, әрі, өйткені, я, яки, және, не болмаса.

5.Айырмашылығын айтыңыз.

  1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз? Эссе жазу.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 16-жаттығуды жазу; ережелерді жаттау.

ҮІІІ. Қорытынды: Бүгінгі сабақта талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшеліктеріне көз жеткіздік, келесі сабағымыз – кезектес салалас құрмалас сөйлем.

ІХ. Бағалау.

Сабақтың соңы.