Қазақ тілінен 5 сынып оқушыларының жылдық білімдерін тексеру тапсырмалары
Қазақ тілінен 5 сынып оқушыларының жылдық білімдерін тексеру тапсырмалары
1-тапсырма
- Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап бер.
Әдепті балалар
Біздің елімізде ақылды, әдепті балалар өте көп. Үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда, олар шуламайды. Үлкен кісілер әңгімелескенде, сөзге араласпайды. Автобуста, трамвайда, троллейбуста үлкендерге орын береді.
а) Біздің елімізде қандай балалар көп?
ә) Олар не істейді?
б) Қайда үлкендерге орын береді?
- Өзің туралы айт.
Менің атым — ….. . Фамилиям — ….. . Мен …. жастамын. Туған жерім — …. .
- Фонетикалық талдау жаса.
ақылды, а-қыл-ды
2-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Менің бөлмем.
Мына бөлме менікі. Бөлмеде зат көп. Бөлменің ортасында үстел және орындықтар бар. Оң жақта диван және екі кресло тұр. Еденде кілем жатыр. Үстелде менің оқулықтарым, дәптерлерім, қаламдарым жатыр. Менің бөлмем әр уақытта да таза.
а) Мына бөлме кімдікі?
ә) Бөлменің ортасында нелер бар?
б) Үстелде нелер жатыр?
- Отбасың туралы айт.
Менің отбасымда …. адам бар. Олар: …, …., …, … . Біздің отбасымыз …. .
- Мына сөзді септе.
а. с әке қалам
і. с
б. с
т. с
ж. с
ш. с
к. С
3-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Отбасындағы дәстүрлер.
Біздің отбасымыз тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді бірге қарсы алу. Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.
а) Біздің отбасымыз қандай?
ә) отбасымызда қандай дәстүрлер көп?
б) Біз неге көмектесеміз?
2.Омоним деген не? Мысалды түсіндір.
Адамның басы, таудың басы, бұлақтың басы, ойынның басы.
- Мына сөзді тәуелде.
Менің бала … Біздің бала….
Сенің бала… Сендердің бала…
Сіздің бала… Сіздердің бала…
Оның бала… Олардың бала…
4 – тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Біздің үй
Біздің үй Әбілқайыр көшесінде орналасқан. Біздің үй үлкен, биік және жарық. Үйде бес бөлме бар. Қонақ бөлмесінде үлкен кілем жатыр. Бөлмелердің едендері қоңыр бояумен сырланған. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Көршілеріміз жақсы.
а) Біздің үй қайда орналасқан?
ә) Үйде неше бөлме бар?
б) Терезеде не ілулі тұр?
- Антоним деген не? Мына сөздердің антонимдерін айт.
Ақ -; суық -; жақсы-; биік-;
- Мына сөзге фонетикалық талдау жаса.
Отбасымызда, от- ба-сы-мыз-да
5-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Біздің мектеп
Бүгін күн жылы. Аспан ашық. Біздің мектептің алды таза. Сынып терезелерінің алдында ағаштар өсіп тұр. Мектеп алаңында балалар футбол ойнап жүр, қыздар оларға қарап тұр. Біздің мектептің ауласы үлкен. Біздің үй мектептен алыс емес.
а) Бүгін күн қандай?
ә) Сынып терезелерінің алдында не тұр?
б) Біздің мектептің ауласы қандай?
- Синоним деген не? Мысал келтір: …. ….. …..
3.Мына сөзді жікте.
Мен оқушы…. Біз оқушы….
Сен оқушы…. Сендер оқушы….
Сіз оқушы…. Сіздер оқушы….
Ол оқушы… Олар оқушы….
6-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Біздің мұғалім.
Біздің мұғалім — өте жақсы адам. Ол мейірімді. Бізге қазақ тілі сабағын жақсы түсіндіреді. Сабақтары маған ұнайды. Ол бізге көп көңіл бөледі. Жақсы бала болуға үйретеді, тәрбиелейді.
а) Біздің мұғалім қандай адам?
