«Елді қорғау-тілді қорғау».

 

Тақырыбы: «Елді қорғау-тілді  қорғау».

Сабақтың  мақсаты:1.Елді қорғау тақырыбына  жан-жақты түсінік беріп,мәтіннің  басты  маңыздысын белігілеп,тапсырмалар арқылы  тақырыптың мазмұнын ашу,жаттығулар арқылы сөздік қорын  байыту.

  1. қазақ тіліне тән дыбыстардың дыбыстық құрамының айтылуын, жазылуын практикалық жолмен меңгерту.
  2. Халық педагогикасына мән беру. Тілді сүю, дәріптеу, логикалық ойлау деңгейіне көтеру. Тіл дамыту.

Сабақтың ұраны: Қазақ тілім – ана тілім, ардағым!
қолданылатын көрнекті құралдар: 1. плакат

  1. сабақтың структурасы белгіленген плакат.
  2. мемлекеттік тілді білу — өмір талабы атты (буклет)

Ұйымдастыру кезеңі: (2-3 мин.)

Сабақтың барысы: Әнұранды хормен айтамыз.

  1. Тіл дамыту.
  • Қазір қай сабақ?

Қазір қазақ тілі сабағы.

  • Ұлтың кім?

Менің ұлтым неміс, орыс, қазақ, татар т.б…

  • Жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі.

  • Күз айларын аташы?

Күз айлары: қыркүйек, қазан және қараша.

  • Бүгін қазанның нешесі?

Бүгін қазанның он тоғызы.

Қазақстанда өте үлкен мәні зор кезең болып отыр «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын арттыруға арналған жоспар берілген, міне сондықтан да бізде өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймыз. Қазақтың тарихында «елім» деген ерлер аз болмаған.  Себебі, сендер болашақ еліміздің азаматы мен азаматшаларсыңдар. Елбасымыздың берген жарлығы бойынша 21-ші тамыздан  27-ші қыркүйек аралығы «Тілдер» мерекесі деп жарияланды.Енді үй тапсырмасын тексеріп өтейік.Өткен сабақта тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқығанбыз. Енді үйге берілген екі өлеңді «Қазақ тілі», «Ана тілі» өлеңдерін жатқа  айтамыз.

Қазақ тілі. Авторы С.Өтеулиева.

Қазақ тілім – саяалаған нұр бағын,

Қазақ тілім – ана тілім, ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Өмір сырын ұқтырдың әр адамға,

Дедің тағы: «Шаттан, ойлан, адымда!» —

 

Ана тілі. Авторы Қ.Мырзалиев.

Ана тілің – біліп қой,

Еркіндігің, теңдігін.

Ана тілің – біліп қой,

Мақтанышың, елдігің,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді құрметте!
Жаңа сөздер: (плакатта).

Сабақтың структурасы белгіленген плакат бойынша жұмыс жүргіземіз.

А) жұмбақтар

Б) кім білгіш?

В) жаңылтпаштар

Г) мақал-мәтелдер

Д) кім алғыр?

Е) білім аялдамасы.

Кім білгіш? Ойыны. Бұл сайыс балалардың алғырлығын, тапқырлығын, ойлағыштығын байқау.Қазақ елінің оқымысты,елін, жерін қорғаушылары,білімді азаматтары кімдер?

Ата мекен туған жер —

Кiр-коныңды жуған жер.

Кiндiгiңдi кескен жер,

Кiсi болып өскен жер дегендей,қазақ халқының атақты бір туар аталарымызды білеміз бе екен?

  1. Міржақып Дулатов кім?
  2. Ахмет Байтұрсынов кім?
  3. Мағжан Жұмабаев кім?
  4. Шәкәрім Құдайбергенов кім?
  5. Жүсіпбек Аймауытов кім?

