Сан есімді қайталау 6-сынып
Тақырыбы: Сан есімді қайталау 6-сынып
- I. Мақсаты:
Білімділік: Сан есімнен алған білімдерін бақылау
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адамгершілікке, шапшаңдыққа, жинақы-
лыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Сан есімнен алған білімдерін кеңейту, түйіндеу.
Сабақ түрі: Қайталау,түйіндеу сабағы.
Әдіс- тәсілдер Түсіндіру, топтастыру, тест, ойын, СКТ технологиясы,
«Миға шабуыл»
Көрнекі құралдар: Тест, мақал- мәтел, «Билер сөзі»,қима карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Математика,әдебиет,шешендік өнер.
- Сабақтың барысы: Ой қозғау.
1.Морфология нені зерттейді?
2.Зат есім мен сын есім туралы есіңде не қалды?
3.Тұлғасы,құрамы, мағынасы дегенді қалай түсінесің?
4.Сан есімді оқу бізге не себепті қажет екен?
5.Сан есім құрамы мен мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
« Миға шабуыл»
Тест сұрақтарын таратамын. Әр топқа төрт сұрақтан аламын.
1топ.Сан есім емлесіндегі қатені тап. 2 топ. Сан есімнің сұрағы?
А.5-сыныптың оқушысы. А.Кім?
В.5-ке оқиды. В.Нешеу?
С.20-ға жуық. С.Қалай?
Е.XXI-ғасыр. Е.Қандай?
2.Бөлшектік сан есімді тап. 2.Жинақтық сан есімді тап.
А.Тоқсан. А.Үшеу.
В.Отызға тарта. В.Он үш.
С. Оннан екі. С.Үшінші.
Е.Жетеу. Е.Үштен бір.
- 3. Дара сан есім? 3.Есептік сан есімнің сұрағы?
А.Он бес. А.Нешеден?
В. Мың. В.Нешінші?
С.Тоқсан тоғыз. С.Неше?
Е.Он бір. Е.Нешеу?
4.Сан есімнің мағыналық түрі нешеу? 4.Сан есімнің құрамы қанша?
А. 5 А.2
В. 2 В.3
С. 3 С.5
Е. 6 Е.6
Қай топ тез ойланып жауап береді. Ойын түрі.
1.Сан есімнің құрамын еске ала отырып,ата-анаңның, өзіңнің туған күндерің қайсысына жататынын анықта.
2.Өз тобыңда қанша бас,көз,құлақ,қол, аяқ,саусақ,бақай барын тез тобыңмен есепте.Құрамына,мағынасына қарай ретте.
- 99 көп пе, әлде 100 көп пе анықта? Онда неге 99-ды күрделіге жатқыздың?
Сөйлемнен зат,сын, сан есімдерді алып сатылай кешенді талдау жаса.
Дәптерге және тақтаға кезекпен жазады.
Менің туған күнім қаңтар айының он екінші жұлдызы.
Менің сыныбымда он жеті оқушы бар.
Әсем табиғатта ата- анаммен ұзақ серуендедім.
Татулық- табылмас бақыт.
Сөз таптарын топтастырып, жүйелеп, сәйкестендіріп жина.
Мысалы: қағаз, сұлу, жеті,аспан.он жеті,тоғайлы,қырықыншы,кеңістік,үшеу,
сынып,нағашы,бестің бірі,отын, отыздарда,әке,үлгілі,қырыққа жуық,иманды,
бес жүзден,ұқыпты,көреген,жүз он бес,сабырлы,еңбекқор,Алатау,
Шығармашылық жұмыс.
Көп нүктенің орнына сан есімді қойып мақал- мәтел және тіркес сөз жаса.
1 . . . болса ауыздағы кетеді, . . . болса төбедегі келеді.
2 . . . дегенім білім, . . . дегенім бесік, . . . дегенім асық, . . . дегенім оймақ, . . . қара жұмбақ.
3 . . . бірлігі кеткен ел жаман,. . . бұтақты шідерден шошынған ат жаман,
. . . белсеніп шапқан жау жаман,. . . оңалмас кәрілікке дау жоқ.
Ш. Бекіту. Балалар,бүгінгі сабақты бекіту үшін сұрақтарға жауап
берейік.
- Сан есім дегеніміз не?
2 . Құрамына,мағынасына қарай қалай бөлеміз?
- Сан есімдердің біз үшін қажеттілігі қанша?
- Тілдің қай саласында сан есім қаралады ?
IV.Қорыту. Сонымен сөз табының бірі сан есім қанша ,неше сұрағына жа-
уап беретінін, мағыналық түрлері есептік сан есімнің негізінде
жасалатынын және құрамды түрлері де анықтап айыра алатын-
ңадарыңды байқадым.
- Үйге тапсырма: Сан есімді қатыстырып өзіңнің немесе ата- анаңның
өмірбаянын жазып келу.
- Бағалау. Әр топтың басшылары берілген жетонмен өз тобына баға қояды