ә) Сабақтары кімге ұнайды?
б) Жақсы бала болуға не істейді?
- Көптік жалғауын атап бер, мсысал келтір.
- Мына сөздерді септе.
а.с ата іні
і.с
б.с
б.с
ж.с
ш.с
к.с
7-тапсырма
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Күз
Күн жексенбі еді. Балалар мұғаліммен бірге серуенге шықты. Ауа райы салқындады. Олар көлдің қасына келді. Көлдің жағасындағы жапырақтардың басы сарғайған. Балалар табиғатпен танысты. Дала, көл, тау, өзен — бәрін көрді. Серуенге шыққан балалар үйлеріне көңілді қайтты.
а) Балалар кіммен серуенге шықты?
ә) Балалар не істеді?
б) Нені көрді?
- Зат есім деген не? Сұрақтарын ата.
- Мына сөзді тәуелде.
Менің әке … Біздің әке….
Сенің әке… Сендердің әке…
Сіздің әке… Сіздердің әке…
Оның әке… Олардың әке…
8-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Алматы қаласы
Алматы – Қазақстандағы сұлу, әсем қала. Алматыда Ұлттық Ғылым академиясы, университеттер, институттар, колледждер, гимназиялар, мектептер, балабақшалар, театрлар, кинотеатрлар, филармония бар.
Қалада көп қабатты үйлер, мұражайлар, мәдениет сарайлары, әмбебап дүкендер көп. Қаланың көшелері түзу және кең. Көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар жүріп жатыр.
а) Алматы қандай қала?
ә) Қалада нелер көп?
б) көшелерде нелер жүріп жатыр.
2.Сөз тіркесі деген не? Мына сөздермен сөз тіркесін жаса.
Бала, мектеп, қара, дала, аспан.
- Мына сөздерге көптік жалғауын жалға. –лар/-лер; -дар/-дер; -тар/-тер;
Қағаз, көл, үй, бала, кітап, түс;
9-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Біздің Отанымыз.
Біздің еліміз – бай әрі қуатты ел. Мұнда барлық халық еркін өмір сүреді. Әркім қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті. Біздің еліміздің балалары бақытты. Қазақстан — әлемдегі ең ірі астықты мемлекеттердің бірі. Қазақстанның әдемі жерлері көп.
а) Біздің еліміз қандай?
ә) Әркім не істеуге ерікті?
б) Қазақстанда не көп?
- Сын есім деген не? Мына сөздерден сын есім жаса.
Қыс, жаз, қала, ұлт, орман, ақыл.
- Көп нүктенің орнына керекті әріпті қой.
Отан – с…нің ата-…наң,
Отан – д…сың, баур…ң.
Отан — өл…ең, астана….
Отан – ау…ан, ауыл…ң.
10-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Абай.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы туған. Абай жасынан ынталы, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді тез жаттап алатын. Абай 10 жасқа келгенде, әкесі оны Семей қаласындағы медресеге оқуға береді. Абай қазақ халқын мәдениетке, білімге, орыс халқымен дос болуға шақырды.
а) Қазақ халқының ұлы ақыны кім?
ә) Ол нені тез жаттап алатын?
б) Абай қазақ халқын неге шақырды?
- Есімдік деген не? Түрлерін ата.
- Жаңылтпаштарды жатқа айт.
Қапыда ит қапты, Қатты қапты, Қапты қатты.
Біл, бұл- піл, Бұл – бір ірі піл. Көп ешкі көк шөпті жейді, Көк шөпті көп ешкі жейді.
11-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Мамандықтар
Әр түрлі мамандықтар бар. Олар: дәрігер, мұғалім, наубайшы, жүргізуші, егінші, шаштараз, кітапханашы, сатушы, аспаз және тағы басқалар. Мамандықтың барлығы адамға керек. Әр мамандықтың өз ерекшелігі болады. Дәрігер адамдарды емдейді. Мұғалім балаларды оқытады. Наубайшы нан пісіреді. Жүргізуші машина жүргізеді. Барлық мамандықтар жақсы, қызықты. Әр адам өзіне ұнаған мамандықты таңдап алады.
