1001 мақал, 101 жұмбақ
Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ
Мақсаты: Оқушылардың мақал-мәтел арқылы сөздік қорын байыту, дүниетанымын кеңейтіп, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білуге және астарлы сөйлеуге тәрбиелеу. Жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жазылған плакат, буклеттер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме , құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайсына қош келдіңіздер. Мақал- мәтелдер халық қазынасы деп ата- бабамыз бекре айтпаған. Қазақ халқы ежелден мақал- мәтел, қанатты сөздерге үйір болған. Көмейі бүлкілдеген кейбір жез таңдай шешендердің ұшқыр сөздері кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған. Жаңа заман, жаңа тұрмыс жаңаша мақал мәтелдер туғызады. Ойыйнды бастау үшін ортаға мақал- мәтел айтып жарысатын ойынжыларды шақырамыз. Ойынды бастамас бұрын өздеріңіздің ұнататын мақалдарды айтып берсеңіздер.
- Ер бір өледі, қорқақ мың өледі.
- Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
- Бейнетің қатты болса, татақаның тәттәі болар.
- Ердің атын еңбек шығарар.
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
- Наурыз айы- түске дейін мүйіз ,түстен кейін кейіз.
- Білім қымбат білу қиын
- Ел іші алтын бесік
- Қыстың қамын жаз ойла
- Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер
Осымен 1- кезеңнің 1 бөлімін бітті, қорытындылайтын болсақ, ең аз ұпай жинаған мақалшы шығады. Ал біз қалған 2 ойыншымен ойынды әрі қарай жалғастырамыз.
Мақал мәтел айтысында жеңімпаз атанған ойыншымызбен ақырғы айналымға дейін қоштасамыз. Ойынынымыздың 2 кезеңі бойынша көрермендер көрімдігі. Бұл кезеңнің шарты былай, мен бір сөз айтсам соны қатыстырып 5 мақал құрайсыздар.
«Туған жер туралы»
Туған жердің күні де ыстық , түні де ыстық
Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті
«Отан туралы»
Отансыз адам ормансыз бұлбұл
Отан оттан да ыстық
Халықтың орт ақ үйі – отан
Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.
3- кезең . жұмбақ жарыс. Ортаға жұмбақ жарысының 3 ойыншысын шақырамыз. Таныстыру. Бұл айналымның шарты мен сіздерге жұмбақ жасырамын ал сіздер жұмбақтың жауабын табуларыңыз керек. Мұндада аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады. Бұл айналымның шарты түсінікті болса, ойынға көшейік.
1.Қате жазып жаңылсаң
Тазалайды ол барын сап. ( өшіргіш)
2.Жазу жазып жалықпаған,
Жазған сайын арықтаған (бор)
3.Итке ұқсаған ізін- ай
Оны қалай десек те
Ал бір жері қызық -ай
Ұқсап- ақ тұр есекке ( қоян)
4.Киім киген инеден
Қоқып ешкіп тимеген (кірпі)
5.Дәміде жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ ( су)
Ойынды қортылындайтын болсақ . Ойыншының ұпайын айту. Ұпайы аз жұмбақшымызбен қоштасамыз.Енді келесі айналымға өтсе,қалған екі ойыншы бір –бірімен бес-бестен жұмбақ айтып жарысады.Ең көп ұпай жинаған оқушы жұмбақшы жеңімпаз атанады.Тағы да келе келесі кезекті көрермендерге береміз.
1.Көзге ілінбейді
Жұтсаң білінбейді. ауа
2.Жансыз өзі жүрмейді,
Жанды оны сүймейді. арба
3.Иесі оның сәби
Әрі төсек , әрі үй ( бесік)
- Торы тай,
- Табанында төрт ай ( таға)
- Тиіп кетсе ән салған,
- Даусына ел тамсанған. (домбыра)
- Аспанда бір ана бар,
- Маңы толған балалар. (жұлдыз)
Міне осымен соңғы кезкң «Ақырғы айналымға» да келіп жеттік. Мақалшымыз бен жұмбақшымызды ду қол шапалақпен ортаға шақырайық. «ақырғы айналымның» шартымен таныс болсақ мен жұмбақшыға жұмбақ жасырамын. Ол жауабын тапса, оған мақалшымыз мақал құрайды. Түсінікті болса бастайық.
Жұмбақ. Таптым, таптым ьтап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға (түйе)
Мақал. Түйені таныған жапырақ
Жұмбақ. Тау басында қара орман,
Жыл озған сайын ағарған (шаш)
Мақал. Шаш ал десе , бас алар
Жұмбақ. Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ал
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та тұрар ол ( пышақ)
Мақал. Ұста пышаққа жарымас.
Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады. ( Ұтылған ойыншыға сыйлық беріліп, қошеметпен шығарып салу) Бұл соңғы айналымның шарты. Жеңімпазға бір әңгіменің негізгі бөлімі айтылады, ойыншы әңгіменің жалғасын табу керек.. Сайысқа қатысу, қатыспау ойыншының өз еркінде
Қожанасыр айтыпты:
Бір күні түнде у- шудан кеткен Қожанасыр біреулердің үйдегі заттарын арбаға тиеп жатқанын көреді. Қалған заттарын Қожанасыр өзі жиыстырып, арбаға сала бастайды. Бұған таң қалған ұрылар:
Ау-Қожеке , бұныңыз не?- депті. Сондағы Қожанасардың жауабы:
Ау біз көшіп жатқан жоқпыз ба?