Мақал-мәтелдердегі антонимдер қолданысы
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдердегі антонимдер қолданысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сөз мағыналарынан алған білімді пысықтау, қарама-қарсы мәндегі сөздерді салыстыру.
Тәрбиелігі: сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын байытуға, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелесу, жаттығулар орындау, сөздікпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал-мәтелдер, сызба, деңгейлік тапсырмалар, синонимдік және түсіндірме сөздіктер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сынып көрінісін шолу.
- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бақылау.
Кіріспе сөз: Балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын, ең алдымен, тарихтан, шежіреден қозғайын.
Ертеде лексика атты елде Омоним, Синоним, Антоним атты ағайынды үш жігіт өмір сүріпті. Әкесі бір күні үшеуін шақырып алып, «Дүниеде не тәтті?» деп сұрапты. Үшеуі әбден ойланыпты.
Омоним айтыпты: Түс
Синоним айтыпты: Шекер, қант тәтті.
Антоним жауап бермепті.
Әкесі: «Халықтан сұрасаңдар біледі. Елден сұраңдар» депті.
Содан үшеуі ел аралап кетіпті. Көп уақыттар өтіпті. Антоним үйіне қайтып келіпті де, Омоним, Синоним алыста тұрақталып қалыпты деседі.
Ал, балалар, бұл аңыз. Ал шындығында дүниеде не тәтті?
Дүниеде ең тәтті адамзат үшін ананың сүті екен. Зейнолла Қабдоловтың ана туралы мына сөзі дәл, анық айтылған.
«Күн нұры, таң самалы, гүл иісі… Осының бәрі сені тапқан анаңның қасиетінен таралған, мейірімімен жаралған. Рахат екен ғой! Тіршіліктің бар қызығы ананың саған деген дымы қалмай, діңкесі құрып қараған көз шарасына сыйып, сонда ғана тұрады екен ғой!»
Ананың құдіреттілігі мен биіктігін, адамзат үшін асыл екендігін, сезімнің тереңі де тек сол үшін екендігін бұдан бұрын артық жеткізу мүмкін емес сияқты. Ендеше, балалар, бүгінгі ашық сабағымызға белсенді қатысып, «5» деген баға алып аналарымызды қуантайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Лексика қай тілден шыққан?
1) грек 2) латын 3) орыс
2.Омоним болатын сөзді тап.
1) қаз 2) теңіз 3) бала
3.Синонимді тап.
1) көз,бақ 2) әдемі, көркем 3) кіші,ертең
4.Антонимді тап.
1) қара, білім 2) оңай-қиын 3) бүгін, кеш
5.Көп мағыналы сөзді тап
1) Мая-мая 2) ата-баба 3) бас, көз
- Антоним деген не?
1) Айтылуы әр түрлі, мағыналары жақын сөздер.
2) Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер.
3) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
Жауабы: 1 1 2 2 3 3
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мына сөзжұмбаққа қарасақ, өткен сабақтың тақырыбы шығады.
- Баланың панасы а н а
- Ас атасы н а н
- Өткен өміріміз т а р и х
- Ортақ үйіміз о т а н
- Ана жағынан туысқан н а ғ а ш ы
- Жеті қазынаның бірі и т
- Көптің түбі м е р е к е
Антоним дегеніміз не?
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың жыл мезгілдеріне шығарылған өлеңдерінен антонимдерді табайық.
Жазғытұры
Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Жаз
Жоғары – төмен үйрек, қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап…
Күз
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
Балалар, бұл өлең жолдарында кездескен антонимдер, ал бүгінгі сабағымызда «Сөздің көркі – мақал» демекші, мақал-мәтелдердегі антонимдерді тауып талдаймыз. Төменде жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Баланың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
Бекіту.
«Кім жылдам табады?» ойыны.
Берілген мақал-мәтелдерден сыңарын және антонимдерін тауып, дәптерге жазу.
- Ең тәтті де тіл,
….Ең ащы да тіл…………………………………………
- Жіптің ұзыны,
….Сөздің қысқасы жақсы………………………………………..
- Жаман сөз – жанға кірген тікен,
….Жақсы сөз – таптырмайтын ем………………………………………..
- Көп сөз – күміс
….Аз сөз – алтын…………………………………………
Жұмбақты шешу.
- Бұл жұмбақ төрт сөзден құралған. Оның біріншісі – сарай сөзінің синонимі, екіншісі – астында сөзінің антонимі, үшіншісі – ірі сөзінің антонимі, төртінші сөз – тау жынысты қатты заттың аты. (Үй үстінде ұсақ тас. Жұлдыз)
- Бірінші сөзі – көп сөзінің антонимі, екінші сөзі – сөйлемнің ең кішкене бөлшегі, үшінші сөзі – қымбат металл аты болып келетін мақал. (Аз сөз – алтын)
Деңгейлік тапсырмалар.
- Қос жазба күнделік. (4 оқушы)
Мақал-мәтел | Мағынасы |
1. Ащы мен тұщыны татқан білер, Жақын мен алысты жортқан білер. 2. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады. 3. Жаман сөз – жанға кірген тікен, Жақсы сөз – таптырмайтын ем. 4. Жақсы адам тауып айтады, Жаман адам итше қауіп айтады
|
- Естеріңе түсіре ғой. (3 оқушы)
«Ақылдан жақын дос жоқ,
Ашудан жаман қас жоқ», − деген мақал бойынша:
- Жақын, жаман, жоқ сөздерінің антонимін табу;
- Қас сөзінің омонимін табу, мысалмен келтіру;
- Ашу, қас сөздерінің синонимін табу.
- Жағдаят. (жалпы)
- – Есік алдындағы қалың түскен қарды арырақ күреп тастайық. Күн жылынса, былғаныш болар, – деді тәрбиеші ағай.
Осынша қалың қарды қалай күреп бітіреміз, – деп күбірлесті балалар алғашында. Жабылып келіп кірісіп еді, қалай біткенін өздері де байқамай қалды. Тәрбиеші тұрып осы орайда бір мақал айтты. Ол не деген мақал? (көз – қорқақ, қол – батыр)
- Мақалдың мағынасына сай жағдаят табу.
- Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
- Кіші баланың ұятын үлкен бала көтереді.
- Мақал-мәтел айтысы.
1-бала. Ассалаумағалейкум! «Алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» демекші, қалыңыз қалай?
2-бала. «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді, келіңіз, қонақ болып кетіңіз! «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.
1-бала. Ойбай-ау, «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».
2-бала. «Досыңның асын қасыңдай іш» деген, алыңыз.
1-бала. Ой, рақмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам!».
Алла риза болсын!
Сабақты қорыту: Семантикалық карта.
Мысалдар | Зат есім | Сын есім | Етіс- тік | Үс- теу |
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады. | + | |||
Көп сөз – күміс, Аз сөз – алтын | + | |||
Ашу – дұшпан, Ақыл – дос | + | |||
Жалқаулық аздырады, Еңбек оздырады | + | |||
Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы | + |
Ойды жинақтау мақсатында антонимдердің негізгі белгілерін (ерекшеліктері) анықтау.
Антонимдер
Білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Антоним сөздерді қолдану арқылы ертегі құрастыру