«Тапқыр достар» ойыны

Тақырыбы: «Тапқыр достар» ойыны

Мақсаты: 1. Оқушылардың алған білім және білік дағдыларын анықтау. Оқуға деген қызығушылығытарын арттыру. 2.Оқушыларды жолдастыққа, бірлікке және тапқырлыққа тәрбиелеу. 3.Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен тапқырлық қасиеттерін шыңдау.

Сабақтың көрнекілігі: ойын барысына қажетті материал.

Сабақтың әдістері: көрнекілік, ойын, сұрақ–жауап.

Сабақтың түрі: Ойын

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: І Психологиялық дайындық.

Оқушыларды топқа бөлу. Нақты жауап беруге және ұйымшылдыққа шақыру.

ІІ. Кіріспе кезеңі.

«Қазақстан – 2030» тақтада жазылуы тұр. Бұл не үшін деп ойлайсыңдар? (оқушылардың жауабы)

«Қазақстан – 2030» деп аталған Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың бағдарламасы бұл күнде ұшса құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.

Сұрақ:-Балалар, сендер 2030 жылы неше жаста боласыздар?

Ендеше, сендер болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып отырсыңдар.

Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

«Тапқыр достар» сайсымызды бастаймыз.

 

І тур. «Біліміңді шыңда»

ІІ тур. «Қас – қағым сәтте»

ІІІ тур. «Мақал сөздің мәйегі»

ІҮ тур. «Ізденіс – жеміс кепілі»

Ү тур. «Ой түйіндеу»

ҮІ тур. Жеңімпазды анықтау.

 

І тур. «Біліміңді шыңда» әр топқа сауат ашу пәнінен 3 сұрақтан қойылады.

1 топ.

Дауысты дыбыстардың бірнешеуін ата?  (а, ә, і, ы, у)

Қай дыбыс сөздің алғашқы әрпі бола алмайды? (ң)

«Оқушы» сөзіне кім? не? сұрағының қайсысы қойылады?

 

2 топ.

Жаттаған бір өлеңді жатқа айтып беріңдер?

Дауыссыз дыбыстардың бірнешеуін атаңдар?

Тон, ішік деген не?

 

3 топ.

Көбелек сөзін буынға бөліңіздер?

Қай дыбыс бірде дауыс, бірде дауыссыз болып өзгере алады?

«Оқушы» сөзінің көпше түрі қалай?

 

ІІ тур. «Қас – қағым сәтте»  әр топ 1 минутта 8 сұраққа жауап берілуі қажет. Жауап  аталған әріптен басталуы шарт.

 

1 топ А әрпінен бастау.

  1. ҚР астанасы? Астана
  2. Қадірлі жан. Ана
  3. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
  4. Оқулықтың аты? Ана тілі
  5. Ер адам және мұғалім Ағай
  6. Алфавиттің бірінші әрпі? А
  7. Жылқы, басқаша атауы Ат
  8. Қаланың аты. Астана, Алматы, Ақтөбе, Алға.

 

2 топ Қ әрпінен бастау.

  1. Біздің ұлтымыз Қазақ
  2. Үлкен кісі, ата Қарт
  3. Мемлекеттік тіл Қазақ
  4. Сүттен алынған тағам? Қаймақ
  5. Жылқының сүті? Қымыз
  6. Музыкалық аспап Қобыз
  7. Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан
  8. Мына әріптен басталатын сөз Қ

 

3 топ  Ж әрпінен бастау.

  1. Далада арқан жатыр, оны қолыңа алсаң шағып алады. Ол не? Жылан
  2. Күзде не сарғаяды? Жапырақ
  3. Ағаш неліктен қозғалады? Жел
  4. Ат, басқаша атауы Жылқы
  5. Не жауса жер суланады? Жаңбыр
  6. Қыз баланың есімі
  7. Қаланың аты Жамбыл, Жезқазған
  8. Жыл мезгілі Жа

 

ІІІ тур. «Мақал сөздің мәйегі»  әр топ үйден дайындап келген мақал – мәтелдерін айтады.

 

ІҮ тур. «Ізденіс – жеміс кепілі» әр топ 1 минутта сөзтудырым жасайды.

1 топ – кемпірқосақ.

2 топ – алтыбақан.

3 топ – саңырауқұлақ.

 

Ү тур. «Ой түйіндеу»

 

а/ «Ұйқасын тап»

Кеше ойнап секіріп, Қанат алды … / екілік/

Өзі жиі дүлдүл, бұл құстың аты … /бұлбұл/

Суға қармақ салып, ұстап алдым … /балық/

 

ә/ Қорытындылау.

— Балалар, бүгін сендер ой ұшқырлықтарыңды көрсеттіңдер. Ұшқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттеріңді бойларыңда қалыптастырсаңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсесіңдер.

 

б/ Әділ қазыларға сөз беру.

 

в/  Жеңімпаздарды құттықтау.

 

г/ Ойынды туған жер өлеңімен аяқтау.

 

Қазақстан

 

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, қуанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

дей келе балалар, сіздерге тек сәттілік, бақыт және Қазақстанымыз өркендей берсін. Ата – ана сенімін ақтаңыздар.