«Менің Отаным-Қазақстан»
Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»
Ұраны: «Екі Отан жоқ,жалғыз Отан-мекенің»
Мақсаты:
Білімділік:
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау,мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық ықыласын молайту,қызығушылығын,белсенділігін арттыру.Оқиғаға сыни көзқараспен қарап,өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу,бойларына «Елім» деген патриоттық сезім ұялату.
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес,жаңа білім беру сабағы.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру сәті
Әнұран орындау.
Психологиялық дайындық.
Кезекшінің мәліметі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтарды сабақтастыра отырып,білімдерін жинақтау.
Ә)Өткенді қайталау.(Дәптермен жұмыс)
Сандық диктант
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2.Қазақстанның астанасы қай қала?
3.Қазақстан қайда орналасқан?
4.Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
5.Туған жеріңіз Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
6.Отан дегеніміз не?
7.22-қыркүйек қандай мереке?
8.Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы қашан берілді?
9.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді?
10.Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?
Өзін-өзі бағалау
3.Сабақтың мақсатын қою
Психологиялық ортаны қалыптастыру
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру үшін қазақ ақыны М.Мақатаевтың өлеңінен үзінді оқумен бастағым келеді.
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
-Бұл өлең не туралы?
-Отан деген не?
-Сіздер қай жерде,қай мемлекетте туып-өстіңдер?
-Қазақстан қайда орналасқан?
-Сонда сіздердің Отандарыңыз қай мемлекет?
Сабақтың мақсатын қою.
Стратегиямен жұмыс.
«Отан» сөзін естігенде нені елестетесіңдер?
Мәтінмен жұмыс.
Жаңа сөздер:
Ұйытқы-основа
өкіл-представитель
есептейді-считают
А)Оқылым
Бейнетаспадан суреттерді тамашалай отырып,мәтінді оқыту,аударту.
Ә)Мәтінге сұрақ қою.
Стратегиямен жұмыс.
«Отан» сөзіне бес шумақ өлең жазу.
Б)Тыңдалым
Дискіден тақырып бойынша мәтін тыңдату.
В)Сұрақтарға жауап беру.
Дәптермен жұмыс.
Мақалдардың жалғасын тауып,жазу.(3-тапсырма)
Отансыз адам ……. .
Туған жерге ……. .
Отанды сүю …….. .
Отанға опасыздық еткенің …….. .
Стратегиямен жұмыс.
«Топтастыру» статегиясы арқылы сөйлемдер құрастырып,жазу.
Қазақстан бес экономикалық аймаққа бөлінеді.
Әр оқушы шығып,экономикалқ аймақтар туралы мәлімет береді.
Стратегиямен жұмыс.
А)«Еркін жазу» стратегиясы бойынша өз елін мадақтап,Қазақстанға жарнама
жасау.
Ә)Бүгінгі сабақ туралы ойын,тілегін білдіріп,кластасына хат жазу.
5.Қорытынды
Сабақты М.Мақатаевтың «Қазақ жері»өлеңімен қорыту.
Бір оқушы өлеңнен үзінді оқиды.
6.Үйге тапсырма
1.«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына эссе жазу.
2.Мәтіннің мазмұнын айту.