Радио және теледидар.

 

Сабақ тақырыбы: Радио және теледидар.

Жалпы  мақсаты: Радио мен теледидардың қазіргі заманда адамзатқа маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері: Оқушылардың өзіндік пікірін  қорғай білуге,өзгенің жауабын бағалай білуге дағдыландыру. Топта жұмыс жасай білу дағдысын игеру . Сөздік қорын молайту, сауатты жазуға дағдыландыру. Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге,  сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау.

Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлауға, өз — өзін бағалауға,ойын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.

Негізгі идеялар: Өз ойын басқа оқушылардың ойларымен ұштастыра білу, жұмыс барысында алмаса білу.

Психологиялық дайындық: Шеңберге тұрып,  бір – бірімен казақша, қытайша және нигерияша   амандасады.(2 мин)

Топқа бөлу:Қазақ теледидар арналарының аттарымен бөлу. «Хабар», «КТК», «Қазақстан -Атырау» «(2мин)

Әр топтан сарапшы тағайындалады және бағалау парақтарына жинаған ұпайларын тіркеп отырады. Сабақ соңында санап бағалайды.

1 Тапсырма: Өткен сабақтарды қайталау. Блум кубигі арқылы  үй жұмысын тексеру және өтілген тақырыптарды қайталау. (5мин)

Оқушылар: Сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім: Стикерлер арқылы бағалайды. Қызыл- 5 балл, сары – 4 балл, жасыл – 3 балл.

Ресурстар: оқулық және дәптер.

2 тапсырма:  Үш топқа өзара сұхбаттасу. «Жұптық жұмыс»(5мин)

                        1 –топ. Радиожанрлардың  қай түрі  ұнайды және себебін айту?

                       2 топ. Қандай радиодан немесе теледидардан жаңалықтарды 

                                    тыңдағанды ұнатасыңдар?                                                                                               

                       3 – топ. Үйде радионың күнде қосылып тұрғанын ұнатасың ба?

Оқушылар: Өз ойларын бірлесе отырып ұштастырады.Әуелі екі оқушы, кейін топпен.

Мұғалім: Бақылайды және смайликпен бағалайды.

3 тапсырма:Әр топ өз көзқарастарын жазу және рөлдік ойын арқылы дәлелдеу. (7мин)

1-топ — теледидар адамды еріншектікке апарады.  

 2-топ — теледидар белгілі әртістермен танысуға мүмкіндік туғызады.

3 топ — теледидар  жастарды жақсы  жаққа тәрбиелейді.

Оқушылар:  бір — бірімен ақылдасып, көрініс арқылы ойын жеткізеді.

Мұғалім:   топтарды жетонмен  бағалайды.

Ресурстар:А3, маркерлер, стикерлер.

Сергіту сәті: бейнетаспа арқылы   «қаражорға» билету(3мин)

4 тапсырма: Фонетикалық талдау(математикалық)(5мин)

1  топ — көрермен

2 топ — радиосықақ.

3 топ — теледидар.

Оқушылар: Бірлесіп талдау жасап, дәптерлеріне жазып, кейін флипчартқа жазады.

Мұғалім:Дұрыс жауапқа смайлик береді.

Ресурстар:А3, маркер, оқулық.

5 тапсырма: «Синквейн»   (Жаңалық)  (Жүргізуші) (Жазушы ) (5мин)

Мұғалім: тексереді,стикермен бағалайды.

6 тапсырма: Жарнама дайындау.  Әр топ өз телеарнасын жарнамалайды.(7 мин)

Ресурстар: постерлер, маркер, флипчарт, стикерлер.

Оқушылар: әр топ өз арналарын жарнамалайды. шешендік  өнерлерін танытады.

Мұғалім: оқушыларға бағалатады.

Бағалау: сарапшы  бағасын айтады.(2 мин )

Рефлексия.

Сабақ ұнады ма? Егер ұнаса,  ағашқа қызыл  алма қояды, ұнамаса,  жасыл алма қояды.(2мин)                         

Үйге тапсырма:4 жаттығу.

Қорытындылау:

Сабақты талдау:

                              

                           

 

 

Топ

 

 

 

1

Блум кубигі

2

Жұптық жұмыс

3

 Рөлдік ойын

4

Фонетикалық талдау

5 Синквейн6

Жарнама дайындау

 

Ұпай саны

 

 

 

КТК

 

 

 

Хабар

 

 

 

 

Қазақстан- Атырау