а) Мамандықтардың түрлерін ата?
ә) Мамандықтың барлығы адамға керек пе?
б) Барлық мамандықтар қандай?
2.Етістік деген не? Сұрақтарын ата, мысал келтір.
- Мына сөзді жікте.
Мен тұр…. Біз тұр….
Сен тұр…. Сендер тұр….
Сіз тұр…. Сіздер тұр….
Ол тұр…. Олар тұр…
12-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Нан дастарқанға қалай келеді?
Диқандар көктемде жер жыртып, егін егеді. Егін жақсы шығу үшін жәндіктерден қорғайды. Содан кейін күзде піскен егінді комбайнмен жинайды. Машинамен элеваторға тасиды, себебі элеваторда астық жақсы сақталады. Элеваторда бидайдан ұн тартылады. Нан дастарқанға дейін көп еңбекпен келеді. Сондықтан нанды қастерлеу керек.
а) Диқандар көктемде не істейді?
ә) Егінді неден қорғайды?
б) Нан дастарқанға қалай келеді?
- Етістіктің шақтарын ата. Мысал келтір.
- Мына мақалды жатқа айт.
Еңбектің наны – тәтті,
Жалқаудың жаны – тәтті.
Ас атасы – нан.
Нан – қасиетті тағам.
Нанды қастерле!
13-тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Уақыт алтыннан қымбат.
Уақыттың алтыннан қымбат екенін әр уақытта білуің керек. Уақытыңды босқа өткізбе. Пайда әкелетін істі дұрыс ойластыр. Уақытты қадірлей білу үшін мынадай кеңестерді ұғып ал: өзіңнің кітаптарыңды, дәптерлеріңді белгіленген тәртіпте жинақтап ұста. Ертеңге керек заттарыңды кешке таман әзірлеп қой. Сабаққа кешікпе. Есіңде сақта! Егер өз уақытыңды үнемдей білсең, мақсатыңа жетесің.
а) Әр уақытта нені білу керек?
ә) нені дұрыс ойластыр?
б) Нені кешке әзірлеп қою керек?
- Үстеу деген не? Мына үстеулерді аудар.
Кеше, қазір, жоғары, төмен, тез, артқа, жаман.
- Мына сөйлемді аяқта.
Күн …. . Құстар … …. . Қар…. . Шөп … .
14— тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Көктемгі еңбек
Дарқан дүкеннен тез келді. Далада кенет жел соқты. Алтай жай жүріп келеді. Ол үнемі жұмыс істейді. Омар ауызша өтініш айтты. Алмас — өте тәртіпті бала.
а) Дарқан қайдан келді?
ә) Ол үнемі не істейді?
б) Алмас қандай бала?
- Сан есім деген не? Төмендегі сандарды айт.
11, 121, 35, 40, 1165, 2012, 8512;
- Мақал-мәтелдерді жатқа айт.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбек адамның көркі, адам – заманның көркі.
Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
15– тапсырма
- Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Сәрсенбі
Бүгін – сәрсенбі. Сәрсенбі – сәтті күн, сондықтан көп жұмыс жоспарладым. Таңертең ерте тұрып, сабаққа барамын. Содан соң кітапханадан кітап аламын. Түстен кейін қазақ тілінің үйірмесіне барамын. Осы жұмыстардың бәрін бүгін істеуім керек. Бейсенбіде басқа жұмыстар бар. Әр жұмысты өз уақытында істеу керек. Сонда уақыт үнемделеді.
а) Сәрсенбі қандай күн?
ә) Түстен кейін қайда барамын?
б) Әр жұмысты қалай істеу керек?
- Сұраулық шылауларды атап шық. Мына сөздерден соң шылауларды қой.
Мынау не? Көз …? Құлақ …? ауыз …? Сен оқушысың …
- Көп нүктенің орына керекті сөздерді қой.
Адамның дене мүшелеріне: …., …., …., …., …, …. . Адам баспен … , көзбен … , құлақпен …., аяқпен …., қолмен ….. .