Түсіндірмелі салалас
Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас
Мақсаты:
1.Оқушыларға жаңа ұғым, салалас құрмаластың түсіндірмелі түрін меңгерту.
2.Оқушылардың түйсіну,түсіну,бекіту,практикада қолдану іс-әрекеттерін дамыту және негізгі мәселелерді бөліп ала білуге, ой қорытындысын, байымдау жасау қабілеттерін,ойлауы мен тілін,зейінін дамыту.
- Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, сыйлаcтыққа адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: сызбалар,нұсқаулық сызба,үлестірме тапсырмалар.
Ұйымдастыру әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, оқу,жазу,талдау.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Оқушының пәнге қызығушылығын ояту
Сандық өлең шумақтары
- Үй тапсырмасын сұрау
«Аукцион» оқыта үйрету ойыны арқылы
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не және ол нешеге бөлінеді ?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3.Салалас құрмаластың неше түрі бар?
- Сабақтас құрмалас сөйлемдерді сабақтастан қалай ажыратамыз?
- Аралас сөйлемнің ережесі қандай?
- Және,да,де қай салалас жалғауы?
- Жалғаулықсыз себеп-салдар мәнді сөйлемнің тыныс белгісі?
- Қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары антоним және болымсыз
формада жасалса қар.сал. аражігіне қандай тыныс белгісі қойылады?
- Себебі,өйткені жалғаулық шылаулар қай салаласқа қатысты?
10.Бас болмақ оңай,бастамақ қиын.Қай салалас түріне жатады?
Күнді, тақырыпты жазғызу.
Сызба арқылы оқушыларға түсіндірмелі салаласты түсіндіру.
Дәптерге мысалдар жазғызу.
1.Бұның жақсы ырым: от жағыпсың,шай қайнатыпсың,дастарқан жайыпсың.
(Баяндауышы тиянақты.Мазмұны — анықтау.орын тәртібі арқылы байланысқан.)
2.Ғылымға берілгендігі сондай-қолынан кітабы түспейді, үнемі оқиды да жүреді.
(Алғашқы сөйлемнің баян.сілтеу есімдігі)
3.Мұның түпкі себебі мынау романда ұнамсыз кейіпкер мүлде жоқ.
( интонация ж\е орын тәртібі арқылы байланысқан)
«Менің көршім кім?» ойыны .Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
110-жаттығу.
Тест жұмыстары,112 — жаттығу , үлестірме тапсырмалармен жұмыс.
«Бас қатырғылар базары» оқыта үйрету ойыны.
Жүгіртпелі шығарма.
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.
Қорытындылау.
Сұрақтар және тест жұмысы.
Үй тапсырмасы:112-жаттығу,ережелерді жаттау.
Бағалау.