Сөз құрамы. Түбір мен қосымша. «Менің туған өлкем.» Сұхбаттасу.

Тақырыбы:     Сөз құрамы. Түбір мен қосымша.  «Менің туған өлкем.»  Сұхбаттасу.

 

Мақсаты:

  

Білімдік: «Менің туған өлкем» туралы ойларын тереңдету,бағалай білуге үйрету,ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру.

 

Дамытушылық: Оқушылардың   «Менің туған өлкем» туралы білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау,жаңа сөздер арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту.

 

Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырып бойынша ерекшеліктерін таныта отырып, шешендікке, ізеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа, отанға патриотизм сезімін тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.

 

Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

 

Сабақтың көрнекілігі: Схема, таратпа заттар, бейнекөрініс «Менің туған өлкем», кассета — жаңа сөздер, плакат – карточкалар, бағалау таблицасы.

 

Сабақ барысы:  Ұйымдастыру кезеңі:

 

  1. Сәлемдесу
  2. Әнұран айту
  3. Түгелдеу
  4. Қызығушылықты ояту – тест

 

Үй тапсырмасын сұрау:

 

«Сөздіктер» мәнерлеп оқу, аудару.

 

 

  Сөздіктер.

Сөздіктің түрі көп. Бірі – жер-су, өзен, көл, тау, қала аттарынан, дерек берсе, енді бірі таныс емес сөздердің қайдан, қалай шыққанын, ерекшелігін, басқа сөздермен ұқсастығын түсіндіреді. Ал енді бір сөздіктер сөзді, мағынасын түсіндіреді. Мұндай сөздікті түсіндірме сөздік дейді.Көп тілді аударма сөздіктер де болады. Ең дана сөздік – энциклопедиялық сөздік.

Қазақ тілінде қазір 10 томдық түсіндірме сөздік,12томдық энциклопедия —  лық, сондай – ақ фразеологиялық, екі томдық орысша-қазақша сөздік, қазақша-орысша, орысша-қазақша фразеологиялық сөздіктер, орфографиялық, орфоэпиялық, синонимдер, антонимдер, омонимдер, т.б. сөздіктері бар.

Сұрақтар:

  1. Қандай сөздіктер болады?
  2. Сөздіктер нені түсіндіреді?
  3. Қазақ тілінде қазір неше томдық түсіндірме сөздік бар?
  4. Неше томдық энциклопедиялық сөздік бар?
  5. Сөздіктер бізге не береді?

 

Сөздік жұмысы:

9-10  сөз   –  «5»

8-7 сөз    «4»

6-5 сөз       «3»

4-3 сөз  –  «2»

 

сөздіктер – словари                                             түсіндірме – толковый

аударма – перевод                                               аттары – названия

таныс емес – незнакомые                                    қазақ тілінде – в казахском яз.

орысша – по – русски                                          мағынасын – содержание

берсе – дает                                                           дерек- значение

 

Жаңа сабақ:

 

Грамматика:  Сөз құрамы. Түбір және  қосымша.

 

Состав слова. Корень – это неизменяемая часть слова. Қосымша – это изменяемая часть слова, которая стоит после корня. Қосымша – это суффикс и окончание.

 

Мысалы: Менің туған өлкем.

                Менің: Мен – түбір, ің – 1 ж. жалғауы, өлкем: өлке – түбір, 

                м – 1 ж. жалғауы. 

   Менің туған өлкем.

«Отан – от басынан басталады», — дейді қазақ. Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны — Қазақстан Республикасы.

Қазақ халқының Атамекені – көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Қаспийге, шығысы мен терістігі – Сібірге және Алтай тауларына, күнгейі Қырғыстан, Өзбекстан, Түркменстан республикаларына шектеседі.

Ал, біздің туған өлкеміз — Семей қаласы. Семей – Қазақстанның ірі, мәдениетті қалаларының бірі. Ежелгі аты – Доржынкит.

Біздің өлкеміздің табиғаты бай. Кең — байтақ өлкемізде бағалы тері, дәмді ет,дәрі-дәрмектік шикізат беретін жабайы аңдар мен құстардың сан алуан түрлері тіршілік етеді.

Табиғат байлығын қорғап, қамқорлыққа алу – қойған міндетіміз.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Лексика: «Менің туған өлкем.» (плакатта рефлексия арқылы жұмыс істеу.)

Дифференциация арқылы тапсырмаларды орындау.                                                                          

 

Сары гүл – « 3»,

Тапсырма:  Мәтіннен зат есімдерді тап

Жасыл гүл – «4»,

Мәтіннен зат есімдерді тап және сөз құрамына талдау:

Көк гүл – «5».

Мәтіннен зат есімдерді жазып, сөз құрамына талдау және аудару:

 

«Қазақстан маржандары.» бейнекөріністі көру:

 

Жаңа сөздерді магнитофон арқылы  айту, жазу.

Отан – Родина

Атамекен – Родной край

Таулары – горы

Ірі – крупный

Мәдениетті – культурный

Шектеседі –граничет

Ежелгі – древний

Бағалы – ценное

Жабайы – дикие

Сан алуан — многочисленные

 

10 сөз. Сөз құрамын жасау. (алғашқы 3 дәптерді тексеру.)

 

 

Бекіту:    «Менің туған өлкем.»  тақырып  бойынша сұхбаттасу.

(Көру, тыңдау және жатқа айтқызу.)

 

 

 «Туған өлкем.» туралы өлең тыңдау.                   

 

Бағалау: Аты-жөні:

 

Үй жұмысыСөздік жұмысыөздік жұмысыСөз құрамыМәтінмен жұмыссұхбаттасуҚорытынды баға
       
       

 

 

 

Үй тапсырмасы:   Ереже және сөздерді жаттау,сұхбаттасуды қайталау.