2014 жылғы жинақ бойынша қиын сұрақтар
2014 жылғы жинақ бойынша қиын сұрақтар
1-нұсқа
- Ә. Қашаубаев кім?
- Антонимді тап: бір суып, бір ысып.
- Синонимді аудар: шапшаң, лезде, тез.
- 2,5 санын сөзбен жаз
- «Қуанышы қойнына сыймады» фразеологизмді аудар, септік жалғауын анықта.
- Тұйық буынның анықтамасы
- Буын үндестігінің анықтамасы
- «қазақ ешқашан өз бетімен біреумен соғтығыспаған, ол тек жаудан қорғанған» сөйлемі қандай сөйлемнің түріне жатады?
- Жекіру одағайларын жаз.
- Үндестік заңына сай жазылған сөзді белгіле: ауылге, көшеда, кітапті, математикаден, кітапты, математикадан, үйлар, балалер, мектепде, үйке.
- Сілтеу есімдіктерін жаз
- Келер шақтағы етістікті тап: көштік, көшіп жүр, көшіп келді, көшеміз, көшіп кетіпті.
- Елтаңбаның жоғарғы жағында не орналасқан?
- «бұлақтың көзі» тіркесі қандай мағыналы сөз?
- «Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер» мақалындағы барлық сөздер қандай дыбыстан басталған?
- Ыңғайлас салаластың жалғаулықтарын жаз.
2014 жылғы жинақ бойынша қиын сұрақтар
2-нұсқа
- Сөз тудырушы жұрнақтың анықтамасын жаз.
- «Егеменді еліміздің жарқын болашағына сенемін». Қатыстық сын есімді тап
- Қазақ дәстүрінде қонақтың сыйлы орны?
- Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- «киелі» сөзінің синонимі?
- Дыбыс үндестігіне ұшырайтын қатаң дауыссыз дыбыстар?
- Жинақтық сан есім қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
- Етістіктің өткен шағы қалай жасалады?
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай аталады?
- «Апырай Жарайсың, тура тигіздің ғой» одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
- «Қорқақ өзінің көлеңкесінен қорқады» сөйлеміндегі өздік есімдігі қандай сөйлем мүшесі?
- Қазақта ұлдың баласын қалай атайды?
- «күздік, астық» сөздерін сөз құрамына талда, бұл сөздер қандай түбір болып саналады?
- 1-жақтағы етістікті тап: жүр, орындау, айтты, келгенде, тазаладым.
- «Мойынқұм шөлі – алтыға, мұнайға, газға бай» — бірыңғай сөйлем мүшелері қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
- Жақсыз сөйлемді анықта: Барлығы клубқа жиналды. Сабаққа барлығы келді. Үй тапсырмасы орындалды. Ағамның келмеуі де мүмкін. Алтыншы сыныпта оқитын.