сабақтас құрмалас сөйлем.
Тақырыбы: Лексикалық: «Абайдың мұражай үйі
Грамматикалық : сабақтас құрмалас сөйлем.
Мақсаты: Абай өмірі,шығармашылығы туралы білімдерін тексере отырып,танымын кеңейту,сөздік қорларын байыту, ізденушілікке ықпал жасау,мұражай туралы мағлұматпен танысу,құрмалас сөйлемдерді анықтай білуге үйрету,талдау жүргізуге төселу,халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау,жаттығу т.б.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет,музыка
Көрнекілік:Абай шығармаларына слайдтар,электронды оқулық.суреттер,қима қағаздар.
Дәйексөз: «Бізге қажеттінің бәрі өзіміздің
басымызда».Т.Рузвельт
Сабақтың барысы:
- Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта қандай мұражай үйі туралы айттық? ( Әуезов үйі )
Онда не жайында баяндаған? М.Әуезовтың қандай көлемді шығармасын білеміз? «Абай жолы» эпопеясы
- Қызығушылықты ояту сатысы.
- Абай кім?
- Абайдың шын есімін ата. ( Ибраһим)
- Қай жылы, қай жерде туған?
- Абайдың қандай өлеңдерін білесің? ( өлеңдерінен үзінді оқу)
- Абайдың қандай әндерін білесің?
- Абайдың кім екенін дәлелдейтін жұмыс.(топтастыру әдісімен).Тақтаға сызбаны ілу.
Осы сұрақтарға жауап бере отырып,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екендігін білеміз..(сабақтың мақсатымен таныстыру )
Сабақтың тақырыбын айту. « Абайдың мұражай үйі».
Тақырыпқа сәйкес қосымша деректер керек деген болатынбыз.
- Мағынаны тану сатысы .
Енді сендердің жұмыстарыңа назар аударайық.(реферат оқу,талдау)
1.Айзада(Жидебайдағы мұражай туралы ). «Өнер» баспасынан орыс және қазақ тілдерінде 1985 жылы жарық көрген жол көрсеткіш.Кітапша Абайдың ата қонысыЖидебай қорығының,ондағы қатысушының тарихынан,Абайдың осында тұрған кезінен біршама деректер береді.Онда музей-үйінің экспонаттарын бейнелейтін фото-суреттер мен түсініктемелер берілген.
Абайдың мемориалдық мұражайы-Абайдың өмірінен ақындық жасына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекеме.
2.Ботакөз.1980ж.30 қазанда Абай қаласы,Қарағанды облысында мұражайының бөлімшесі ретінде ашылған.Мұражайдың қорында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына және ақын атымен аталатын қаланың өткені мен бүгініне қатысты
1341 экспонат жинақталған.Мұражайдың 3экспозициялық бөлімі бар.т.б.
3.Асыл .Музей1940жылдан 1944жылға дейін Абай проспектісінде,кейін Комиссар көшесі 132 үйде,Әнуар Молдабаевтың үйінде болды.Мұражайдың ғылыми қызметкерлері көшпелі көрме ұйымдастырып,Абайдың өмірі мен шығармашылы-ғы туралы лекция оқып тұрады.
(оқушылардың ойларын тыңдау)
Мұражай дегеніміз не? (ақынның өмірі,шығармашылығынан мағлұмат беретін мекеме )мұражай-музей
4.Кітаппен жұмыс. «Абайдың мұражай-үйі» мәтіні
А)мәтінді оқу,мазмұнын айту,аударту
Ә)сұрақтарға жауап беру
Б)мағынасы түсініксіз сөздерді табу,оқыту.
5.Жаттығу жұмыстары.Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табу.
Жай сөйлемдерді оқу,талдау. (ауызша) 1-2 сөйлемдерді талдау
Осы екі сөйлемнен құрмалас сөйлем құрастыру (салалас,сабақтас екендігін анықтау).Ережесін айту,мысал келтіру.
6.Аударма жұмысы.(түсіндіру,сөздік дәптерлеріне жаздырту
Мекеме-заведение,учреждение,дәліз-коридор,өлкетану мұражайы-краеведческий музей
Шақырым-километр,қыстау-зимовка,күрделі жөндеу-капитальный ремонт
- «Мұражайда» тақырыбына диалог құрастыру.(ауызша)
8.Слайдпен жұмыс. (экранға назар аудару).Қосымша қағаздар бар.
( Абайдың суреті,ұстаған заттары,ол туралы деректер т.б)
Шығармашылық тапсырмалар:
- Бес жолды өлең құрастыру. Абай
білімді талантты
ойлайды жазады шығарады
Абай-қазақтың бас ақыны
Ибраһим
- Ойтолғау жазу.
11.Қорытындылау.Бүгінгі сабақта қазақтың бас ақыны және оның мұражайы туралы біраз мағлұмат алдық,білімімізді толықтырдық.
- Үй тапсырмасы:оқу,мазмұнын айту,сөздерді жаттау,2 сөзге фонетикалық талдау.
13.БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ.