Сөзжасамнан өткенді қайталау (фонетика, лексика тарауы бойынша)
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау (фонетика,лексика тарауы бойынша)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушылардың алған білімін жүйеге келтіру , сапалылығын тексеру.
дамытушылық: Ойлау дағдысын , тілін дамыту
тәрбиелік:Тіл лазалығын сақтауға баулу, ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап , көрнекілік
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті , математика
Көрнекілігі: кеспе қағаз , киіз үй бөліктері
Технология:Сын тұрғысынан ойлау
Деңгейлеп саралап оқыту
Барысы: Ұйымдастыру
Кел , балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!– деп Ыбырай атамыз айтқандай ,
бүгінгі сабақта біз көңілге қаншалықты білім тоқығанымызды сарапқа саламыз.Олай болса:
Жүйріктен жүйрік озар шабысқанда,
Күштіден күшті озады алысқанда
Білімді шәкірттер де көзге түсер
Саралап білімдерін жарысқанда , — деп сабағымызды бастаймыз.
- Ой шақыру стратегиясы – «Бәйге»
- Біз осы кезге дейін тіл білімнің қандай салаларымен таныстық ?
- Лексика нені зерттейді ?
- Фонетика нені зерттейді?
- Фонема деген не ?
- Сөзжасам түрлерін ата
- Ашық дауыстылар саны – 6 : а-ә,о-ө,-е-ә
- Ұяң дауыссыздар саны – 8 : б,в,г,ғ,д,ж,һ
- Үнді дауыссыздар саны – 7: р,л,й,у,м,н,ң
- Еріндік дауыстылар саны – 5: о,ө,ұ,ү,у
- Қысаң дауыстылар саны – 6 : ы,і,и,у,ұ,ү
2.« Жорға »
Фонетика бөлімі бойынша жазба жұмысы
Математикалық талдау
1-топ
Берілгені: қарбыз
Табу керек : О = +
Шешуі: 6 = 2 + 4
2 = а,ы-жуан
- = а –ашық , ы- қысаң
4 = қ-қатаң
б,з – ұяң
р – үнді
- Лексика тарауы бойынша:
- Синоним деген не ? Мысал келтіріңіз
- Антоним деген не ? Мысал келтіріңіз
- Омоним деген не ? Мысал келтіріңіз
- Сөздердің көп мағыналығы туралы не білесің ? Мысал келтіріңіз
- Фразеологизм деген не ? Мысал келтіріңіз
- Табу деген не ? Мысал келтіріңіз
- Эвфемизм деген не ? Мысал келтіріңіз
- Десфемизм деген не ? Мысал келтіріңіз
- Архаизм деген не? Мысал келтіріңіз
- Диалект , говор туралы не білесің ? Мысал келтіріңіз
- Деңгейлік тапсырма.
1-деңгей.
а) алыс
ә) жылдам сөздерінің синонимдік қатарын түзе
2-деңгей
а) алыс
ә) жылдам сөздерін тұрақты тіркеспен ауыстыр
3-деңгей. Мәтін құрастыр.
- Кеспе қағаздардағы сөздерді орналастыру арқылы қазақтың баспана түрлерін құрастыру
6 қанат ақ отау Жолым үй Итарқа
қабырға шалбар сіріңке қияр үнемі
|
жар сым шырпы бәдірең кіл |
«ауру» «жынды» «картоп» «қуып кетті»
|
- Сөзжасам тарауы
1) Түбір дегеніміз не ? Мысал
2) Қосымша деген не ? Оның неше түрі бар?
3) Түбірлес сөздер деген не ? Мысал
4) Қос сөздің неше түрі бар?
5) Тіркесті сөздер деген не ? Мысал
6) Қысқарған сөздердің жасалу жолдары ?
7) Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары ?
8) Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдары ?
7.«Дода»
Тарау бойынша жазба жұмысы
р/с | Қос сөздер | Біріккен сөздер
|
Қысқарған сөздер | ||
қайталама | қосарлама
| біріккен | кіріккен | ||
Өздік жұмысы. Мына төменде берілген сөздерді топқа бөліп жаз:
Бірте – бірте , қолма –қол , бірқазан , бүгін , биыл , БҰҰ , педколледж , ата –ана, шай –пай, ҚазМУ , АН – 24 , әлдеқашан , еңбеккүн.
Сабақ бойында оқушылар жинаған балл есептеліп , бағаланады.
40-50 балл – «5»
20-40 балл «4»
20-30 балл – « 3 »
Оқушылар өздерін — өзі бағалайды.
Сабақты қорытындылау:
Не нәрсені де істеуге
Икемді тұрған баланы
Ілімді десе болмас па ?
Үйреткенді зердереп
Тоқып алған баланы
Білімді десе болмас па ? – деп сабағымызды аяқтаймыз.