Жай сөйлем түрлерін қайталау.
Қазақ тілі 8 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем түрлерін қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың жай сөйлемнің қасысына қарай бөліну түрлері бойынша алған
білімдерін бекіту, еске түсіру.
Дамытушылығы: Қызығушылығын арттыру, талдау жұмыстарына дағдыландыру,
шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Қамқор бола білуге, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, СТО әдіс – тәсілдері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , үлестірмелі кеспе.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
«Ой шақыру» әдісі
- Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем.
- Ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел сөйлем.
- Бастауыш болмайтын баяндауышы негіз болатын сөйлем.
- Келесі сөйлемдегі ойдың мезгіл, мекенін көрсететін сөйлем.
- Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай бөлінетін сөйлем.
- Ойға қатысты мүшелердің бірі түсіріліп айтылған сөйлем.
- Бастауышы бар, жасырын тұратын сөйлем.
- Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.
- Бір ғана интонациямен айтылып, бір ғана ойды білдіретін сөйлем.
«Мағынаны тану» кезеңі
88 – жаттығу.
Мәтінді оқып , мазмұндау. Жай сөйлемдерді түрлеріне ажырату.
Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін табу, мағынасын ашу. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
«Талдау – табыс кілті»
Берілген сөйлемге сатылай кешенді талдау жүргізу.
Ердің атын еңбек шығарады.
«Болжау стратегиясы»
89 – жаттығу.
- Берілген жыр үзіндісінің мазмұнын жай сөйлем түрлерімен жазып шығу.
- Жазылған үзіндінің мазмұнын әр оқушы өз бетімен ізденіп, өз ойымен аяқтау.
Қорытынды. «Қайталау – оқу анасы»
Сәйкестендіру тест
М ы с а л д а р | жауап | Жай сөйлем түрлері |
1.Ардақ ешқашан мұндай қуанған емес. |
| А) толымды сөйлем |
2.Орынсыз талаптарға көне беруге болмайды. | ә) Жақты сөйлем | |
3.Бұлтты аспан. | Б) Жалаң сөйлем | |
4.Сүрлеуді бойлай алға жүрді. | В) Атаулы сөйлем | |
5.Ол кезде көмірді қауғамен тартатын. | Г) Толымсыз сөйлем | |
6.Көрермендер театрға мезгілінде жиналды. | Ғ) Жақсыз сөйлем | |
7.Ән тыңдалды. | Д) Жайылма сөйлем |
«Топтастыру»
Жай сөйлемнің сөйлем мүшелерінің қатысына қарай түрлері |
әдісі
Жақты сөйлем |
Жақсыз сөйлем |
Толымды сөйлем |
Толымсыз сөйлем |
Атаулы сөйлем |
Жалаң сөйлем |
Жайылма сөйлем |
Үйге тапсырма: Жай сөйлемнің түрлерін қайталау.
91 – жаттығу.
Жай сөйлем түрлеріне мысалдар жазу.
Жай сөйлемдерді қатыстырып мәтін құрау.
Бағалау.