Алтын адам туралы аңыз
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тілекова Назгүл Ақатқызы
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Сабақтың тақырыбы: Алтын адам туралы аңыз
Сабақтың мақсаты:
Мәтін мазмұнын түсініп оқу, тарихи шындыққа қысқаша шолу жасауға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтіндегі кейіпкерлер заманын түсінуге жағдай туғызу, оқушының қызығушылығын арттыру арқылы оқиғаны әрі қарай ізденіп оқуға жағдай туғызу,
Жүйелі іс- әрекет нәтижесі: зерттей оқу арқылы өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызу.
Тұлғалық нәтиже: оқуға құмарлықтарын арттыру, жазуға, басқаның ойына құрметпен қарауға , жанындағы адамдарды таңдай білуге үйрету.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: «Симантикалық карта» стратегиясы, топтастыру, жек жұмыс, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Алтын адам туралы деректер, энциклопедиялық анықтамалық,тақта, плакат, маркерер, т.б
Сабақтың барысы:
- Қызығушылықты ояту:
— Балалар, «алтын» , «күміс» адам болады дегенге сендер қалай қарайсыңдар.
Оқушылар пікірлерін «келісемін. келіспеймін» кестесіне жазады.
Келісемін | Келіспеймін |
- Мағынаны тану:
Автормен, тақырыппен таныстыру.
Қысқаша мәлімет әр топқа жеке тапсырылады. Мәтінді оқи отырып кестені толтырады.
Алтын Адам – Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.
Алтын Адамның табылған жері | |
Алтын Адамды тапқан археолог | |
Қай жылы тапты? | |
Әшекейлерде ненін суреттері бейнеленген? | |
Неше мың әшекейлер бейнелеген? |
Мәтінді тізбектей, дауыстып, түсініп, зерттей оқу оқушыларға тапсырылады.
Картадағы мәселелерге жауап іздеу.
Сергіту сәті: (Төле бидің нақыл сөзін айтады)
Оқушылардың алдына «Семантикалық карта» парақшасы үлестіріліп беріледі.
Кейіпкерлер | Олардың мекені | Олардың ел үшін қызметі | Авторға сұрақ |
1. | |||
2. | |||
3. |
Оқушылардың жұмыстары талданып, тиісті бағалары қойылады.
- Ойтолғау
Оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтар бойынша жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы орындау.
Хрестоматиядағы мәтіннің жалғасын оқу жұмысы жүргізіледі. Себебі балаларды оқиғаның қалай аяқталғаны қызықтырмауы мүмкін емес. Бұл мәіндегі басты мәселеге жауап береді.
Қортынды
«келісемін. келіспеймін» кестесіне қайта ораламыз.
— Сонымен, сақтар көсемі болған баланың Алтын Адам деп аталуына қалай қарайсыңдар? — деп, Алтын Адам туралы деректермен қызықты материалдарды жария етуге немесе ол туралы дереккөзін іздеуді тапсырамын
Үйге тапсырма
Мәтінді қайтара оқып, мамұндау. «Алтын Адамның» шағын кітапша жасап келу, эссе
Бағалау, мадақтау.