Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың лексикадан алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін прак-тикамен ұштастыру.
- Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
- Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: «Бақытты сәт» ойыны.
Сабақтың әдісі: модульдік оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: 1. «Бақытты сәт» ойыны туралы мұғалімнің сөзі.
І гейм. «Бой сергіту»
ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
ІІІ гейм. «Жұмбақтас»
ІV гейм. «Сен — маған, мен — саған»
V гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
- Ойынның жүру барысы: Сынып үш командаға бөлінеді. Әр команданың өз капитаны және атауы болады.
І гейм. «Бой сергіту». Әр командаға 7 сұрақтан беріледі.
І топқа қойылатын сұрақтар:
- «Термин» қай тілдің сөзі?
- Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады?
- Сөз мағынасын не зерттейді?
- «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз.
- Қолданылған дәуірі өтіп, заманның өзімен бірге көнерген ескі тарихи атаулар ?
- Боқмұрын сөзін сыпайы сөзге айналдыр
- «Ерінбесең емерсің» тақырыбы не?
ІІ топқа қойылатын сұрақтар:
- Ана тілімізге қалам, ғылым, Отан, мұғалім сөздері қай тілден енген?
- Ғылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген жаңа сөзді не дейміз?
- «Лексика» сөзі қай тілден енген?
- «Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не?
- Бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
- Бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуын не дейміз?
- Белгілі бір кәсіпке байланысты сөздер не деп аталады?
ІІІ топқа қойылатын сұрақтар:
- Сөздің бастапқы мағынасы не?
- Сым, жылқыауыз, көпшік сөздері қандай сөздер?
- Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
- Ғылымның, техниканың, спорттың белгілі бір салаларына жататын сөз не деп аталады??
- Күнделікті өмірде қолданылатын қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
- «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не?
- Сөздің мағыналарын ата.
ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
І топтың тапсырмасы:
- Жас қайыңда жапырақ
Күзде тоңса қалтырап,
Десең қуат, әл алсын,
Жылуын бер жаныңның,
Өйткені, сен адамсың.
Өлеңнен синоним сөздерді табу, тағы қандай синонимдер бар екенін а 2.Абайдың қырда көне тұр қыстауы,
Ішінен байқалады тұрмыс-халі.
Көтеріп Хан тағын көк сағымменен
Алыста еңкейеді Шыңғыс тауы.
(«Жидебайдағы Абай үйі»)
Өлеңдегі көнерген сөздің түрін анықтау.
ІІ топтың тапсырмасы:
- Енесіне түскен ажал құрығы,
Жетім лақтың жетті аяныш шырылы.
Жай оғынан жан анасы мерт болған
Кісінейді қулық бие құлыны.
(«Еңлік-Кебек зиратында»)
Өлеңдегі эвфемизмді табу.
- Шегіп шымқай өрнекті
Ертеңгілік, кеште де,
Сыйғызасың жер-көкті
Шәйі-жібек кестені.
(«Кестеші қыз»)
Өлеңнен антоним сөздерді табу.
ІІІ топтың тапсырмасы:
- Күміс шашып ойнайды күн кірпігі,
Ақшоқының қызу еңбек күн-түні.
Бұлақтардың жорға жүріс бүлкілі,
Абай айтқан масатыдай қыр түгі.
(«Ақшоқыға беттегенде»)
Өлеңдегі көнерген сөзді тауып, қай түріне жататынын анықтау.
- Теңізде ойнап көрмесең,
Теңізді сырттан жырлама.
Өлеңге от боп енбесең,
Өзгенің отын ұрлама!
(«Еске алу»)
Өлеңнен дисфемизмді табу.
ІІІ гейм. «Жұмбақтас»
Суретпен жұмыс. Суретте қандай тұрақты тіркестер жасырылғанын тауып, мағынасын ашу
ІV гейм. «Сен – маған, мен — саған»
Семантикалық картамен жұмыс
І топ
сөздер | Бастапқы мағынасы | Ауыспалы мағынасы |
Бет | Адамның беті | |
Терең | Терең сезім | |
Ашық | ||
Өткір | ||
Шерту | ||
Бас |
ІІ топ
Көнерген сөздер | Неологизмдер |
Уәзір,сәукеле,садақ,жебе, т.б. | Ғарыш, ұшақ,зымырат |
ІІІ топ
сөздер | Кірме сөздер | Диалект сөздер | Кәсіби сөздер | Термин сөздер |
Жәшік | ||||
Сым | ||||
Таға | ||||
Глобус | ||||
Телефон | ||||
Етікші | ||||
Бәдірен | ||||
V гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
33-жаттығу.
Шығармашылық жұмыс
«Тіл туралы» ойтолғау.
Үйге тапсырма: 34-жаттығу
Бағалау
Кезеңдер
| І гейм «Бой сергіту» | ІІ гейм «Сандықшадан шыққан бас қатырғылар» | ІІІ гейм «Жұмбақтас» | ІV гейм «Сен — маған, мен — саған» | V гейм «Көсемдікке ұмтылу» |
Топтар | |||||
І топ | |||||
ІІ топ | |||||
ІІІ топ | |||||
Қорытынды |