Өзенде
Сабақтың тақырыбы: Өзенде
Мақсаты:
- Жаңа сөздерді меңгерту, өткен сабақтарда грамматикадан алған білімдерін бекіту.
- Оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін түрлі тапсырмалар орындату.
- Өзенді ластамауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,таратпа мәтін қағаздар, карточкалар
Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелету, ойын, таратпа қағаздағы тапсырмалар арқылы өздік жұмыс жасату
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: карточкалармен жұмыс, сөзжұмбақ, ребус шешу
ІІІ Жаңа сабақ бойынша: сабақ жоспарын , мақсатын айту
- Мәтінмен жұмыс:
Тапсырмалар:
1.Сөздікпен жұмыс: жаңа сөздерді сөздікке жаз, оқы, қайтала
2.Мәтінді оқы, аудар , сұраққа жауап бер.
3.Мәтінді бөліктерге бөл , атын қой, әңгімелеп бер.
- «жағажай» сөзін септе, «ластама» етістігін келер шақта жаз
Өзенде
Жаз айының ыстық күндері де келіп жетті. Балалардың рахат табатын мекені тек өзен жағасы. Бір топ бала өзен жағасына демалуға келді. Өзен суы тамаша. Жағажайдың құмы ыстық екен. Айдар балық аулады. Самат тамақ дайындады. Жандос ойнап жүр. Ол өзенге сусынның бос ыдысын тастады. Самат оған: «Өзенді ластама!»-, деп ескерту жасады. Табиғат – алтын бесігің. Оны өрттен , қоқыстан сақтаңдар!
Рахат табатын мекені – где можно с удовольствием отдохнуть, сусынның бос ыдысын — пустую посуду от напитка, ескерту жасады – сделал замечание, алтын бесігің – золотая колыбель, сақтаңдар – берегите
- Дәптермен жұмыс: мақалды жаз
- Табиғат – алтын бесігің.
- Бұлақ көрсең көзін аш
ІҮ Қорытындылау: өзендерді ластамауға, табиғатта демалғандағы тазалықтың пайдасы туралы айту
Ү Үйге тапсырма: сөздік жаттау, мақалдарды жаттау
ҮІ Бағалау