Ежелгі қалалар
Тақырыбы: Ежелгі қалалар
Мақсаты: Көне қалалар туралы білімдерін кеңейту, өз бетінше ізденіп оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.
Көрнекілік: бейнеролик, афоризмдер
Әдістер: іздендіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, топтық жұмыс
Сабақ барысы.
- Ұйымд.кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар
- Қызығушылық ояту.
А)кілтті сөздер: ежелгі, ұстазы, Әл-Фараби, ғимарат.
- Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау.
Ұраны: Адам мақсатына, ең алдымен, өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Ал, балалар, бүгін біз Көне Отырар туралы ақпарат аламыз.
Ал, қалай ойлайсыңдар, не себепті Отырарды тарихи , ежелгі қала деп санайды?
Жауаптар:Отырар тағдыры- халқымыздың тағдыры, тарихы.
Иә, ол -біздің тарихымыз
Неге біз тарихымызды білуіміз керек?
М. Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін, мәдениетін білмейтін адам толық мәнді интеллигент бола алмайды»
Өзін-өзі білген ер-бақытты,
Өзін-өзі билеген ел- бақытты.
Ал онда біз өткен күнімізге көз жүгіртейік.
- Сөздік: басы бүтін қалған құрылыс, білімпаз, қолөнерімен айналысқан, көрікті қала,саяси, мәдени, ғимарат, адам тағдырын болжайтын көріпкел.
- Мәтінді Инсерт стратегиясы арқылы түсініп оқу. (топтық жұмыс)
- Бейнеролик. «Арыстанбаб»
- «Шын немесе жалған» ойыны.
Отырар халқы қолөнерімен айналысқан.
Отырарда Арыстанбаб ғимараты бар.
Бұл қала Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан.
Арыстанбаб- Әл Фарабидің ұсатзы.
Отырарда Ахмет Байтұрсынов туған.
Қазір бұл қалада әдемі ғимраттар көп.
Ахмет Иасауи кесенесі Отырар қаласында салынған.
Отырарда мешіт, монша, медресе болған.
- Деңгейлік тапсырмалар:
- Мәтіннен күрделі зат есiмдерді теріп жаз.
- Сұрақтар құрастыру
- Сөздердің синонимдерін тап..
- Дәлелде: «Қазақстан жері, қазақ елі өте керемет» ұғымды дәлелде.
Қай топта дәлел көп болса, сол үздік болады.
- Болжам жаса: Егер Отырар қазір болса, болашағы қандай болар еді?
- Үйге тапсырма: Рафт ПОПС
Екі жұлдыз, бір тілек.