Өткен сабақпен байланыс. Логикалық жіктеу

Жекеше

  1. Мен  оқушымын
  2. Сен оқушысың

Сіз оқушысыз

  1. Ол оқушы

Көпше

  1. Біз оқушымыз
  2. Сендер оқушысыңдар

Сіздер оқушысыздар

  1. Олар оқушылар

.     Тіл тақырыбына  жұмбақтар:

Жұмбақтар:

  1. Әрбір сөзі – асыл,

Әрбір сөзі – маржан.

Атын жырға қосып,

Құрметтейді бар жан.

(кітап).

  1. Тілі жоқ,

Ақыл – кеңес береді. (кітап).

Жаңа сөздер: әрбір сөзі – каждое слово

маржан – коралл

асыл – драгоценность

жырға қосып – в песнях поют

бар жан – все люди

ақыл кеңес – советы

құрметтейді – уважают, ценят, почитают

  1. Дауыстап, мәнерлеп оқимыз
  2. Мағынасына байланысты аударамыз
  3. Кітап деген – книга

Ситуациялық жағдайда келтіріп

  • Мынау кітап
  • Кітап қайда жатыр?
  • Кітап партада жатыр.

Мн.ч. Көптік жалғау.

  • Мыналар кітаптар
  • Кітаптар қайда жатыр?
  • Кітаптар партада жатыр.

Кітап сөзі. Жатыс септігінде жалғауы қалай болады?

Сұрақ қоямыз: неде?

Кітапта.

Мысалы: Барлық білім кітапта.

Кім білгіш? Ойыны. Бұл сайыс балалардың алғырлығын, тапқырлығын, ойлағыштығын байқау.

Тамаша адамдар өмірінен:

    1. Міржақып Дулатов кім?

Ол қоғам қайраткері, ақын, тұңғыш романисі, Торғай облысының (қазіргі Қостанай облысы) Сарықопа деген жерінде туған.

  1. Ахмет Байтұрсынов кім?

Ірі ғалым, қазақ тілі білімінің атасы, турколог, әдебиет зерттеуші, дарынды ақын-аудармашы, талантты педагог. Торғай облысы, Торғай уезінде туған.

  1. Мағжан Жұмабаев кім?

Ол ірі тұлға, ақын, аудармашы.

4 . Шәкәрім Құдайбердиев кім?

Ол Түркестан өлкесіндегі

Ол ғұлама адамдардың бірі. Көптеген поэма, өлеңдер жазған адам.

  1. Жүсіпбек Аймауытов кім?

Ол белгілі ақын, аудармашы, драматург.

В) Жаңылтпаштар.

  1. Ұшқыш жақсыма?

Үш құс жақсыма?

Ұшқық та жақсы.

Үш құс та жақсы.

  • Мәнерлеп дауыстап оқимын.
  • Тіл дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру үшін қайталатып бірнеше рет оқимыз.
  • Аударамыз.

Ұшқыш – летчик

Бұл ұшқыш.

Ұшқыш қайда ұшады?

Ұшқыш әуеде ұшады.

Бұлар ұшқыштар.

Ұшқыштар қайда ұшады?

Ұшқыштар әуеде ұшады.т.б Ақын деп кімді айтамыз?

Г) Мақал – мәтелдер.

Өмір – үлкен мектеп.

Жизнь – самая лучшая школа.

Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.

Жизнь – учитель мудрый.

Д) Кім алғыр? ойыны.

  1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

Қазақ тіліне тән 9 дыбыс бар. Олар: Ә,Ғ,Қ,Ң,Ө,Ұ,Ү,І,Һ;

  1. Қандай ұлттық ойындар білесіңдер?

Ұлттық ойындар: теңге алу, ақсүйек, орамал тастау, асық ойнау, тоғыз құмалақ.

Бір ұлттық ойынды әңгімелеп бер.

Қорытындысы:  Бағалау оқушыларды. (2 мин.)

Үйге тапсырма: (2 мин.). «Елді қорғау-тілді қорғау» эссе жазу